Ғажайып фабрика
Жаратылыстану
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Мен – зерттеушімін Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
Тақырып:
Ғажайып фабрика
26.12.2019
75
0
Ғажайып фабрика | • Ғылыми жаңалықтар мен олардың адам өміріне әсері туралы әңгімелей алады |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Басы |
Ұйымдастыру. Терең ғылым сананың Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз Ғылымға кіріспе сабағын. Психологиялық ахуал. Оқушылар бір - біріне сабаққа сәттілік тілейді. (Ұ, МК) «Ойлан тап!» айдары. Мақсаты: суреттер арқылы оқушының сыни ойлауын дамыта отырып, сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушыларға Ежелгі дүние заттары мен қазіргі заманғы қолданыстағы заттар көрсетіледі. -Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Не байқадыңдар? Бұл суреттерден қандай айырмашылықтарды байқадыңар? /Оқушылар алдымен ежелгі дүние заттарын, содан соң, қазіргі заман заттарын атап, олардың қолданыс аясын анықтайды/. - Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? /Оқушылар өз болжамдарын айтады/. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. | |
Ортаңғы |
Ой қозғау Оқушылармен ғылыми жаңалықтар жайлы әңгімелесу. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, «Ғылыми жаңалық» деп нені айтамыз? -Қандай ғылыми жаңалықтарды білесіңдер? -Оларды адамдар не үшін жасайды? (Т) Топтық жұмыс Оқушыларға суреттер тартылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, среттегі заттарды кім ойлап тапқан, оның қандай пайдасы бар екенін анықтайды. Әр топ өз ойымен бөліседі Ұ, Т) Бейнежазба. Ғылыми жаңалықтар /оқушылардың ойын тыңдап, толықтыру/ Жұптық жұмыс. Оқушылар ойталқыға түседі «Робототехника саласы күн сайын жетіліп жатыр, бұл сала елімізде қаншалықты маңызды?» «Елші» стратегиясы көмегімен ой-пікірлерімен басқа жұптармен бөліседі. . Сұрақтарға жауап беріңіздер. Сізше , ғылыми жаңалықтардың қай саласы өмірде пайдалы? Ғылыми жаңалықтар қоғамның дамуына әсері бар ма? Қандай атақты ғалымдарды білесіз? (Т, Ұ) Шығармашылық жұмыс Мақсаты: Оқушылардың ғылыми жаңалықтарды ашуға құлшыныстарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. /Оқушыларға А 4 форматындағы парақтар беріледі. Оқушылар өз идеяларын қосып, жаңа заттың суретін салып, оның адам үшін пайдасын айтып әңгімелейді./ | |
Сабақтың соңы |
(Ө)Рефлексия: Бүгін сабақта мен ...жетістікке жеттім. Мен үшін ..... .. қиын болды. «Блоб ағашындағы» өз орнын табу |
Файлдар:
Файлды ару
Ғажайып фабрика
Пікірлер(0)