Тақырып 2. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс

Аманғазықызы Мөлдір
Аманғазықызы Мөлдір
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:

Тақырып 2. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс

01.11.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған.
Сабақтың мақсаты: Ғылыми мәтіндердің жанрына тоқталу, оқу-ғылыми жұмыстар жанрының түрлерін ажырата білу, ақпараттың жіктелуі бойынша (құрылымы мен пішіні тұрғысынан, атқаратын қызметі тұрғысынан, дереккөз тұрғысынан, т.б.) мәлімет ұсыну және ақпаратты дұрыс қолдана білу тәжірибесімен бөлісу.
Тілдік мақсаттар: білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыру; сөздік қорын молайту; жазылым дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: ғылыми мәтіндердің жанрын анықтай алады; оқу-ғылыми жұмыстар жанрының түрлерін ажырата біледі; ақпараттың түрлерін анықтап, ақпаратты дұрыс қолдана біледі.
Бағалау критерийлері: Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.
Құндылықтарды дарыту: Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

((2 мин))

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

((35 мин))

Тақырып 2. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс. Жоспар: 1. Ғылыми мәтіндердің жанры. 2. Ақпараттың жіктелуі. https://youtu.be/fby3cX0Ogqw?si=g0fHXrCtt4Xpn2Ft

Сабақтың соңы

((2 мин))

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Ғылыми мәтіндердің жанры олардың мазмұны мен құрылымына қалай әсер етеді? 2. Ғылыми монография мен ғылыми мақала арасындағы негізгі айырмашылықтар қандай? 3. Ғылыми мақаланың құрылымы мен мазмұнына қойылатын негізгі талаптар қандай? 4. Оқу құралы мен оқулықтың негізгі айырмашылығы неде? 5. Оқу-ғылыми жұмыстардың қандай түрлері бар және олардың мақсаты не? 6. Курстық жұмыс пен дипломдық немесе бітіру жұмыстарының ерекшеліктері қандай? 7. Реферат жазуда қойылатын талаптарды атаңыз. 8. Мәтінмен тиімді жұмыс істеу үшін қандай критерийлерге назар аудару қажет? 9. Ақпарат қандай критерийлерге сәйкес жіктеледі және олардың маңызы қандай? 10. Ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты ақпарат легін тиімді басқару үшін қандай әдістер қолданылады? Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді.

Рефлексия

((1 мин))

Үй тапсырмасы. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс.

Файлдар:

Файлды ару Тақырып 2. Ғылыми жұмыс түрлері. Ақпаратпен жұмыс
Файлды ару №2 бейнедәріске сілтеме

Пікірлер(0)