Отбасы-шағын мемлекет

Маханбетова Жаркынай Жаксаткызы
Маханбетова Жаркынай Жаксаткызы
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская ШГ №1
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
Тақырып:

Отбасы-шағын мемлекет

27.12.2019
115
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(5.Т/А4)Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

(5.Ж3)Сюжетті суреттердің (фотосуреттері) желісі бойынша әңгіме құрастыру.  

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді. Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сюжетті суреттердің желісі бойынша негізгі ойды сақтап әңгіме құрастырады.  

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді анықтайды. Отбасы туралы қойылған жетекші сұрақтарға жауап береді. Сюжетті суреттердің желісі бойынша «Отбасы» тақырыбында әңгіме құрастырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы, шағын мемлекет, ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қара шаңырақ, сыйластық, Отан Талқылауға арналған сұрақтар:

1.«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2.Отбасын кімдер құрайды? (Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)

3. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

4. Отбасылық әдет-ғұрып туралы түсініктеме беру. (Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, көмекші.)

5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген? ( Ата- анасына)

6.Отбасылық құндылықтарға нені жатқызар едіңіздер? Неге?  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(2 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа жетелейтін «Жылы лебіз» тренингі. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолдарын айқастырып бір –біріне жылы лебіз білдіреді. Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

С 1.Тыңдалым алдындағы тапсырма. «Отбасы», «отбасындағы мереке» сөздеріне сәйкес келетін суреттер беріп, оларды өзара байланыстыру, тыңдалымға дайындық жүргізу, болжам жасату.

Сабақтың тақырыбын бейнежазба көрсету арқылы ашу,сабақтың мақсатымен таныстырады.Оқу мақсатын оқушылармен бірге талдау.  

Сабақтың ортасы

(15 минут)

2.Тыңдалым тапсырмасы.

«Отбасы-шағын мемлекет» туралы аудио тыңдау. «Стоп кадр» әдісі Аудионы бөліктерге бөліп тыңдау.

Тыңдалған мәтін бөлімі бойынша жетекші сұрақтар беру:

1.«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2.Отбасын кімдер құрайды? (Ата,апа,ана,әке,аға,қарындас,әпке,сіңілі,іні.)

3. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас,әпке,сіңілі,аға,іні)

4. Отбасылық әдет-ғұрып туралы түсініктеме беру. (Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.)

5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген? ( Ата- анасына)

6.Отбасылық құндылықтарға нені жатқызар едіңіздер? Неге?

Берілген сұрақтар негізінде мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Сұрақтар бойынша қорытынды жасалады.

3.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тыңдалған мәтін аясында «Отбасындағы бір күн» деген тақырыпта өздерінің ойларымен пікіралмасу жүргізіледі. Тірек сөздер: қара шаңырақ, сыйластық, Отан ҚБ "Бағдаршам" Түсінгендіктерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін пайдалану. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл-түсінбеймін, жасыл -барлығы түсінікті) Оқушылар бағдаршамды пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Ж тапсырма 1.Сюжетті суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастыру, әңгімеге ат қою. Оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті жаңа сөздер (тұрақты тіркестер, көркемдегіш құралдар ұсынылады). Сыныптан үздік жұмыс анықталып, автор орындығында оқиды.  

Сабақтың соңы

(2 мин)

  Кері байланыс. «3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

«Отбасым-бақытым»деген тақырыпта шағын эссе жазу.

Дескриптор: -Өз ойларын еркін жеткізе алады. -Ойларын өмірмен байланыстыра алады. «ББҮ кестесі» әдісі. Мақсаты:Бүгінгі білімін саралап,кесте толтырады.

Әдіс қадамдары:  Алған білімін жинақтайды.  Кестенің 3 бөлімін толтырады.  

Файлдар:

Файлды ару толық нұсқа

Пікірлер(0)