Қолғап
Қолғап
| Қолғап | Есу және жалпақтау тәсілі арқылы қолғапты мүсіндеуді үйрету. Мүсіндеуде саусақ қимыл – қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру. Саусақ ептілігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Қолғап (03.12.2019ж) |
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Жылулық шеңбері Біздің топта балалар, Тату - тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Ғажайып сәт: Топқа Сайқымазақ келеді. Ол қатты тоңғаны соншалықты дірілдеп тұрады. - Сайқымазақ, саған не болды? Сайқымазақ: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Күннің салқынын-ай, мен қатты тоңып қалдым. Әрі бір қолғабымды жоғалтып алдым. Әрі іздедім, бері іздедім. Қайда қойғанымды да білмеймін. Маған көмектесіңіздерші? - Түсінікті. Сайқымазақ сен жылынып ал. ал қолғап туралы ойламасаң да болады. Менің шебер қолды балаларым саған қолғаптың неше түрін жасап береді. солай емес пе, балалар? Сайқымазақ: - Алақай, жақсы болды! Енді менің қолым тоңбайды. - Сайқымазақ балалардың қасына отыра ғой. - Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы. - Бұл суреттерде не бейнеленген? - Балалар қолғапта қай кезде киеміз? - Дұрыс, қолғапты біздер қолымыз тоңбас үшін киеміз. Қолғапты жіптен тоқиды, снымен қатар матадан, былғарыдан да тігеді екен. - Балалар, жұмысты бастамас бұрын сергіп алайық. Сергіту сәті Бала, бала, балақан. Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат Былай-былай ойнат. Топ- топ басайық Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса алтын күн Жаса - жаса жарқын күн. - Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар. - Балалар, сайқымазаққа қолғапты жасап берейік. Қолғапты біздер ермексаздан жасап береміз. Балаларға қажетті құрал - жабдықтар таратылып беріледі. Қолғаптың жасалу жолы түсіндіріледі. - Алдымен ермексазды алақанға салып, жұмсартып аламыз. Ермексазды жалпайтамыз, ермексазды шымшу арқылы қолғаптың бас бармағын шығарамыз. Балаларды қадағалау, кейбір балаларға көмек көрсетіледі. "Сыңарын тап" дидактикалық ойыны. Тақтаға әртүрлі қолғаптар бар сурет ілінеді. Балалар қолғаптардың сыңарын тауып бір -біріне қосу керек. |
ермексаз, тақтайша, сүлгілер, қолғапты мүсіндеу үлгісі, су, дидактикалық ойын |
Пікірлер(0)