Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана

Кадирбекова Райгүл
ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
6519
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана

 
Сілтеме Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаттар Ертегінің негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау, танымдық қызығушылығын арттыру, ананы аялауға тәрбиелеу. Мәтіндегі негізгі ойды айқындау, ойын анық баяндау, дағдысын қалыптастыру, қайырымдылыққа баулу.
Түйінді идеялар Әйел – әлемді қорғаушы.
Оқыту нәтижелері Ақселеу Сейдімбек туралы деректерді біледі;
«Әйел-Ана» ертегісін талдап, негізгі ойды анықтай алады;
Ертегідегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсінеді;
Ертегіні ақын тілімен сипаттап, әңгімелей алады;
Ертегі мазмұнына байланысты Әйел-Анаға деген сый-құрметті түсінеді;
Қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер Ақселеу Сейдімбек жайлы слайд, бағалау парағы, флипчарт, бағдаршам.
iMektep
Дереккөздері Әбдікәрім Т.М., Рахметова. С.Р., Әдебиеттік оқу, 3 сынып. Алматы: Атамұра-2014. 255 б.
Әдіс-тәсілдер Жекелей, жұптық, топтық.
Болжау, ТВ шоу, INSERT, постер, кластер, «Еркін» әдісі, «Бумеранг», тұжырымдамалық карта.
 
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

2-5 минут

Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық ахуал туғызу. «Ақ тілек. Әсем күлкі».

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды).
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, о, о (бас бармағын көтереді).

Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығы тексерілді.
Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады.
Топқа бөлу, топ ережелерін сақтау, топ басшысын, баяндамашыны сайлайды.
Топ аттары туралы өз білгендерімен бөліседі.

Шапалақтау.

 

ІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

5 минут

«Миға шабуыл».
- Суретте кім бейнеленген?
- Оны неден аңғардың?

Ана туралы қандай қанатты сөздер білеміз?

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: Ақселеу Сейдімбек «Әйел-Ана» ертегісі.

- Суретте ана, әйел-ана бейнеленген.
Сурет бойынша әңгіме құратамын.

Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын, ол – Ана. Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады». Ана барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан ананың ақ сүтінен дариды.

Жаңа тақырыптың мақсатын оқушылармен анықтайды.
Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көзқарасын ескере отырып, ортақ мақсат шығарады.
1942 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Атасу ауылында дүниеге келген.
Ақын
Жазушы
Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана - 1

Ғалым
Әдебиет зерттеуші
2009 жылы дүниеден өткен.

Бағдаршам арқылы бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ


20 мин

Автор туралы қызықты дерек видеороликтен көрсетіледі.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Ақселеу Сейдімбек туралы мәліметтер айтады.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (22. 12. 1942 ж., Байдалы би ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16. 09. 2009 жылы, Астана) –

 

жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Білімі:
1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген.

Қызмет жолы:
«Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975), Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы (1975-1976).
1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі.
1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
1988-1997 ж. ҚазКСР ҒА - ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
1999 жылдан Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде, кафедра меңгерушісі.

Шығармашылығы:
Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз» (1991) және т. б. әңгіме, повесть, очерктері, «Күңгір - күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), « Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997), «Күй шежіре» (2-т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді. Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейканың «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қайтыс болуы:
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.

Бас бармақпен бағалау.


Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана - 2

Ертегіні видеодан көру, тыңдау.


Bilimland


https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/adebi-ertegiler/lesson/2-aqseleu-sei-dimbek-ai-el-ana-ertegisi


- Әдеби ертегі дегеніміз не?
- Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?

Түртіп алу стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана - 3
І. Тыңдалым
ІІ. Оқылым
ІІІ. Жазылым
ІV. Айтылым


Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
Әдеби ертегілер туған елді сүюді, адамгершілікті шыншыл болуды уағыздайды.

Кіріптар – бағынышты болу
Мұқалту – кемсіту
Лағнет – қарғыс айту.

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

Топ басшысының бағалауы.

 

Сергіту сәті


2 минут

Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана - 4«Бумеранг» ойыны. Сұрақ алу. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.


http://imektep.kz/ertegiler

 

Дәптермен жұмыс.
Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді тауып, мына үлгі бойынша жазу:

- Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?
- Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болды?
- Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың қандай жолын ұсынар едің?
…. ….. таулары
….. …… далалары
….. …… орманы
….. …. өзен - көлдері

Смайликтер арқылы бағалау.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту


10 минут

Әр топқа «Әйел Ана» ертегісінің негізгі идеясын ашу мақсатында кластер жасауды тапсырамын.
Әр топтың тапсырманы орындау кезінде олардың жұмысына бағыт беру арқылы сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын қадағалап, кері байланысқа түсемін.

1-топ. «Күншуақ елінің табиғаты».
2-топ. «Күншуақ елінің адамдары».
3-топ. «Күншуақ елінің тұтқынға түсуі».
4-топ. «Әйел Ана» бейнесін суреттеу.
Топ мүшелері өз кластерлерін қорғау барысында тақырыпты ашып, өз ойларын толық жеткізеді.
Галлереяда ой шарлау.

Екі жұлдыз бір тілек.

 

V. Қорытындылау


3 минут

Ана туралы білетіндерін бекіту.
Топ басшыларының пікірін тыңдау.

1 топ: «Әйел – ана» ертегісінің желісі бойынша жоспар құру.
2 топ: «Әйел – ана» ертегісі бойынша ана бейнесіне мінездеме жазу.
3 топ: Ертегінің тақырыбын, идеясын ашу. Ана тақырыбында мақал-мәтелдер жазу.
4 топ: Ертегіге композициялық талдау жасау.

Топ жұмысын бағалау кестесі.

VI. Үйге тапсырма беру, бағалау


2-5 минут

Ертегіні оқу.
Қосымша мәліметтер жинау.
Барлық формативті бағалаудан жиынтық баға шығарамын.

Күнделікке тапсырма жазып алады.
Бүгінгі сабақ туралы өз ойларын арнайы тақтаға стикерлерге жазып қалдырады.

Екі жұлдыз бір тілек.

 

Қате туралы хабарландыру