Қ дыбысы мен әрпі

Нұркебаева Қарлығаш Андрейқызы
Нұркебаева Қарлығаш Андрейқызы
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская гимназия
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Қ дыбысы мен әрпі

27.12.2019
98
PDF жүктеу WORD жүктеу
Қ дыбысы мен әрпі <p>Барлық оқушылар: Қ дыбысы мен әрпін таниды,сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасайды Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлем құрай алады. Кейбір оқушылар: Сурет атаулары бойынша сөйлем Құрайды, берілген сөздерді үш тілде айтады&nbsp;&nbsp;</p>

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Қ дыбысы мен әрпі

(20.11.18жыл)

Сауат ашу 20.11.18ж Ортақ тақырып:Менің отбасым 1-сынып Қатысқандар қатыспағандар Сабақ тақырыбы:Қ дыбысы мен әрпі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу Бағалау критерийлері 1. Қ, қ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды. 2. Сөздердің мағынасын ажыратады, тізбектей, жекелей оқиды. 3. Сызба және сөздермен мәтін құрастырады. 4. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады. 5. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Қ дыбысы мен әрпін таниды,сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасайды Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлем құрай алады. Кейбір оқушылар: Сурет атаулары бойынша сөйлем Құрайды, берілген сөздерді үш тілде айтады Тілдік мақсат 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 1.4 Оқиғаны болжау Алдынғы оқу: Менің отбасым. М,м дыбысы мен әрпі. Менің отбасым- суретпен жұмыс Жоспар Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) ресурстар Басы Психологиялық дайындық Психологиялық дайындық Арайлап таң атты, Алтын шапақ тарапты. Қайырлы күн балалар ! Қайырлы күн ұстаздар ! Жасырын сөзді табу арқылы оқушыларды 4 топқа біріктіру.(Суреттердің алғашқы әріптерінен сөз құрайды.Сол топтың аты болады) 1-топ:дыбыс 2-топ:буын 3-топ:сөз 4-топ:сөйлем Енді әр топ өз атауларына түсінік береді. Әр топқа бір сөзден беремін. 1-топ:д.т 2-т:б.б 3-т:сөз 4-т:сөйлем (Осы сөздерді қосып қалай айтамыз?ОТБАСЫ (отбасы суреті) (Үш тілде айту) Қима қағаздар, геометриялық фигуралар Ортасы Сандар арқылы жасырын сөзді тауып,оқиды. Қасық,қайық,қар,қарындаш,қала -Осы сөздер қай әріптен басталып тұр? Бүгін осы Қ дыбысымен танысамыз. Видеокөрсетілім «Қ»әрпі сөздің басында,ортасында,соңында келе береді. Міне, мынау әріп таңбасы баспа түрі . Қ- бас әрпі. қ- кіші әрпі. Кәне, балалар айтып көрейікші Қ дыбысын көк түспен белгілейміз . Өйткені Қ дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілгенде тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Сөздің басында, сөздің ортасында және соңында кездеседі.Сөздің аяғында кездескенде қ дыбысы өзгеріске ұшырап, ық болып оқылады. Оқулықпен жұмыс Сөздерді оқу(4 топқа бөліп оқыту)«Тізбектелген оқу» әдісі қала қара қалақ қалта қола қора қонақ тақта асық қармақ талқан Қанат қасық сылдырмақ тышқан Қуат Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі. Дескриптор 1.Буындап оқиды, тұтастай оқиды 2. Сөздердің мағынасын ажыратады 3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. 2 –тапсырма. Заттардың кімге тиесілі екенін тап: (Айтылым) Топпен жұмыс. 1-топ 2-топ Жұмыс құралдары Ыдыстар 3-топ Ойыншықтар Дескриптор: 1. Суреттегі заттарды топтарға бөледі, атын атайды. 2. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді табады. 3. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді буынға бөледі. 4. Қ дыбысының орналасу ретін біледі 5. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.Кері байланыс «Үш шапалақ» Сергіту сәті. « Санамақ» «Артығын алып таста.» ойыны ( Құрамында қ дыбысы жоқ сөзді табады.) Дескриптор 1. Суреттегі заттарды атау. 2. Сөздердің мағынасын ажыратады 3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. 4. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу. 5. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау. Дәптермен жұмыс. 1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады. 2. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды 3.Сауатты жазады Оқулық Суреттер Электронды оқулық «Достық туралы» видеоролик Кеспе әріптер Буындар Түрлі-түсті сигналдар Қима суреттер Дәптер, қаламсап Соңы «Сиқырлы сандық» Қораптың ішінен заттарды алып,сол затты қатыстырып сөйлем ойлайды. «Йә,жоқ» тесті 1.Қ дауыссыз дыбыс 2.Сөздің басында,ортасында,соңында келе береді 3. «Қ» әрпін көк текшемен белгілейміз 4.Кері байланыс «Бағдаршам»әдісі Жасыл - жақсы түсіндім Сары - әлі де көп үйрену керек Қызыл - түсінбедім Бағдаршам суреті Жасыл, сары, қызыл алма стикерлері Қосымша мәліметтер&nbsp;&nbsp;

Файлдар:

Файлды ару Қ дыбысы мен әрпі

Пікірлер(0)