Моғолстан. Әбілқайыр хандығы
Моғолстан. Әбілқайыр хандығы
| Зерттеу сұрағы | Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саси өзгерістерге әкелді? |
| Сабақ мақсаттары | Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы ішкі-сыртқы саяси оқиғаларды талдай отырып, оқиғалар мен тарихи үдерістер негізінде туындаған өзгерістерді сараптау |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.2 - ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.2.5 - тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағындағы ХІІІ-ХҮ ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру |
| Бағалау критерийлері | Венн диаграммасында мемлекеттерді салыстырып, пікірлерін қорғайды. Өз тұжырымдарын постерге салып қорғайды. |
| Құндылықтарды дарыту | -Өткен тарихына құрметпен қарап еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру -Оқушылардың бойына жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру, ашықтық, сыйластық, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру |
| АКТ қолдану дағдылары | интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады |
| Бастапқы білім | Оқушылар Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы, Ақ Орда мемлекетінің құрылуы мен құлдырау себептері туралы біледі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ тақырыбы, оқу мақсатымен бағалау критерийлері, зерттеу сұрағы таныстырылды. Зерттеу сұрақтары: - Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның этникалық және қоғамдық құрылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай? - Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы саяси оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? |
Слайдтар |
|
сабақтың ортасы (30 минут) |
Ой шақыру Зерттеу және талдау. Жұптық жұмыс. Тапсырма - 1: Картадағы ұяшықтарды сәйкестендір! Егер орнын дұрыс тапсаң, Әбілқайыр хандығының хронологиясымен танысатын боласыңдар тапсырма - 2: Әбілқайыр мен Моғолстанның этникалық және қоғамдық-әлеуметтік құрылымын басқа мемлекеттермен салыстырып, ортақ белгілерін талдау Дискрипторлар:Моғолстан, Әбілқайыр хандығының этникалық және қоғамдық-әлеуметтік құрылымының екі ерекшелігін атайды; Моғолстан, Әбілқайыр хандығының этникалық және қоғамдық-әлеуметтік құрылымының басқа мемлекеттермен екі ұқсастығын атайды. Бағалау критерийі: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін талдайды. Тапсырма-3: Жетекші сөздерді пайдаланып тарихи оқиғалар желісін дұрыс орналастыр. Қорытындылау сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығы арасындағы саяси қарама-қайшылықтың нәтижесі қандай? Қазақ даласында Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің әлсіреуі нәтижесінде ХV ғасыр қалай аяқталды? (ауызша талқылау) |
bilimland.kz таратпа материалдар |
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
рефлексия • Менің бүгін білгенім... • Үйренгенім... • Келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді |
Стикер Слайд |
Пікірлер(0)