Заттардың жіктелуі
Жаратылыстану
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Заттар және материалдар
Тақырып:
Заттардың жіктелуі
08.11.2023
0
4
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды |
Тілдік мақсаттар: | Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау |
Күтілетін нәтиже: | Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау |
Бағалау критерийлері: |
Қышқыл ортаны біледі

Сілтілік ортаны біледі

Бейтарап ортаны біледі

Құндылықтарды дарыту: | Сын тұрғысынан ойлау |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | химия, биология |
Бастапқы білім: | органикалық және бейорганикалық заттар |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топ ережесін еске түсіру. Топтастыру. Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Стикерлер арқылы топқа бірігу Стикерлер Үй тапсырмасы: алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында, word wall платформасында «Сәйкестендіру» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Дағды: оқушыда жылдам шешім қабылдау және ақпараттық технологияларды қолдану дағдысы қалыптасады. Тақырыпты ашу. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Үй тапсырмасы: «Сәйкестендіру» ойыны. (Жеке жұмыс) Дескриптор: -Органикалық заттарды біледі; -Бейорганикалық заттарды біледі; -Органикалық және бейорганикалық заттарды ажырата алады; https://wordwall.net/ru/resource/38728653 | https://wordwall.net/ru/resource/38728653 |
Сабақтың ортасы |

Сабақ тақырыбы презентация арқылы түсіндіріледі. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. «DEAL» әдісі Дағды: оқушылардың оқылым, жазылым,практикалық дағдылары қалыптасады. ЕББҚ бар оқушы тобының көмегімен практикалық жұмысты орындайды. Мақсат: Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды Оқушылар өздеріңе берілген реактивтерді қолдана отырып,тәжірибе орындайды.Берілген кестені дәптерлеріңе толтырады. 1-тәжірибе. Лимон шырынының ортасын анықтау. 1. Бір тілім лимонды стақанға сығып, шырынын алады. 2. Әмбебап индикатор жолағын лимон шырынына салады. 3. Индикатор қандай түске боялды? 4. Қорытынды жасайды. Лимон шырыны қандай ортаға жатады? 2-тәжірибе. Сабын ерітіндісінің ортасын анықтау. 1. Ұсақ үккішпен кірсабынды үгіп, ыстық су құйылған стақанға салады. 2. Ерітінді болғанша жақсылап араластырады. 3. Алынған ерітіндіге жолақты салады. 4. Әмбебап индикатор қандай түске боялды? 5. Шәкіл бойынша сабын ерітіндісі қандай ортаға жататындығын анықтайды. 3-тәжірибе. Газды судың ортасын анықтау. 1. Стақанға газдалған су құйяды. 2. Индикаторды стақанға салып, газды су қандай ортаға жататындығын анықтайды. 4-тәжірибе. Тұзды ерітіндінің ортасын анықтау. 1. Стақанға тұзды ерітіндіні құяды. 2. Әмбебап индикаторды ерітіндіге салады. 3. Индикатордың түсі өзгерді ме? Неліктен? Тұзды ерітінді қандай ортаға жатады?

2-тапсырма: Жеке жұмыс ЕББҚ бар оқушы қосымша берілген сөздерді пайдалана отырып,сөйлемдерді толықтырады. Мақсат: Тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі Сөйлемдерді толықтыр. Ерітінділері қышқыл болатын заттардың дәмі …………………болады. Ерітінділері сілтілі болатын заттардың дәмі ………………. болады. Ерітінділері бейтарап болатын заттар ……………………болады. -тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап заттарды ажыратады Презентация

Сабақтың соңы |
3-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәнмәтін ұсынамын: Айнұр далада ойнап жүрген кезінде оны құмырсқа шағып алады. Ол бірден үйіне келіп,анасына құмырсқа шаққан жерін көрсетеді.Сол кезде анасы шаққан жеріне мүсәтір спиртін жағады. Айнұр қолының басылғанын байқайды. Дағды: оқушылардың оқылым, жазылым алған білімдерін өмірде қолдана алатын яғни сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасады. ЕББҚ бар оқушы мәтінді және сұрақты оқи отырып, жұбының көмегімен тапсырманы орындайды «Миға шабуыл» әдісі Мәтінді мұқят оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.Неліктен құмырсқа шаққан жер ашиды? 2.Анасы не себепті Айнұрдың қолына мүсәтір спиртін жақты? 3. Құмырсқа шаққан кездегі pH орта қандай болды? 4. Мүсәтір спиртін жаққаннан кейін pH орта қандай болды? | |
Рефлексия |
«Instagram» әдісі Оқушылар padlet платфопмасын пайдаланып, cабақ бойынша кері байланыс береді. Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сабақ мақсаттарына қол жеткізе алдыңба? Бағалау динамикасында неше бал қоржыныңа салдың? |
Пікірлер(0)