Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Сагинова Жадра Есенбаевна
Сагинова Жадра Есенбаевна
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Нұрлы-көш орта мектебі
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Ынтымақты отбасы
Тақырып:

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

26.12.2019
118
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мақсаты
Мақсаты:оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті: - оқушыларды қарым – қатынас мәдениеті туралы білім бере отырып, әдептілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым – қатынасқа үйрету арқылы сыпайылық қасиетіне баулу.

- оқушыларды сыйластыққа, адамгершілікке, сүүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Ұйымдастыру

(40-минут)

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

1.Жағымды күйге ену «Төрт құбылыс» тренингі Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.

Қосымша ақпарат

Дөңгелек Ертегі

Ертеде бір үйшік астында қораз, бақа, ара, кірпі тұрыпты. Күндердің бір күнінде орман жануарлары жиналып, орманға барып гүлдер, жеміс-жидектер жинауға шығады екен. Келе жатып орман жануарлары жол бойынан сынған арбаны көреді. Арба қасында тұрған кояннан арбаның иесі кім екенін сұрайды. Оған қоян: – Ол бұрындары аюдың қолға алған жұмыстарының бірі еді, сәтсіз болғаннан тастап кеткен еді, - деді. Орман жануарлары сынған арбаны еңбек құралы ретінде қолдану үшін үйшігіне апаруға шешім қабылдайды. Арбаны бері тартады, ары тартады бірақ орнынан қозғай алмаған жануарлар, бір-бір дөңгелектен алуды шешеді. Бұл істі көрген қоян, олардың үстінен күле жүреді. Орта дөңгелекті кірпі үйшікке қарай дөңгелете жөнелді. Одан кішірегін – бақа, ең кішкентайын – ара, ал ең үлкенін – қораз дөңгелете түсті. Ең кішкене дөңгелектен ара өзіне жіп тоқуға арналған ұршық жасады. Ал, ортаңғы дөңгелектен – кірпі, зат және егістікте көмектесетін шағын арба жасады. Одан кішірек дөңгелектен бақа құдықтан су алуға ыңғайлы тұтқа жасады. Ең үлкен дөңгелектен қораз су диірменін жасады. Ол диірмендеқораз ұн өңдеді. Дөңгелектер арқылы орман жануарларының істері тезірек жүзеге аса түсті. Күндердің бір күнінде бұл істерін көрген қоян, орман жануарларының үстінен күлгенінеұялып, кешірім сұрайды. Қоянның білместікпен істеген іс-әрекетін орман жануарлары кешіріп, барлығы бір дастархан басында дос болады. Аюдың арбасынан қалған екі дөңгелектен қоянға орман жануарлары ойын арбасын жасап береді. • Ертегідегі жануарлардың әрекеттерін қалай бағалайсыңдар? • Олардың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар? • «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалдың мәні неде? • Өз достарыңмен бірігіп қандай қайырымды істер жасап жүрсіңдер?

Файлдар:

Файлды ару Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Пікірлер(0)