Зат есім
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
з-сынып
Бөлім:
Өнер
Тақырып:
Зат есім
26.12.2019
335
2
Зат есім | <p>1) сөйлемнен зат есімдерді анықтайды, жалпы және жалқы есімдерді ажыратады.</p><p> 2) мұғалімнің көмегімен берілген мәтіндердің стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) ажыратады. </p><p> 3) мәтін түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды. </p> |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Кіріспе бөлімі (5 мин) |
Ширату «Білімділер аралына саяхат» Оқушылар шеңберге тұрады да, саяхатқа өздерімен бірге алып шығатын заттарды атайды. Заттың аты есімінің бірінші әріпі болуы керек. Ә.Қастеев галереясына саяхат. Топқа бөлу 1-топ: Амангелді сарбаздары 2-топ: Түркісіб 3-топ: Ш.Уалиханов портреті 4-топ: Абай Құнанбаев портреті Топ ережесі Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сөйлемнен зат есімдерді анықтап, жалпы және жалқы есімдерді ажыратамыз және мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табатын боламыз. | |
Сабақтың негізгі бөлігі (30 мин) |
(С) Диалог және қолдау Ә.Қастеев галереясы бойынша әңгімеле және сұраққа жауап бер. - Балалар, бұл суреттерді кім салған? - Бұл суреттерді Әбілхан Қастеев салған. - Суреттеден кімдердің бейнесін көріп тұрмыз? - Абай атамыздың, Ш.Уалихановтың, Амангелді сарбаздарының бейнесін көріп тұрмыз. - Осы бейнеленген суреттерден зат есімдерді таба аламыз ба? - Иә, Абай, Шоқан, Амангелді, Түркісіб - Зат есімнің қай түріне жатады? - Жалқы есімдер. Сонымен бүгін біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Зат есім» . Жекеше түрде Кім? Не?, ал көпше түрде Кімдер? Нелер? деген сұрақтар қойылады. Дескриптор - Ә.Қастеев галереясы бойынша әңгімелейді. - Сұрақтарға жауап береді. ҚБ мұғалімнің мадақтауы «Жарайсың!», «Керемет», «Тамаша». (Т. С) Дереккөз Оқулықпен жұмыс. 1-топ: Мәтінді оқу, стилін және жанрын анықтау. Оқиға картасын зат есімдерді қолданып құрастыру. 2-топ: Өлеңді оқу, стилін және жанрын анықтау. «Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді теріп жаз, қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін айт. 3-топ: Интернет дереккөз арқылы Сүйінбай, Амангелді туралы шағын ақпарат табу. Ақпараттан жалпы және жалқы есімдерді тауып, стилін ажырат. 4-топ: Энциклопедиядан Ә.Қастеев туралы ғылыми деректер іздейді, стилін ажыратады. Жалпы және жалқы есімдерді табады. Дескриптор -Мәтіндерді оқиды. -Мәтіндердің стилін/жанрын ажыратады. -Түрлі стильдегі мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. -Мәтіннен зат есімдерді теріп жазады. -Жалпы және жалқы есімдерді ажыратады. Сергіту сәті «Әуенді қалпақ» Сыныпта музыка қосылып тұрады. Балалар топ бойынша бастарындағы қалпақтарын ауыстырып билейді. Әуен тоқтаған кезде кімнің басында қалпақ қалса, сол кісі зат есімді үш тілде айтады. Келесі адам сол зат есімнің соңғы әрпінен басталатын зат есім айтады. (Ұ) Венн диаграммасы Мәтін стильдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды. Көркем мәтін Ғылыми-танымдық мәтін ҚБ «Білім баспалдағы» Оқушы тақтада ілінген білім баспалдағына тапсырманы қалай меңгергенін көрсетеді. (Ө) Дәптермен жұмыс 10-жаттығу.Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Зат есімдерді тауып, олардың үстіне үлгі бойынша белгілеп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді.Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады. Мүсін әртүрлі тәсілмен жасалады. Мүсіннің бедерін ажыратуда жұмсақ сазбалшық пайдаланылады. Қатты затты кертіп*те бедер* жасауға болады. ҚБ «Үлкен-кіші жұлдызша». Оқушылар жұпта бірін – бірі бағалайды. - Тапсырма толық, қатесіз орындалса үлкен жұлдызша, - тапсырмада қателіктер кетсе кішкентай жұлдызша беріледі. Дәптермен жұмыс Тапсырма бойынша саралау А) Берілген қима қағаздардың ішінен жалқы, жалпы, жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді теріп жаз. В) Жекеше, көпше түрдегі зат есімнің бірін таңдап бес жолды өлең құрастыр. 1 жолы – зат есім 2 жолы – етістік 3 жолы – сын есім 4 жолы – соған қатысты сөйлем 5 жолы бірінші жолдағы сөзге синоним С) Жалқы, жалпы, жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді қатыстырып мәтін құрастыр. Дескриптор - қима қағаздардың ішінен жалпы және жалқы зат есімдерді теріп жазады; - зат есім таңдап бес жолды өлең құрастырады; - зат есімдерді қатыстырып мәтін құрастырады. ҚБ «Білезік» Үш түсті білезік арқылы оқушылар тапсырманы қандай деңгейде орындағанын бағалайды. Тапсырма толық қатесіз орындалса жасыл білезік, қателіктер орын алса сары білезік, көптеген қате жіберсе қызыл білезікті қолдарына кигізеді. (Ө) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Бағалау критерийі • Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді (түрін/жанрын) салыстырады Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма Берілген мәтіндерді оқы және салыстыр. Кестені толтыр. Сұрақтар 1-мәтін 2-мәтін Бұл мәтіннің қай стиліне жатады? Мәтін қай жанрда жазылған? • Олардың қандай ұқсастығы бар. Дескриптор - мәтіндердің стилін ажыратады; - мәтіндердің жанрын анықтайды; - мәтіндердің ұқсастығын сипаттайды. | Бейнетаспа https://imektep.kz/kz/zhalpi-esim-zhane-zhalki-esim |
Сабақтың соңы (5 мин) |
Қорытынды. «Серпілген доп» әдісі арқылы сабақты қорытындылау -Зат есім дегеніміз не? - Қандай стиль түрлерін білесіңдер? -Жалқы есімге мысал келтір -Жалпы есім деп нені атаймыз? - Ауыз әдебиетнің жанрларын ата. Рефлексия. «Жетістік ағашы» Жасыл түс – бүгінгі сабақта мәтіндердің стилін ажырата білдім және зат есім туралы түсінігімді толықтырдым. Сары түс - бүгінгі сабақты меңгердім, бірақ қолдануға қорқамын. Қызыл түс - түсінбеген тұстарым болды. |
Пікірлер(0)