Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 10.2.1.1 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару; 10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Оқушы білуі тиіс… - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын трапеция ауданы бойынша қорытып шығару; - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде орын ауыстыру модулін анықтау; -бірқалыпты үдемелі қозғалыс графигін саралап,соның көмегімен қозғалыстың орын ауыстыру және жылдамдық теңдеулерін қорыту |
Тілдік мақсаттар: | Терминологияны түсіну: Оқушылар теңүдемелі қозғалысқа қатысты негізгі терминдер мен ұғымдарды меңгеруі керек. Формулаларды қолдану: Оқушылар формулаларды нақты жағдайларда дұрыс пайдаланып, есептер шығара алуы тиіс. Сұрақтарға жауап беру: Оқушылар теңүдемелі қозғалыс туралы сұрақтарға нақты және дәлелді жауап бере алуы керек. Түсіндіру дағдылары: Оқушылар өз ойларын және түсініктерін басқаларға түсінікті етіп жеткізе алуы тиіс. |
Күтілетін нәтиже: | Негізгі ұғымдарды меңгеру: Оқушылар теңүдемелі қозғалыс, жылдамдық, орын ауыстыру және үдеу сияқты негізгі терминдерді түсініп, оларды дұрыс қолдана алады. Формулаларды дұрыс қолдану: Оқушылар берілген мәліметтер негізінде орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу формулаларын тиімді пайдаланып, есептерді шеше алады. Есептер шығару: Оқушылар теңүдемелі қозғалысқа қатысты әртүрлі есептерді (мысалы, орын ауыстыру, уақыт, жылдамдық) шығара отырып, физикалық құбылыстарды түсінуді дамытады. Байланыс орнату: Оқушылар жылдамдық, орын ауыстыру және үдеу арасындағы байланысты түсініп, оларды графиктер мен диаграммалар арқылы көрсету қабілетін жетілдіреді. Талдау және бағалау: Оқушылар нақты өмірдегі мысалдар (мысалы, автокөліктің қозғалысы) арқылы теңүдемелі қозғалыс концепцияларын талдай алады. Түсіндіру дағдылары: Оқушылар алған білімдерін басқа оқушыларға немесе аудиторияға түсінікті етіп жеткізу қабілетін дамытуы тиіс. |
Бағалау критерийлері: | - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі көмегімен орын ауыстыру формуласын трапеция ауданы бойынша қорытып шығара алады; - бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде орын ауыстыру модулін анықтай алады; - бірқалыпты үдемелі қозғалыс графигін саралап,соның көмегімен қозғалыстың орын ауыстыру және жылдамдық теңдеулерін қорыта біледі. - Сауатты түрде графиктен физикалық шамалар арасындағы функционалдық тәуелділігін: • орын ауыстыру- уақыт • абсолют жылдамдық - уақыт • жылдамдық- уақыт –қа таба алады. |
Құндылықтарды дарыту: | 1.Тұжырымдамалар мен қорытындыларды экспериментальды дәлелдеуді қарастыратын зерттеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту; 2. Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті; |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Мультимедиялық ресурстарды пайдалану: Оқушылар теңүдемелі қозғалыс тақырыбы бойынша видео, анимациялар және интерактивті симуляцияларды пайдалана отырып, материалды тереңірек түсінеді. Интерактивті платформалар: Оқушылар арнайы платформа (мысалы, GeoGebra, PhET) арқылы формулаларды визуализациялау, графиктер салу және есептер шығару мүмкіндіктерін қолданады. Онлайн ресурстар мен құралдар: Оқушылар интернет-ресурстардан (мысалы, YouTube, Khan Academy) дәрістер мен практикалық тапсырмаларды іздеп, өз бетінше оқуға дағдыланады. Электронды оқулықтар мен презентациялар: Оқушылар PowerPoint немесе басқа бағдарламалар арқылы өз презентацияларын жасап, теңүдемелі қозғалыс туралы ақпаратты визуалды түрде жеткізеді. |
Пәнаралық байланыс: | Физика: Кинематика физиканың негізі болып табылады, сондықтан оқушылар қозғалыстың заңдарын, күштер мен қозғалыс арасындағы байланысты түсінеді. Математика: Оқушылар теңдеулер, графиктер, пропорцияларды, векторларды және функцияларды пайдалану арқылы математикалық дағдыларын дамытады. Формулаларды шешу барысында алгебралық операцияларды қолдану қажет. Биология: Жылдамдық пен орын ауыстыруды зерттеу кезінде организмдер (мысалы, жануарлардың қозғалысы) қозғалыс заңдарын қолдану арқылы биологиялық процесстермен байланыс орнатады. |
Бастапқы білім: | Негізгі терминдер: Кинематика: Дененің қозғалысын, оның жылдамдығы мен орын ауыстыруын зерттейтін физиканың бөлігі. Теңүдемелі қозғалыс: Дененің қозғалысы, оның жылдамдығы уақыт бойынша тұрақты үдеу арқылы өзгеріп отырады. Орын ауыстыру (S): Оқушылар орын ауыстырудың физикалық мәнін, бастапқы және соңғы орын арасындағы қашықтықты қалай анықтау керектігін түсінуі тиіс. Жылдамдық (v): Жылдамдықтың анықтамасы мен формуласы ( 𝑣 = 𝑆 𝑡 v= t S ) туралы білім. Жылдамдықтың векторлық шама екенін түсіну. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (4 мин) | Ұйымдастыру кезеңі: 1.1.Амандасу . Психологиялық тренинг «Сыйлық сыйлау» • 1 графиктің қозғалыс түрін анықтаңыз • 2 графиктің қозғалыс түрін анықтаңыз • 3 графиктің қозғалыс түрін анықтаңыз Денелердің қозғалыс жылдамдықтарын анықтаңыздар. | https://youtu.be/CoGy3pV1gEY?si=MyTt7hKgmPSZPh9A |
Сабақтың ортасы (35 мин) | 1. жылдамдықтың уақытқа сәйкес. а) дененің қозғалыс үдеуін анықтайды; б) дененің орын ауыстыруын анықтайды; в ) қозғалыс түрін анықтайды; г) осы дененің орын ауыстыру графигін салады? 2.Анықтаңыз... А) дененің қозғалыс түрін, Б) әрбір қозғалыс бөлігінің үдеуін анықтаңыз ; В) жолдың барлық бөлігіндегі орташа жылдамдығын; Г) дененің орын ауыстыруын анықтаңыз. | https://youtu.be/G2MYSnPiDhs?si=v_iwlO_u8Kn-h_uB |
Сабақтың соңы (5 мин) | Сабаққа керібайланыс береді . Үй тапсырмасы Есептер шығару | |
Рефлексия (1 мин) | Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет |
Пікірлер(0)