Адырбек Сопыбеков. «Сапар мен Парта»

Дамулдина Айнагүл Социаловна
ШҚО, Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі
34602
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
Адырбек Сопыбеков. «Сапар мен Парта»

 

Жалпы мақсаттар

1. Мысал авторымен таныстырып,тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу, негізгі идеясын түсіну.

2. Әдептілік туралы білім деңгейін кеңейту, мектеп мүлкіне оң көзқараспен қарауға дағдыландыру.

Ойларын, жүйелі нақтылап сөйлеуге үйренеді.

Оқыту нәтижелері

 

1. Мысал жанры туралы түсінуі. Мысалдың негізгі ойын аша білуі. Мысалдың тәрбиелік мақсатын түсіне алуы.

2. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар топтық, жұптық талдау арқылы бір-бірімен пікір алысады, ойларын ортаға салады, дәлелдейді. Бір-бірін толықтырады, нәтижесін нақты жеткізуге дағдыланады. Тіл байлықтарын қалыптастырып, жақсы мен жаман қасиеттердің ара-жігін ажырата білуді түсінеді.

3. Әдепсіздік жағымсыз қасиет екенін ұғына отырып, ондай қасиеттерден бойын аулақ ұстауға дағдыланады.

Сабақтың негізгі идеясы

Оқушыларды ойландыруға тапсырмалар беруде негізгі ойды тұжырымдау арқылы мәтін идеясы ашылады. Оқушыларда жауапкершілік пен белсенділік, сыни ойлауы дамиды.

Сабақтың түрі

сыни ойлау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

топтастыру, ой толғау, түртіп алу.

Ресурстар

Проектор, слайдтар, суреттер, BILIMLand порталындағы «Дүниетану» және iMektep.kz білім беру ресурстары. 

Негізгі идеяны ашу

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді, мағынасын ашады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 (10 минут)

0,5 минут

1,5 минут

 

 

 

 

5 минут

(жұптық жұмыс)

 

 

3 минут

 

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу).

 

«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды кері байланыс орнату.

Көңіл-күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.

Доп, бағдаршам.

Тапсырма 1. «Арша» тақырыбы бойынша «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы үй жұмысын бір-бірінен сұрату.

Тапсырма 2. Бойынша орналасуын көрсетуді сұрау.

Жақсы көрсеткен оқушыларға «смайлик» беру.

Постер.

Тапсырма 3. (М). Миға шабуыл. Оқушылар.

- Жиһаз неден жасалады деп ойлайсыңдар?

- Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсыңдар?

Сабақта ол туралы қандай мәлімет білгілерін келеді?

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/deneler-zattar-qubylystar/lesson/deneler-turaly-tusinik

Сабақтың ортасы

 

(22 минут)

 

1 минут

 

 

 

 

2 мину

 

 

 

 

14 минут

(жекелей, топтық, жұптық жұмыс)

 

 

 

 

 

2 минут

(жұптық жұмыс)

 

 

 

 

 

 

3 минут

(жекелей жұмыс)

Жиһаздардың суреттері бойынша топқа бөлінеді.

Оқушыларды 4 топқа топтастыру.

Мағынаны тану:

- Суретте кім бейнеленген?

Оқушылар автор қысқаша өмірбаянымен таныстырады.

Бүгін тағы жаңа ақын, жазушы Адырбек Сопыбеков ағамызбен танысамыз.

- Міне, балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалы. Адырбек Сопыбеков 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Оның балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан.

Адырбек ағаның «Сапар мен парта» деген алғашқы өлеңі осыдан 57 жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарияланды. Бұл республикалық баспасөзде тұңғыш жарияланған өлеңі болатын-ды. Содан бастап осы газеттің белсенді авторларының бірі және штаттан тыс тілшісі болды. Балаларға арналған өлеңдері 60-тан аса топтама жинақтарға енсе, соңғы 50 жылдан бері біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын үзбей

 

Тапсырма 4. (Ж, Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасату.

1-әрекет. «ДЖИКСО» арқылы мәтінді шағын топта талқылап, басқа топтарға барып өз жоспарларын түсіндіреді. Бастапқы топқа қайта оралып, қорытынды жасайды.

Түртіп алған сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді.

1. Өлеңнің мысалға жататынын қалай аңғаруға болады?
2. Парта Сапарға неліктен ренжіді.

Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Мұндай сөйлесуді монолог дейміз.
Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?
3. Сапардың өз кінәсін мойындаған жерін тауып оқы.


1. Сенің өміріңде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?
2. Сапардың орнында болсаң не істер едің?
 

2-әрекет. (ФБ). Түсінгендерін «Сұхбаттасатын жұп» арқылы бағалайды. Жұбыңызбен 3 үйренген нәрсе:

- Не оңай болды?

- Не қиын болды?

- Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз.

Тапсырма 5. (Ж) Оқулықтан және берілген мәтіннен тірек сөздерді жазғызу.

(ФБ) Бағалау сызбалары арқылы бағалау жүргізу.

Топ аты жазылған үлестірме қағаздар, автор суреті, слайд оқулық, мәтін жазылған қағаздар

 

 

 

 

 

 

І топ: Сапар мен парта сөздеріне 5 жолды өлең құрастыру.

ІІ топ: Сапар мен партаға мінездеме бере отырып, салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын жазады.
ІІІ топ: Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жазады.
 

5. РАФТ әдісі.
1-топ. Парта - Сапар - хат -«Менің мүшкіл халім» (Парта Сапарға хат жазады)
2-топ. Сапар - Сынып жетекші - Түсініктеме -«Түзелуге сөз беру.» (Сапар сынып жетекшісіне түсініктеме жазады)
3-топ. Сынып жетекші – Ата-анаға Эл.почтаға «Сапардың тәртібі» (Сынып жетекші Сапардың ата-анасына электрондық хат жазады)
(РАФТ әдісі бойынша оқушылар хат, түсініктеме, электрондық хат жазады.)

 

«Ақылдың 6 қалпағы».

Мәтінге байланысты негізгі ойды қарастырады.

Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?

Сары қалпақ – айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.

Қара қалпақ – сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ – сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Көк қалпақ – ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.

- Мектепте қандай ережелерді сақтауымыз керек?

Алтын ереже
• Мектеп мүлкін күтіп ұста
• Партаны сызба
• Партаны бүлдірме
• Орындықты ырғыма
• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап
• Кабинет есігін қатты жаппа
• Партаны күтіп ұста
• Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт

 

http://imektep.kz/olen-zhazu

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 қалпақ.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(11 минут)

Тапсырма 6. Формативті бағалау парағымен жұмыс жасату. Кері байланыс беру

ФБ парағы.

Формативті бағалау парағы

Тақырып

Адырбек Сопыбеков. «Сапар мен Парта».

Оқу мақсаттары

Оқушыларда жауапкершілік пен белсенділік, сыни ойлауы дамиды.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу, түсіну.

Бағалау критерийлері

Мысалды рөлге бөліп оқу, негізгі идеясын анықтай алуы.

Сабақтың соңы

 

 

Тапсырма 7. Қызыл лента әдісі арқылы оқушылар рефлексия жасайды, мұғалім кері байланыс алады. Осы тақырыпты қорытындылап, сабақтың мақсатына жеткен жетпегенін, неге көңіл бөлу керек, келешекте не істеу керек деген сұрақтарға жауап аламын.

Үйге тапсырма беру.

А. «Әдептілік» тақырыбынашығарма жазу.

Ә. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Қызыл лента.

 

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», «жіктеу» тәсілдерін қолдану жоспарланды. Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, слайдтар көрсетемін. Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау.

Бағдаршам, смайликтер, «Сұхбаттасатын жұп», бағалау сызбалары, формативті бағалау парағы, қызыл лента.

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Ақ тілек сергізу сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Қате туралы хабарландыру