Мақтанышым - Астанам
Әдебиеттік оқу
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Сәулет өнері
Тақырып:
Мақтанышым - Астанам
26.12.2019
86
0
Мақтанышым - Астанам | 3.3.3.1. Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну,мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып,шығармашылық жұмыс жасау.

Мақтанышым - Астанам | 3.2.1.1.Шығарманы дауыстап,түсініп, мәнерлеп оқу. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Мақтанышым - Астанам (09.12.2019) |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Қызығушылықты ояту. Ширату жаттығуы -Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды) -Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы! Үй тапсырмасын сұрау «Тілші сұрақтары» -Балалар біз қазір қандай бөлімді бастадық? -Алдыңғы білім туралы кім айтады? -Жас Ахмет қандай болды? -Ол қайда оқыды? -Ахмет қай орталықтың тұрмыс тіршілігімен танысты? -Туған жеріне неше жасында оралды? -Оның ең бірінші қоныстанған жері қалай аталады? -Яссауиға арнап кім күмбез салдырды? -Ғимараттың биіктігі қандай? -Не себепті керемет күмбез атанды? Тақырыпты болжау -Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғимараттар бар? Ой бөлісейік. -Жарайсыңдар,балалар,олай болса барлығыңызың алдарыңызда суреттер бар сол суреттерге зер салайық. -Бұл ғимараттарды қайдан көрдіңіздер? -Әрине,Астана қаласы. - Оқушыларды Астананың жаңа көрікті жерлерін атайды. Алдарындағы суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді. 1-топ: «Қазақ елі» монументі 2-топ: «ЭКСПО шары» 3-топ: «Атырау көпірі» Оқулықпен жұмыс. «Жалғастыр...» әдісі Білген дыбыстардан басталатын сөйлемдер ойластырып жазады. 1-топ А- алып- Ханшатыр С- символы- Бәйтерек 2-топ Т- тұғырлы- Туы А-асқақтаған- Әнұраны 3-топ Н-нұр шашқан- Қазақ елі монументі А- арман қала- Астана «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Сабақтың тақырыбын айту. - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Мақтанышым-Астанам.Ермек Өтетілеуов. Сабағымыздың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлері • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды; • сурет бойынша мәтін құрастыра алады ; Автормен танысу айдары Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы. 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады. «Мақтанышым-Астанам» өлеңін тыңдату. дауыстап оқу тізбектеп оқу Өлеңді қайталап оқуға уақыт беріледі. «Болжау стратегиясы» 1. Арқаны бойлай Есіл жағасында орналасқан қала? 2. Ашық аспан астында күн санап қала қалай өзгеріп келеді, жаңа ғимараттарды атай аласың ба? 3. Қаланы көркейткен зергерлер қай жақтардан келген? Осы ретпен сұрақтарға жауап алынады, болжамымен салыстырылады. Сергіту сәті Жоғары қарап күн көрдім, Төмен қарап, жер көрдім. Оңға,солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. «Біздің сөздеріміз» әдісі 1-топ Өлең жолдары Ақын ойын өрбітіп әңгімеле 1. Қызу еңбек қайнаған, Алып құрылыс айналам. 2.Астана – алып көрмесі, Әсем сәулет өнері Дескриптор: Білім алушы: -Бірінші өлең шумақтарына сәйкес пікірлерін жаза білді; -Екінші өлең шумақтарына сәйкес пікірлерін жаза білді. 2-топ «Көрікті Астанам» тақырыбына топта бірлесе отырып, мәтін құрастырады (8-10сөйлем) Дескриптор: Білім алушы: -суреттер бойынша мәтін құрастыра біледі; -мәтінді қатесіз жазады; 3-топ Егер сен атақты суретші болсаң, Астанамызға қандай өзгерістер енгізер едің. Қандай ерекше ғимарат салатын едің? Сипаттап жаз. Дескриптор: -Өзгерістер енгізе біледі -өз ойларын сипаттап жаза алады. «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау «Бір сөзбен» әдісі бойынша бір ауыз сөзбен оқушылар топта орындарынан тұрып,қолдарына шаңырақ лентасын ұстап Астанаға айтар тілегін білдіреді. 1.Астана-арман қала. 2.Астана-көрік берген жас қала. 3.Болашақтың бастауы Астанамыз. 4.Асқақтай берсін,Астана! 5.Елордамыз жайнаған. 6.Астана-жүрегімдесің! 7.Астана-Ұлы дала елордасы. Үй тапсырмасы. Оқулықта Астананың суреттері берілген, Астанамызға қандай өзгерістер енгізер едің? Қандай ерекше ғимарат салар едің? Сипаттапжаз. - Өлеңді түсініп оқу. Кері байланыс. .
| Шаттық шеңбері «Қазақ Елі» монументі, ЭКСПО шары , Атырау көпірінің қима суреттері, «АСТАНА» сөзі жазылған парақтар, маркер, Ақын суреті және шығармалары, түсіндірме сөздік , Түсіндірме сөздік / Астананың көрікті жерлерінің суреттері, Бағдаршам түстері

Қосымша ақпарат

Алтын Арқа даласы

Жасыл Есіл жағасы

Қанат жайып құлпырған

Аспаны ашық қаласы

Файлдар:
Файлды ару
Мақтанышым - Астанам
Пікірлер(0)