Мәңгілік Ел-мұратым.

Сатаева Калимаш Казеновна
Сатаева Калимаш Казеновна
Ақтөбе
Ақтөбе
Кенкиякская средняя школа
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика
Тақырып:

Мәңгілік Ел-мұратым.

27.12.2019
86
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мәңгілік Ел-мұратым.

Т/А 9.1.1.1.Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру. ӘТН 9.4.1.1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу. Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап түсінеді, сұрақтарға болжаммен жауап береді. Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған мәтіндегі сұрақтарға болжаммен жауап бере отырып, түпнұсқамен салыстыра алады. Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіндегі сұрақтарға болжаммен жауап бере алады, түпнұсқамен салыстыра отырып, өзіндік сыни көзқарасын білдіреді, тарихпен байланыстырады. Емле заңдылығын ескеріп, тілдік бірліктерді таңдап қолдана біледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Мәңгілік Ел- мұратым

(27.12.2019)

Бағалау критерийі • Сұрақтарға болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстырады, тарихпен байланыстырады. • Тілдік бірліктерді нормаға сай қолданады. Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: мәтінді мұқият тыңдайды, мәтін мазмұнын түсінеді, сұраққа жауап береді, түпнұсқамен салыстырады, орфографиялық нормаға сай жазады, сыни көзқарасын білдіреді, тарихпен байланыстырады Нақты тақырыптарға арналған сөздік қор, терминология синтаксис, орфографиялық норма, тілдік бірлік, мәнмәтін, мәтін Диалог құруға қажет сөздер "менің болжауым бойынша...", "біз ойлағандай...", "менің пікірім негізінде...", "қорыта айтқанда..." Талқылауға арналған сұрақтар -"Мәңгілік ел" ұғымының біздің елімізбен байланыстырылуына келісесің бе? Неліктен? -Ажалдан қашқан Қорқыт баба мен "Мәңгілік ел" идеясын байланыстыруға бола ма? Неліктен? Құндылықтарға баулу "Мәңгілік ел-ұлттық идеясы", "Рухани жаңғыру" бастамаларының негізінде ынтымақтастыққа, бірлікке, ұлтжандылыққа, ұлттық мұраға мұқият болуға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс тарих, әдебиет, география Алдыңғы оқу "Мәңгілік ел құндылықтары" тақырыбы бойынша өтілген материалдарды еске түсіру "Қағаздағы сұрақтар" әдісі  

Қосымша ақпарат

Мәтін. "Мәңгілік" ұғым-түсінігі-барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа "Мәңгі ел" ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсысының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан бастап, ақын Ж.Молдағалиевтің: "Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген" деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. "Мәңгі ел"-арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында "Мәңгі" сөзі бес рет қолданылған. Мысалы: "Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен",- делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен-түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол-мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі -"Мәңгілік ел" идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой. Интеллектуалдық ұлы ізденіспен түзілген "Мәңгілік ел" өздігінен, автоматты түрде биік технологияларды, материалдық игіліктерді, әлеуметтік инфрақұрылымды алақанымызға салмайды. Оның миссиясы- қоғамның бар саласындағы адам факторын ізгілікке, жасампаздыққа жегу. Ендеше, "Мәңгілік ел" еліміздің ілгері өркендеуіне септесетін ұлы жобалар мен бастамалардың, идеялар мен бағдарламалардың алтын діңгегі бола беретініне сенеміз. (Хангелді Әбжанов)   

Файлдар:

Пікірлер(0)