Адами асыл қасиеттер

Сактаганова Перуза Куатбаевна
Сактаганова Перуза Куатбаевна
Ақтөбе
Алға
№1 Алға мектеп-бақша
Әдебиеттік оқу
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Адами құндылықтар
Тақырып:

Адами асыл қасиеттер

27.12.2019
98
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақ барысы 4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақ барысы

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сақтағанова Перуза Қуатбаевна Сынып: 4-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Адами асыл қасиеттер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өз ойын, сезімін салыстыра алады. Әр өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра алады. Көптеген оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзете алады. Кейбір оқушылар: Өлеңдер ішіндегі сөздерден «Құндылықтар» сөзіне ассоциация құрастыра алады. Жетістік критерийлері Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі. Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Пәнаралық байланыстар Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. АКТ қолдану дағдылары Бастапқы білім Адами құндылықтарды ажырата алады, оларға түсініктеме бере алады. Сабақтың барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы Сергіту жаттығуы «Кездесу» ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады. Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау «Ойыңмен бөліс» айдары (Т) «Ойқозғау» әдісі бойынша жаңа сабаққа көпірше жасауға болады. – Сен үшін қымбат кімдер, нелер? – Саған не қиын? Дескриптор: Өз ойларын түсіндіріп айтады. ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабақтың мақсатын айқындау. Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлау. Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала ры Сабақтың ортасы Мұғалім: Оқушылар осындай сұрақтарға біздің алқалы билеріміздің бірі Қазыбек би өз жауаптарын бізге қазына ретінде қалдырыпты. Қазыбек би туралы естулерің бар ма? (Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтыру) Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764) – мемлекет басқару ісіне белсене араласқан. Орта жүздің атақты биі. Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғарлар қолына түсіп қалған Абылай ханды тұтқыннан босатып алған. Ел ішінде оны Қаздауысты Қазыбек би атап кеткен. «Түсініп оқы» айдары. «Не қымбат?», «Не қиын?» өлеңдері (Т) Өлең мазмұнына сәйкес суретті сипаттау «Көрме» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ өздеріне берілген өлең мазмұнына сай постер құрастырады. Ол сурет немесе тірексызба көрінісінде болуы мүмкін. Осы бойынша көрші топ көрме барысында өзге топтың өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін баяндайды. Содан кейін әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады. Дескриптор: Оқушылар көрші топтың өлең мазмұнын айтып береді. Барлық айдарлар кезегімен келмейді. Себебі сабақ топтастырылып өтеді. (Т) «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы әр топ өз өлеңдеріне байланысты сұрақтарға жауап беру Дескриптор: Сұрақтарға өлең мазмұны бойынша дұрыс жауап беру ҚБ: ұтымды жауап иесін мадақтау. ТЖ «Не қымбат?» өлеңі бойынша жұмыс істейді. 1. Қазыбек бидің «Не қымбат?» деген ойын өз тұжырымдарыңмен салыстыр. 2. Өлең мазмұны бойынша берілген сөздерден өлең құрастыру. Дескриптор: Балалар өз беттерінше берілген сызба бойынша өлең құрастырады. ҚБ: мағыналы өлең құрастырған оқушыны мадақтау «Ойыңмен бөліс» айдары Бұл айдармен барлық топ жұмыс істеп, жауабын стикерге жазып, сабақ соңында өткізіп, уақытты үнемдеуге болады. - Өз бетіңмен қиындықты жеңу дегенді қалай түсінесің? Өлеңді қайталау әдісімен еске түсіру. Ақын өлеңде бір нәрсені, құбылысты бірнеше рет қайталап, сөз әсерін күшейте түседі. Бұл – өлеңдегі қайталау әдісі. Дескриптор: Қазыбек би өлеңдеріндегі қайталау сөздерді тауып оқиды (Мысалы, «қиын» сөзі барлық жолда қайталанады). ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау. Түсініп оқы Әйтеке шешен Әйтеке би (1667 – 1700) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы, кеңесші би болды. Әйтеке бидің кесенесі Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында. «Жаңа сөздер сандығы» Орманбет би – Орта жүздің биі «Есіңе түсір» айдары - 3-сыныпта оқыған Әйтеке бидің ағайын-туыс, мінез-құлық туралы сөздерін есіңе түсір. ТЖ. Шешеннің пікірін оқып, топтастыру сызбасын құраңдар. «Дәлелде» айдары «Бұрыс па, дұрыс па?» ойыны барысында Асан тақтаға жазған нақыл сөздердің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді. Яғни, шамның жанатынын, балдың сұйық болғандықтан ағатынын айтады. Жақсылардың үлгісі – Жанып тұрған шамдай. Шешендердің сөзі – Ағып тұрған балдай. Дескриптор: Өлеңге түзету жасайды. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады. «Тұжырымда» айдары Шешендердің сөздерінен өзің үшін үлгі болатын сөзді анықтап, тұжырым жасайды. Үй тапсырмасы: Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Үй жұмысы: Рефлексия Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім Смайликтер Саралау. 1. Тапсырмалар бойынша саралау 2. Диалог бойынша бойынша 3. Қарқын бойынша саралау (қосымша уақыт беру) Бағалау «Жарайсың!», «Тамаша!», «Керемет!» ауызша бағалау. «Шапалақ» арқылы бағалау, «Басбармақ» әдісі және «Бағдаршам»арқылы бағалау. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Сабақ/оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не білді? Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған шаралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?  

Пікірлер(0)