Түлкі мен тиін

Кенжебекова Айгул Арыстановна
Кенжебекова Айгул Арыстановна
Ақтөбе
шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Әдебиеттік оқу
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Қоршаған орта
Тақырып:

Түлкі мен тиін

26.12.2019
114
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мақсаты Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Барысы

(40 минут)

(Ұ) Қызығушылықты ояту. М: Сабақты бастамас бұрын мен сендерді топқа бөліп алғым келіп тұр . Бала өмірдің гүлі дейді. Мен сендерді әдемі гүлге теңегім келіп отыр . Гүлдей жайқалып, жайнап өсе беріңіздер деген тілек айтқым келеді .Мына гүлдің күлтелерін біреуден алыңыздар .Соның түсіне байланысты топтарға бөлініңіздер . Көңіл күйіміз тамаша ! деген топ шығады .Осындай тамаша көңіл күймен сабағымызды бастайық. Топтық жұмыста қандай ережелер болу керек ? Мен әр топтың алдына дискиптор қойдым. Топ басшысы дискриптордағы ұпай санымен сабақтың соңында топты бағалайсыздар. 2. «Үш қадам » әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру . Үйге Мамытбек Қалдыбаевтың «Еліктің лағы » мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айтуға берген болатынбыз. Әр топтан бір оқушыдан шығады. Бірінші оқушы бастайды тоқтатамын , келесі оқушы мәтіннің ортасын жалғастырады ,үшінші оқушы осы екі оқушының қалдырып кеткен тұстарын аңғара отырып , мәтінді қорытындылап айтып шығады. 3. Үй тапсырмасын «Сұрақ менен , жауап сізден » әдісі бойынша қорытындылап жіберейік . Ол үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын және сол сұрақтардың жауаптары жазылған қағаздар сіздердің парталарыңыздың үстінде бар. Мен сұрақты оқимын ал сіздер жауапты тауып , сәйкестендірулеріңіз қажет. . 4. Жаңа сабаққа дайындық. «Жасырын сурет » әдісі арқылы дайындық жүргізу. -Қазір мен сіздерге үш топқа үш жануардың суретін беремін әр топ келесі топқа сол жануарды сипаттайтын боласыздар ..Сол жасырған жануарларды келесі топ табулары қажет . -Ол жыртқыш аң ? -Ол далада , орманда мекендейді ? -Түсі қызғылт -сары ,тұмсығы ұзын , көздерінен айлакерлік байқалады ? -Ол тышқандармен, қояндармен, тб жануарлармен қоректенеді -Ерекшелігі айлакер, қу, жүрген жері айқай шу ,ол қандай жануар ? Түлкі-лиса- фокс -Ол орманда мекендейді -Ол талға жақсы өрмелейтін,бұтақтан –бұтаққа оңай секіре білетін кішкене ғана жануар -Түсі ақшыл сұр, не жирен ,қызғылт сары түсті -Емен жаңғағымен , саңырауқұлақтармен ,ағаш қабықтарымен қоректенеді Тиін-белка-скуэрэл -Ол жыртқыш аң --Ол орманда мекендейді -Түсі сұр -қоңыр , көкшіл , көкшіл сұр -Ол аң –құстарды аулап жейді -Ерекшелігі айбынды, аса азулы ,тістері өткір, қайсар жануар Қасқыр-волк-уулф 5.Жаңа сабақ . -Қалай ойлайсыңдар, мен неге осы жануарды жасырдық. - Олай болса , біз тағы да табиғат байлығы саналатын жануарлар туралы мысалмен танысамыз . Жаңа сабағымыздың тақырыбы : Аңдар да сөйлейді «Түлкі мен тиін » мысалы .Оқулығымызды ашайық . -Қалай ойлайсыңдар , аңдар сөйлейді ме ? -Аңдардың тілі болса осылай айтар еді -Мысал дегеніміз не еді ? Есімізге түсірейік ? Мысал қысқа оқиғалы шығарма . Мысалдың кейіпкерлері аңдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер болады. Мысалда кемшіліктер сыналады. Ақыл –кеңестер айтылатын қорытынды ой болады. -Мысалдың авторы Абдырахман Асылбеков .Автор туралы бейнебаян көрсетемін. Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, қызмет жасаған.. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.. Лириклық ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен айналысқан. Сабағымыздың мақсаты не болады ? -Түлкі мен тиін мысал өлеңін түсініп оқу Жетістік критерилеріміз -Мысал жанрының басты белгілерін білу . -Мысал кейіпкерлерінің мінез құлқы мен іс –әрекетіне баға беру . Олай болса , «Түлкі мен тиін » мысалын үнтаспадан тыңдату . -Қиырда деген сөзді түсіндік пе? Өте алыс. -Жайрады деген сөзді түсіндік пе? Өліп жатты Оқылым . Оқулықпен жұмыс. Рөлге бөліп оқыту . 1.Тапсырманы мән беріп оқыту . Не байқадық ? Тиін, иін, ін. Барлығына сұрақ қояйықшы ? Зат есім Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жазып қоялық. «Еркін микрафон » әдісі арқылы оқулықтағы кестені ауызша орындату .Әр топ бір -біріне кестедегі сұрақтарды қояды. - Мысалдың негізгі кейіпкерлері кім? -Мысалда түлкі туралы не айтылған? -Түлкінің бойынан қандай жаман қасиеттерді көруге болады? -Мысалдағы қай кейіпкері ұнады? -Бұл мысалдан қандай үлгі алуға болады?&nbsp;&nbsp; <p><a href="http://mediaget2" target="_blank">Түлкі</a><br></p>

Қосымша ақпарат

Автор туралы бейнебаян көрсетемін. Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, қызмет жасаған.. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.. Лириклық ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен айналысқан.&nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp; &nbsp;

Файлдар:

Файлды ару Түркі мен тиін

Пікірлер(0)