Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?

Қасенова Гүлжайна
Қасенова Гүлжайна
NIS HBN QYZYLORDA
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
10-сынып
Бөлім:
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда
Тақырып:

Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?

29.02.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): О3. Көркем шығармаларды оқу. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау.
Сабақтың мақсаты: Барлығы: Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Көбісі: Шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтайды. Кейбіреуі: Мәселенің оқырманға әсерін бағалайды.
Тілдік мақсаттар: Оқылым жұмысында сөздерді орынды қолдану, сөздерді дұрыс байланыстыру, тілдік, грамматикалық қателерді болдырмауға тырысу.
Күтілетін нәтиже: Прозалық шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалай алады.
Бағалау критерийлері: Прозалық шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалай алады.
Құндылықтарды дарыту: Еңбек, жауапкершілік, өмір бойы оқу.
АКТ-ны қолдану дағдылары:
https://learningapps

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер пәні
Бастапқы білім: Сауда, экономикалық қарым-қатынастар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Оқушыларды топқа бөлу 1-топ. Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей. 2-топ. Күле алмаған адам дүкен ашпасын. 3минут 3.Қызығушылықты ояту кезеңі. Балық және қармақ Ми және ғаламтор деген тақырып ұсынылады. Осы бойынша қандай ой келді.? Көз алдарыңа не елестеді? Осы екі зат бойынша өнім жасап , ұсыныңыздар.

Оқылым алды тапсырмасы. Сөздікпен жұмыс.(берілген сөздердің мағынасын ашады)

Тіленші , Жөні,  Еп-есті , Ескі-құсқы , Кірісу

Сабақтың ортасы

Оқылым тапсырмасы: Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» деген әңгімесі оқуға беріледі. «Астын сызып оқу» стратегиясы. Автордың ойы қызыл сиямен, мәселесі сары сиямен белгіленеді. Кейіпкерлердің бойындағы үлгілі әрекеттерді көк сиямен іріктейді.

«PRES» тәсілі

1. Антонның әрекеттері арқылы автор қандай идеяны ұсынып отыр?

2. Шүберек жинап байыған кейіпкердің әрекеті арқылы қандай астарлы ойды ұсынып отыр?

Позиция. Екі сұрақтың бірін таңдап, «Менің ойымша, ... » немесе «Мен ... деп санаймын» Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланады. Өз пікірінің пайда болу себебін түсіндіреді.

Мысал келтіру: ойын «мысалы...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер мен фактілер мен дәлелдемелер келтіреді.

Қорытынды: өз пікірін «Сонымен (сондықтан, сөйтіп), маған ұнағаны ...» немесе «Менің көңілімнен шықпағаны.. . « деп сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қорытындыға келеді.

Дескрипторлар:

Автор ойы мен мәселеге қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.

Өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымының неге негізделетінін 2 сөйлеммен түсіндіреді.

Шығармадан өз көзқарасын қолдайтын 2 дәлел келтіреді.

Өз пікірін 2 көркемдегіш құралмен жинақтап, қорытындыға келеді.

Сабақтың соңы

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

 Адамдардың жетістікке жетуі үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?

Рефлексия

Рефлексия

 Мен үшін қызықты болғаны

 Мен үшін қиын болғаны

 Мен үшін жеңіл болғаны

Пікірлер(0)