Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Реимбаева Камшат Муратбаевна
Реимбаева Камшат Муратбаевна
Маңғыстау облысы
Рахат ауылы
№21 орта мектеп
Қазақ әдебиеті
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Тақырып:

Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

29.10.2019
390
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақтың мақсаты

Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіру; «Сырдария» өлеңінің мазмұнын ашу, идеясын ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту; көркем шығарманы талдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас.

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, талдау.

Көрнекілігі

Электронды презентация, электронды оқулық 

5db8172d73542.jpg https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi, https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/7-synyp/poehziya/lesson/21-abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi.


Пәнаралық байланыс

География.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау

Қ. Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңін жатқа айту.

Жаңа сабақ

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халық жазушысы – Ә.Тәжібаев жайлы болмақ.

Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз.

Қызылорда қаласында көрнекті жазушы Ә.Тәжібаевқа ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Әбділда Тәжібаевтің есімі берілді.

Ақын Әбділда Тәжібаев 1998 жылы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Өлеңмен танысу

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi

Өлеңді электрондық оқулықтан тыңдату.  

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/7-synyp/poehziya/lesson/21-abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi

Оқушыларға да мәнерлетіп оқыту. (2-3 оқушы)

Ақын өлеңінде туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қай шумақтан байқауға болады?

2. «Ел анасы –менің анам» деген тіркесті қалай түсінесіңдер?

3. Ақын өлеңде кімдерге еліктеп отыр?

4. Қандай жалқы есімдер кездесті?

«Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi (Білімланд. Глассарий жаздыру).

Гейне – Неміс халқының атақты ақыны, сыншысы.

Рейне – неміс өзені.

Днепр – Басын солтүстік батыстан алып, Қара теңізге құятын көп салалы өзен.

Талас – Украин халқының әйгілі ақыны, суретшісі.

Бес жолды өлең құрау

1. Авторы. Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келген.

2. Тақырыбы. Туған жер.

3. Жанр түрі. Лирика, туған жер лирикасы.

4. Идеясы. Туған жерді бағалау, ыстық екенін ұғына білу.

5. Шумақ саны. 6 шумақ.

6. Тармақ саны. 24 тармақ.

7. Бунақ саны. 2 бунақ.

8. Буын саны. 7-8 буынды.

9. Ұйқас түрі: АБВБ кезекті ұйқас.

10. Әдеби теориялық ұғымдар. Паралелизм. 1. Туған жер 2. Ана 3. Өзен 1. Зат есім 2.Сын есім 3. Етістік 4. Сөйлем 5. Синоним сөз

Қорытынды

Тест сұрақтарын белгілеу. 10 тест. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi

Үйге тапсырма

Бағалау

«Сырдария» өлеңін жаттау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру