Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету
Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларға волейбол ойынындағы допты жоғарыдан және төменнен қабылдап, беру әдіс-тәсілдерін үйрету |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады : Әуелеп келген допты қабылдайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады : Төменнен қабылдап береді Кейбір оқушылар орындай алады : Допты әр түрлі әдіспен қабылдап, әріптесіне береді |
| Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «пас», «аут», «эйс» Талқылауға арналған сұрақтар : 1.Алаңда орын ауыстырудың әсері? Не себепті .... деп ойлайсыз? Ойыншы барлық нүктедегі міндеттерді атқарады Ишара : Доп сыртта, доп алаңға түсті, |
| Алдыңғы оқу: | Қысқа қашықтыққа жүгіру |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Басы (15) |
Командалық жаттығулар: Амандасу, түзел, тік тұр. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері бұрылу. Жүру жаттығулары: 1. екі қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру. 1. Қолы желкеде өкшемен жүру, 2. қолымыз белде табанның ішкі қырымен 3. Табанның сыртқы қырымен жүру. 4. Қол алға созып жартылай отыра жүру. 5. Спорттық жүріспен жүру. Жугіру жаттығулары. 1. Бір қалыпты жүгіру. 2. Сол жанымен жүгіріу, 3. оң жанымен жугіру. 4. Артпен жүгіру 5. Тізені көтеріп секіріп жүгіру. 6. Аяқты артқа лақтырып жүгіру 7. Қол белде аяқ ұшын көтеріп жүгіру 8. Жылдамдықпен жүгіру. 9. тыныс алу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары. 1. Қол белде, аяқ иық деңгейінде басты оңға, солға айналдыру. 2. Қол белде, иықты алға, артқа айналдыру 3. Қолды сермеу жаттыулары 4. Қол желкеде онға солға бұрылу 5. Қол белде оңға,солға айналдыру 6. Екі қолды тізеге қойып айналдыру. 7. Отырып-тұру жаттығулары 8. Қолды көтеріп-түсіріп тыныс алу |
Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық. |
|
Ортасы (15) |
- Сабақ тақырыбын оқушыларға түсіндіру - оқушыларды үш топқа бөлу - ойын барысын түсіндіру «Айдаһар» ойыны. Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлінеді. Жарты топ бір-біріне тіркесіп «Айдаһар» бейнесінде тұрады. Екінші топ айдаһарды айнала шеңбер жасайды. Шеңбер жасап тұрған оқушылар «Айдаһар» бейнесіндегі тіркескен оқушыларды соңғысынан бастап доппен ұра бастайды. Доп тиген оқушы ойыннан шыға береді. Осылайша біртіндеп ұрып «Айдаһарды» өлтіреді. Оқушыларды бағалау критериімен таныстыру. Оқушылды деңгейіне байланысты үш топқа бөлу: 1. топ: «Астана»- жоғарғы деңгейлі оқушылар 2. топ: «Алматы»- орташа деңгейлі оқушылар 3. топ: «Ақтөбе»- төменгі деңгейлі оқушылар АКТмен видео ролик көрсету «Астана» тобына допты саусақпен жоғарыдан қабылдау. «Алматы» тобына допты төменнен қабылдау. «Ақтөбе» тобына допты әуелетіп лақтырып, қағып алу. |
АКТ видео ролик көрсету:волейбол доптары, ысқырық, критерий қағаздары |
|
соңы (10) |
Үйге тапсырма, оқушыларды бағалау |
Пікірлер(0)