1822-1824 жылдардағы патша реформалары
Қазақстан тарихы
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Отарлау жəне ұлт-азаттық күрес
Тақырып:
1822-1824 жылдардағы патша реформалары
26.12.2019
743
12
максаты | 1822-1824 жж жарғылар нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіну |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
1822-1824 жж патша реформасы (40 минут) |
жазбаша, кестемен жұмыс |
Қосымша ақпарат
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. «Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды. «Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып , олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады. Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан БОЛЫС (10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны АУЫЛ (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары: -Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. -Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. -Хандық билікті жойды. Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді: Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:
Файлдар:
Файлды ару
1822-1824 жылдардағы патша реформалары
Пікірлер(0)