Пікірлер

АРДАК КОЙЛЫБАЕВА
BilimLand сайтын өз сабағымда күнделіктті қолданамын. Өте тиімді, көптеген қажетті материалдар алуга болады. Алда жаңа бағдарлама бойнынша толықтырулар жасалса деп ойлймын.
Жүктелді: 11.12.2018
Айгүл Сағынбайқызы Ақтаева
Bilim land сайты қазіргі таңдағы білім бағрламасы үшін өте қажетті құралдардың бірі болып табылады. Мұндағы жаңартылған мазмұндағы математика пәні бойынша берілген видеолар мен тапсырмаларды күнделікті сабақта жүйелі қолданамын. Берілген жаттығулар оқушыларға түсінікті, орындауға жеңіл, уақытты үнемді пайдалануға арналып жасалған. iMektep материалдарын қазақ тілі пәнінде үнемі пайдаланамын. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Осы ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін.
Жүктелді: 26.11.2018
Джанна Мамашбаева
Информатика пәнінен сабақ беру кезінде видеосабақтарды және тапсырмаларды жиі пайдаланамын. Нәтижесінде уақытты үнемдеймін. Сонымен қатар, оқушыларға өздігінен сабаққа дайындалуға мүмкіндік мол. 5, 7-сыныптарға ағылшын тілінде Computer science бөлімін пайдаланамын. Ағылшын тілін енді үйреніп жүргендіктен, сабақ кезінде қолданатын видеосабақтар және терминдер оқушыларға да, өзіме де есте сақтап қайталауға көмегін тигізіп жатыр. Bilimland ұжымының жұмыстарына табыс тілеп, ары қарай жұмыстарыңыздың жандана түсуіне тілектеспін!
Жүктелді: 02.11.2018
Рустем Юсупов
Сайт мұғалім үшін, оқушы үшін де өте қажет. Бұрын көбінесе Ресейдің сайттарынан қажет дүниелерді қарап, сабақтарда пайдалану үшін аудармасын жасап жүретін едік. Енді өз тілімізде сабақты қызықты өткізуге қажетті дүниенің барлығы бар. Бұл сайттың мұғалім үшін көмегі өте көп деп ойлаймын, әсіресе уақыт үнемдеу. Сайтты жасаған шығармашыл топ жастарға алғысым шексіз, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Жүктелді: 30.10.2018
Екатерина Мейрамбековна Ахметова
Огромное спасибо за такой чудесный сайт! Столько полезной, интересной и неожиданной информации.Очень понравились аудио материалы. С радостью буду рекомендовать этот сайт родителям. Предложение : мне бы как учителю пения хотелось бы раздел по классическому, эстрадному и этническому вокал с аудио и видео материалами.
Жүктелді: 27.10.2018
Мөлдір Кеулімжай
Мен тарих сабағында Bilimland сайтын өте жиі қолданамын. бұл сайт сабақтарымды тиімді әрі нәтижелі өткізуге көп көмегін тигізеді. Дүние жүзі тарихы пәні бойынша көптеген бейнероликтер және қызықты тапсырмалар бар. сонымен қатар екі тарихтан да 5-9 сыныптар арасында сабақ соңында сайттың Itest бөлімін өте жиі қолданамын. бұл оқушының өздігінен білімін тексеруге және өзлігінен дайындалуына үлкен мүмкіндік береді. Сайт ұжымына үлкен табыстар тілеймін жұмыстарыңыз жемісті болсын.
Жүктелді: 27.10.2018
Роза Мамырова
Білімленд сайты мұғалім үшін таптырмас көмекші құрал. Сабақ барысында көрнекіліктермен сабақ барысында балаларды қызықтыра алдым
Жүктелді: 25.10.2018
mektep109.34
Білім ланд сайтына шығармашылық табыс тілеймін. Сайттан өзіме керекті материалдарды ала отырып, сабақтарыма пайдаланып отырамын.Бейнебаяндарды көре отырып, тәрбие сағаттарыма,үйірмелеріме қолданамын.Сіздерге көп көп рахмет айтамын.
Жүктелді: 24.10.2018
Юльчиева Васила
Bilimlend сайты қазіргі таңда өте қажет ақпарат алмасуға жаңа ақпарат алуға сабақ өту барысында шəкіртерімізді қызықтыруға көп қажетті материялдарды қарап алуға болады.Менің ойымша əр бір ұстаз өз сабағын қызықты мəнді-мағаналы етіп өткізгісі келеді ал сабақтын мəнін толығымен ашу үшін ен қажетті дүние ол көрнекілік құралдар осы bilimlend сайтынан қарап өзімізге түртіп аларлық дүни е көп.Bilimlend сайтынын ұжымына сəттілік тілеп алда тек жаңа дүниелермен бөлісе берулерінізді тілеп қаламыз!!!
Жүктелді: 22.10.2018
АДЕЛИЯ РАКИПОВА
BilimLand ұсынып отырған жүйелі танымдық ақпараты, оқушыларға білімді теория және практикалық іс жүзінде меңгеріп, өз бетінше пайдалануға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан да сіздерге тілерім, көркейе беріңіздер, ұсынысым: алда өнер , оның ішінде музыка пәніне де көбірек көңіл бөлінсе екен. Себебі, берері мол пән ретінде көптеген оқушылар, ұстаздар қызығып отыр.
Жүктелді: 22.10.2018