Дененің салмағы. Салмақсыздық
Физика
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Динамика негіздері
Тақырып:
Дененің салмағы. Салмақсыздық
26.12.2019
46
1
Саю\бақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу Жағымды ахуал. «Жүректен жүрекке» оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Топтастыру. Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа біріктіреміз. 1-топ: әуе шарлары; 2-топ: ғарыш кемесі; 3-топ: тікұшақ Үй тапсырмасын тексеру. Физикалық диктант. Жеке жұмыс. 1.Ньютонның І заңы ____________ деп аталады. 2.Ньютонның І заңы орындалмайтын санақ жүйесі ___________________ санақ жүйесіне жатады. 3.Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті _____________________ деп атайды. 4.Денеде туындайтын үдеу _________________________ тура, ал ___________ кері пропорционал болады. 5.Барлық денелер бір-біріне массаларының көбейтіндісіне _______ , ал арақашықтықтарының квадратына __________ күшпен тартылады. Қалыптастырушы бағалау: Бір-бірін бағалайды. 5- жарайсың 3-4- жақсы 0-2- талпын |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың ортасы |
Мағынаны тану. Bilimland.kz сайтынан видеокөрсетілім. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты оқиды, жұптасып талқылайды. Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Постер қорғау. 1-топ: Тыныштықта тұрған, түзусызықты және бірқалыпты қозғалатын дененің салмағы; 2-топ: Дене салмағының артуы. Асқын салмақ; 3-топ: Дене салмағының кемуі. Салмақсыздық. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма. 1-топ: 1-суретті пайдаланып, дененің салмағы P=m(g-a) тең екенін дәлелдеңдер. 2-топ: Дөңес көпірден өткенде автокөліктің салмағы болатынын дәлелдеңдер. (2-сурет) 3-топ: Ұшақтың төмен қарай ұшуынан шығу кезінде траекторияның төменгі нүктесінде ұшқыш асқын салмақ сезетінін дәлелдеңдер. (3-сурет) 1-сурет. 2-сурет. 3-сурет Дескриптор: Ньютон заңдарын пайдаланып, дененің салмағы P=m(g-a) тең екенін дәлелдейді; Дөңес көпірден өткенде автокөліктің салмағы болатынын дәлелдейді; Траекторияның төменгі нүктесінде ұшқыш асқын салмақ сезетінін дәлелдейді. Жұппен жұмыс. «Конверт» әдісі №1. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы және оған түсірілген тіректің реакция күші қандай? №2. Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеу молулінің мәні 0,2м/с2 болса, осы кездегі массаы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? Асқын салмақты бағалаңдар. №3. Лифт 1,5 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 70 кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым қысым күшін анықтаңдар. №4. Ғарыш кемесі 8,38 м/с2 тұрақты үдеумен (Айға қатысты) вертикаль бағытта кемімелі қозғалып, Айға қонады. Осы кемедегі массасы 70кг ғарышкердің салмағы қандай? Дескриптор: Есеп шарты бойынша берілгендерін жазады; Салмақтың формуласын пайдаланады. Есептеулерді жүргізеді. |
Файлдар:
Файлды ару
ҚМЖ Салмақ
Пікірлер(0)