Оқу-менің еңбегім

Муханова Айжан Айжарыковна
Муханова Айжан Айжарыковна
Актобе
Алга каласы
№1 Алға мектеп-бақша
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Ғасырлар даналығы
Тақырып:

Оқу-менің еңбегім

26.12.2019
73
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақ құрылымы Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқу еңбегінің маңыздылығын ұғындыру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -қамқорлық туралы түсініктерін кеңейту; - мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту; -еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақ барысы

(15.11.2019)

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. Жайлы,баяу музыка қойылады. Топқа бөліну. Ресурстар Оқу құралдары бойынша 2. Үй тапсырмасын тексеру. 5-тапсырма. Өз кітапшаңды жаса. Ат қой. Кітапшаңның мұқабасына сурет сал, ішкі беттерін безендір. Оған даналық сөздер жазып, достарыңа оқып бер. Өзін-өзі тану. 3-сыныпқа арналған оқулық. 28-бет. 5-тапсырма. 3. Дәйек сөз. Оқу-инемен құдық қазғандай. Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар. 4. Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш (мәтін) Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: – Олай болса, шырағым, ол кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ-дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әдеттену керек, – дедi. Ыбырай Алтынсарин. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 2-тапсырма. 1-топ. -Өскенде кім болғың келеді? -Ол үшін не істеу керек деп ойлайсың? 3-тапсырма. 2-топ. -Білімді адам қандай болады? Тізбелеп жазыңдар. 3-топ. Сені таң қалдырған білімді адамдар кімдер? 4-топ. Абай атамыздың бес асыл ісін ата. Топтық жұмыс. 6. Топпен ән айту. «Үйретеді мектепте» әні Орыс тілінен аударған:Сатыбалдина Гүлзира 1. Әріптерді жазуды Санау менен қосуды. Үйретеді, оқытады мектебімде. Көбейту мен қосуды Алу менен бөлуді Үйретеді, оқытады мектебімде. 2. Үлкендерге ілтипат, Кішілерге қамқорлық. Үйретеді, оқытады мектебімде. Буыннан сөз құрауды Тәрбиелі болуды Үйретеді, оқытады мектебімде. 7. Үй тапсырмасы. Оқулықтың 33-34 бетіндегі Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, мазмұндап келу. Өзін-өзі тану 3-сыныпқа арналған оқулық. 33-34 бет. 8. Соңғы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған ойларымызды көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзіңізді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Баяу әуен қойылады.  

Оқу-менің еңбегім

(15.11.2019)

Өзін -өзі тану пәні бойынша  білім алушылармен өткізілген сабақ жоспары

Пікірлер(0)