Баламалы ойын жағдайын құру
Дене шынықтыру
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Шытырман және команда құруға арналған ойындар
Тақырып:
Баламалы ойын жағдайын құру
26.12.2019
348
2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.2.3.1 - қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесе тиімді жұмыс жасау дағдыларын көрсетуді және талқылауды білу; |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Допсыз әртүрлі жүгіру түрлерін орындайды. Әріптесіне допты кеудеден қос қолмен береді. Допты бір қолмен жүргізе біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Допты еркін бағытта әртүрлі деңгейде жүргізіп отыру. Топта қауіпсіз жұмыс жасайды. Доптың қозғалысын дәл алдына емес, аяқтың жанына жүргізе біледі.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: Баскетбол добын бір реттен себетке салу. Допты әртүрлі деңгейде екі қолмен алма кезек жүргізеді. Қозғалыста және бір орында допты бір-біріне екі қолмен бере алады.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы: (0-9) |

Оқушыларды спорт залға кіргізіп,.шеңберге тұрғызу. Сәлеметсіздер-здраствуйте-good day Сабақ мақсатымен таныстыру, топқа бөлу

1 23

Әр топтан көшбасшы жаттығуларды көрсету 2-3 минут жай жүгіріспен жүгіру. Дем алысты қалпына келтіру. Жүгіру жаттығулары: - Оң қапталмен, қолды алдыға айналдыру - Сол қапталмен қолды артқа айналдыру - Тізені жоғары көтеріп жүгіру - Өкшені артқа сермей жүгіру Жүру жаттығулары: -қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. -қол желкеде, өкшемен жүру. -қол белде, табанның сырт жағымен - ішкі жағымен. Жалпы дамытушы жаттығу. Б.қ. Негізгі тұрыс, қол жоғарыда 1-2 оң қолды, 3-4 сол қолды сермеу. Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде қол шынтақтан бүгулі алда 1-2 қолды бүгіп, 3-4 жазып сермеу. Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде 1-2 оңға, 3-4 солға иілу. Б.қ. аяқ арасы кең 1-оң аяққа отыру, 2-б.қ, 3-сол аяққа отыру, 4-б.қ.

Суреттер. Спорт зал.

Бала санына байланысты жыртылған доптардың суреттерін құрастыру арқылы 3-топқа бөлу.

https://bilimland.kz/kk/plans/create

Белсенді оқыту: Білу,тану: Тарих пәнімен байланыс (10-13) |
Шеңберге тұрғызып ойын туралы түсінік беру. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады — жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Оқушылардың қызығушылыған арттыратын NBA баскетбол жұлдыздарының суреттер немесе мағұлмат беріп кету. Майкл Джордан Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы - баскетболшы Әлжан Жармұхамедов.... Допты жүргізу- ведения мяча- ball control, үш ұпай- три очка- three points, қалқан-щит- shield Допты кеудеден беру, екі адым, ишара, қолдану, түсіну, талдау, капитанға доп, ысқырық | https://bilimland.kz |
Сабақтың ортасы: Түсіну: (14- 36) |

Допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршытып әріптесіне беру, доп аяқтың жанында болуы керек, алдында болса аяққа тиіп кедергі келтіреді.

Екіден қарама-қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып, ыршытып, қарсыласына екі қолмен кеуде тұстан лақтыру. Допты бергенде шынтақты кеудеге жақындатып, қолды алдыға қарай сермеу арқылы әріптесіне допты дәл беру.

Допты бір қолмен бастан асырып әріптесіне беру. Екі қолмен ұстап тұрып допты серігіне жоғарыдан берер кезде қарсыласы допты ұстап алмайтындай қылып бір қолмен әріптесіне немесе себетке лақтыруға болады.

Саралау: Талдау: |
А. Допты тарбиған саусақтарымен аяқтың жанында дұрыс жүргізді. Екі қолмен алма кезек допты жүргізіп, әріптесіне дәл берді және жоғарыдан, иықтан допты лақтыру тәсілі талапқа сай. Допты бір реттен себетке дәл салды. В. Допты жүргізгенде саусақты ашады, бірақ допты аяқтың алдында ұстайды. Екінші қолымен допты жүргізгенде сәл қиыншылық бар, бірақ әріптесіне дұрыс бере білді. Допты себетке салғанда екінші, үшінші мүмкіндіктен салады. С. Допты жүргізгенде саусақтарын ашпайды, бірақ ұмтылысы жақсы. Екі қолмен допты жүргізуде көп қателеседі, бірақ серіктесіне беруде дәлдік бар. Допты себетке салуда қиналғанымен, өзін өзі ұстауы, ұмтылысы көңілден шығады |

FB.ru›article…myacha-v-basketbole-vedenie-myacha…

Дескриптор: Бағалау: |
1. Допты жоғарғы, ортаңғы, төменгі деңгейде дұрыс жүргізеді. Қозғалыста әріптесіне допты дәл қолына жеткізу көрсеткіші жоғары. Бір орынан немесе екі аттап допты бірден себетке түсіреді. 2. Допты жоғарғы, ортаңғы деңгейде жүргізе білді. Екі қолмен бір орында допты жұбына дәл жеткізіп береді. Себетке допты салуда көрсеткіші бар. 3. Допты жүргізуде деңгейлерді сақтамайды, бірақ талабы, икемі жақсы. Допты жұбына қос қолмен бергенімен, бір қолмен беруде қателік бар, ұмтылысы жақсы. Себетке допты салуда қиналғанымен, мен үйренемін деген талабы жоғары. |

FB.ru›article…myacha-v-basketbole-vedenie-myacha

Сабақтың соңы: Кері байланыс: Табыс сатысы (36-40) |
Оқушылар өз қабілеттерін бағалайды, ол үшін шеңбер бойымен допты бір-біріне беру арқылы, сөйлемдерді толықтырады: Мен .......... (нені?) үйрендім. (Допты дұрыс жүргізуді). Мен ..........( не істей?) алдым. ( Допты серігіме бере). .................. менің қолымнан келді. (Допты себетке салу).№ | https://bilimland.kz/kk/plans/create |
Пікірлер(0)