Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Сабақтың мақсаты | Оқушылар ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерімен танысады. |
Сілтеме | Ежелгі дүние тарихы, 6 сынып, авторлары: Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. Атамұра, 2015. |
Күтілетін нәтиже | Ежелгі Грекия тақырыбына байланысты хронологиясын жасайды, салыстырып айырмашылықтарын таба алады, өз ойын жеткізе алу, топта жұмыс істей алады. Уәж беру, қолпаштау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру. |
Табыс критерийлері | - Мен тақырыпты толық меңгере аламын; - Мен диалогқа түсе аламын; - Мен сыныптастарының ой-пікірін тыңдаймын; - Мен өз ойымды толық жеткіземін; - Мен шығармашылық қабілетімді көрсете аламын. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Көрнекіліктер | Оқулық, www.bilimland.kz.ресурсы, АКТ, Гомер, Гиппократ, Геродот сияқты ғалымдардың портреті, плакат, түрлі-түсті стикерлер, смайликтер, бағалау парақшалары, маркерлер. |
Сабақтың әдіс тәсілі | ООЖТ, СТОҮ, АКТ, ОүБжОБ,ОЖЕС, ОБжК, ТжДБО, «Мозайка» әдісі , «Сәлеметсіздер ме» тренинг, ЖИГСО І, «Микрофон» әдісі, «Бағдаршам», ВЕНН диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, ой шақыру әдісі, постер салу. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Уәж (2 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: Амандасу.Оқушыларды ортаға шақыру. «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. Топтың рөлі туралы кестені тарату. Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар бүгінгі тақырыпқа сай ежелгі грек ғалымдарының суреттері бар мозайкаларды құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Топтың рөлі туралы кестесі бойынша топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алады. | |
Білу (2 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды жаңа тақырыпқа шығару мақсатында. 1. Ой шақыру. Оқушылар сабақ басында құраған мозайкаларына және интербелсенді тақтаға көз жүгіртейік, (PowerPoint) суретте кімдер бейнеленген. Слайдтан грек ғалымдары мен мектепке байланысты суреттер көрсету арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатына шығады. - Осы суреттерді көрген соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? Оқушының іс-әрекеті: 1. Суреттерді зерделейді, ойларымен бөліседі, сұрақ-жауап арқылы өзара диалогқа түседі, тақырыпқа өздері шығады. | Формативтік бағалау. Смайликті, сыйлыққа беру. |
Түсіну (8 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында Видеожинақ топтамасы. "Телевизиялық бағдарламалар" https://bilimland.kz/kk/#lesson=18739 топтамасының бейнежазбасындағы 2:52 минутынан бастап 4:20 мин дейінге дейін Греция елі туралы тыңдатып, оқулықтағы 146-150 беттерді оқиды, жұпта, топта, топтар арасында талқылап, ойларын ортаға ұсынады. Оқушының іс-әрекеті: "Телевизиялық бағдарламалар" https://bilimland.kz/kk/#lesson=18739 топтамасындағы Греция елі жайлы мағлұматты тыңдап, көріп, қосымша оқулық мәтінін оқып, «Микрофон» әдісін қолдана отырып, бір-біріне тақырыпты түсіндіреді. | Оқушылар түсінгендерін еркін жеткізу мақсатында екі жұлдыз, бір тілек. |
Қолдану + талдау (10 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: Мәтінмен жұмыс. Жигсо-І стратегиясын қолдану: «Ежелгі грек білімі», «Ежелгі грек мектептері» тақырыбына постер жасау. Оқушының іс-әрекеті: Топтың ішінен ойларын мәнді жеткізуге тырысады. «Ежелгі грек білімі», «Ежелгі грек мектептері» тақырыбына постер жасайды, қорғайды. | |
Сергіту сәті (3 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: «Лабиринт» ойынын өткізу. Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар матаға сызылған лабиринтте дөңгелекшені шығарып алмай жолмен жүргізуі қажет. Ескерту: ойында сөйлеуге, дөңгелекшені жолдан шығарып алуға болмайды, шығарып алған жағдайда ойын қайта басталады. | |
Жинақтау + бағалау (13 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: Ескерту. Мұғалім оқушыларға бағалаудың критерийлерін үлестіреді. Мақсаты: жаңа сабақты бекіту. Миға шабуыл кезеңі. Әр деңгейлік тапсырмалар www.Bilimland.kz ресурсындағы Дүниежүзі тарихы пәні бойынша "Ежелгі грекиядағы жазу мен әдебиет" https://bilimland.kz/kk/#lesson=16979 және "Ежелгі грекиядағы философия және бақса да ғылымдар" https://bilimland.kz/kk/#lesson=16980 бөлімдеріне өтіп, ондағы тапсырмаларды 2-топқа бөліп беру. Осыдан кейін + iTest курсы бойынша 10 тест http://itest.kz/exam_test?test_id=349072338 топтамасындағы Ежелгі Грекия тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі. Оқушының іс-әрекеті: www.bilimland.kz.ресурсындағы Дүниежүзі тарихы бойынша "Ежелгі грекиядағы жазу мен әдебиет" https://bilimland.kz/kk/#lesson=16979 және "Ежелгі грекиядағы философия және басқа да ғылымдар" https://bilimland.kz/kk/#lesson=16980 тапсырмаларды орындайды. 1. Деңгейлік тапсырмаларды өздері жұптасып, шағын топта орындайды + iTest курсы бойынша 10 тест. 2. Өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. | Бағалау парағы арқылы топ бақылаушысы бағалайды Әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі. Жалпы ұпай саны – 3 ұпай |
Рефлексия (5 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: «Бағдаршам» рефлексиясы бойынша сабақты қорытындылау. Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар бағдаршам түстеріне алдын ала таратылған көңіл-күй бейнеленген смайликтерді сабақты қалай меңгергендері туралы түстерге апарып жапсырады. | |
Үй тапсырмасы (2 мин) | Мұғалім іс-әрекеті: 1. 23 оқып келу. 2. Өздерің оқып жатқан мектеппен грек мектебін салыстырыңдар? Қандай ұқсас жақтары мен айырмашылықтары бар? ВЕНН диаграммасы бойынша. Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алады. |
Пікірлер(0)