Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық.
Биология
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Заттардың тасымалдануы
Тақырып:
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық.
26.12.2019
254
2
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. | Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. (40 мин.) |
8.1.3.1 – қан құрамы мен қызметін сипаттау; 8.1.3.2 – дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қанның құрамын біледі, қан жасушаларын бір-бірінен ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі: Плазманың құрамы мен қан жасушаларының құрылысын талдайды, салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды, қызметін жүйелейді. Кейбір оқушылар: Қанның ағза үшін маңызына баға береді. Сабақтың құндылықтары: Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Бағалау кретерийлері -Қанның құрамын талдау – Плазма мен қан жасушаларының құрылысы мен қызметін айқындау – Қан жасушаларын салыстыру, ерекшеліктерін айқындау – Плазма мен қанның қызметтерін жүйелеу – Ағза үшін қанның маңызына баға беру. Тілдік мақсаты Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) Негізгі сөздер мен тіркестер: плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглобин, оксигемоглобин, карбоксигемоглобин Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Егер қанға таза суды құятын болсақ, қан жасушалары жарылып кетеді, егер қан жасушаларын концентратты тұз ерітіндісіне салсақ, олар бүрісіп қалады. Неге адам көп су ішкенде немесе көп тұзды тамақ жегенде осындай құбылыстар байқалмайды? Талдап, жауаптарыңды негіздеңдер. /Адам көп су ішкенде немесе тұзды тамақты жегенде қан жасушалары зардап шекпейді, себебі адамда ішкі ортаның тұрақтылығы сақталады, артық су мен тұз тері мен бүйрек арқылы сыртқа шығарылады/ Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Неліктен француз физиологы К.Бернар қанды ағзаның айнасы» деп атағанын түсіндіріп бере аласыңдар ма? Жазылым бойынша ұсыныстар: Қан жасушаларын салыстыру кестесі дәптерге түсіріледі Алдыңғы оқу «Артықты алып таста» жаттығуы – қан, лимфа, плазма, ұлпа сұйықтығы – оттекті тасымалдау, қоректік затты жеткізу, зәр түзу – гомеостаз, тұрақтылық, тепе-теңдік, сіңірілу. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар Басталуы - 1.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал . Greeting Hello, everybody! How are you? Топқа бөлу әдісі: «Жұбыңды тап» Әр оқушының арқасына түйрегішпен немесе скотчпен қағаз бекітіледі. Қағазға сыңарлары бар әдеби кейіпкерлердің, ертегі кейіпкерлерінің, дуэт әншілердің бір есімі жазылады. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп өз сыңарларын табады. Сынып осы әдіс арқылы «Эритроциттер», «Лейкоциттер», «Тромбоциттер» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің 145 атының сабаққа байланысын болжайды. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Мен сені түсінемін» жаттығуы Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 минут ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын, ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі. Эритроцит -Оттегіні тасымалдайтын қанның қызыл жасушалары Erythrocyte is red blood cells which carry oxygen Лейкоцит –Ағзаны қорғауға қатысатын қанның ақ жасушалары Leukocyte is white blood cells which protect the organism Тромбоцит –Қанның ұюына қатысатын қанның жасушалары Platelet -Blood cells that are responsible for blood clotting Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Фотокөрме» стратегиясы Мәтінді оқып болған соң суретке сәйкес келетін сөздерді табады. Берілетін суреттер: Оқулық Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп, қанның құрамын анықтайды. – Суретке сәйкес келетін сөзді дұрыс талдайды. – Қан жасушаларын бір-бірінен ажыратады, суреттен көрсете алады. Сергіту сәті «Картоп егу» Оқушылар бір-бірінің арқасына картоп егеді – Жер жырту – Жерді тегістеу – Картоп егетін шұңқыр қазу – Картоп түйнегін егу. Шұңқырды жабу Рефлексия «Өз сөзімнің дәлелі» 1. Сабақта мен ……..себебі……… 2. Сабақта мен өз жұмысыммен……… 3. Маған сабақ ……. 4. Сабақ бойы мен ….. 5. Менің көңіл күйім…….. 6. Сабақ материалдары мен үшін ……… Аяқталуы «Жұбын тап» әдісі Әр топқа жауабы немесе сұрағы бар қағаздар таратылады. Оқушылар топ ішінде сәйкес сұрақ пен жауапты іздейді. Таратылатын қағаздар: 1-топ: – қанның формалық элементтері дегеніміз /қан жасушалары/ – гемоглобин өкпеден мүшелерге /оттекті тасиды/ – гемоглобин дегеніміз /қанның қызыл түсті пигменті/ – фагоцитоз дегеніміз /ағзаның қорғану реакциясы/ 2-топ: – қанның ұюына қатысады /тромбоциттер/ – қанның құрамы /плазма және қан жасушалары/ – қаназдық /анемия/ – қан жасушаларының ішіндегі ең ірісі /эритроциттер/ 3-топ: – қаназдықты емдеуде қолданылатын дәрумен /В12/ – амеба тәрізді қозғалады /лейкоциттер/ – лейкоциттер 1 мм3 қанда /6-8 мың/ – плазманың нәруыздары /альбумин, фибриноген, глобулин/ Дескрипторлар: – Қан жасушаларының қызметін біледі. – Қан құрамын бір-бірімен салыстыра алады. Рефлексия «Плюс, минус, қызықты» “+” бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу “–”бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді жазады “қызықты” (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған, білгісі келетін заттар туралы жазады. Қосымша ақпарат. Эритроциттер – (eiythrocyti; грекше erythros қызыл+ cytus жасуша) Лейкоциттер – (грекше leukos ақ +kytos жасуша) Тромбоцитер (грекше thrombos – қанұйық + kytos жасуша) Қанның қызметі: 1. Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен өзара байланыстырады. 2. Оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады. 3. Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді. 147 4. Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды. 5. Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. 6. Ағзаны зиянды микробтардан қорғайды. 7. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды. 8. Жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді. 9. Қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады). Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Айырмашылықтары ше? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Семантикалық карта толтыру: Қан жасуша- ларына тән қасиеттер Эритроцит- тер Лейкоциттер Тром- боциттер. Қабілеті жоғары оқушы: Амеба мен лейкоциттердің ұқсастығы қандай? Айырмашылықтары ше? Қызыл қан жасушалары Микробтардан қорғайды Қанды ұйыту Ядролы Ядросыз Пластинка Қабілеті жоғары оқушы: Амеба мен лейкоциттердің ұқсастығы қандай? Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Рефлексия. – Мен көп нәрсе үйрендім. – Бұл маған өмірде керек болады. – Сабақта ойландыратын нәрселер болды. – Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым. Қорытынды бағамдау . Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтауы. Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. |
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат. Эритроциттер – (eiythrocyti; грекше erythros қызыл+ cytus жасуша) Лейкоциттер – (грекше leukos ақ +kytos жасуша) Тромбоцитер (грекше thrombos – қанұйық + kytos жасуша) Қанның қызметі: 1. Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен өзара байланыстырады. 2. Оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады. 3. Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді. 147 4. Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды. 5. Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. 6. Ағзаны зиянды микробтардан қорғайды. 7. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды. 8. Жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді. 9. Қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады). Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Айырмашылықтары ше? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Семантикалық карта толтыру: Қан жасуша- ларына тән қасиеттер Эритроцит- тер Лейкоциттер Тром- боциттер. Қабілеті жоғары оқушы: Амеба мен лейкоциттердің ұқсастығы қандай? Айырмашылықтары ше? Қызыл қан жасушалары Микробтардан қорғайды Қанды ұйыту Ядролы Ядросыз Пластинка Қабілеті жоғары оқушы: Амеба мен лейкоциттердің ұқсастығы қандай? Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Рефлексия. – Мен көп нәрсе үйрендім. – Бұл маған өмірде керек болады. – Сабақта ойландыратын нәрселер болды. – Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым. Қорытынды бағамдау . Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтауы. Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма.
Файлдар:
Файлды ару
ҚМЖ 8- класс
Пікірлер(0)