О, туған ел! М. Мақатаев

Мадаутова Зульфия Кайрбековна
Алматы қаласы, №104 ЖББОМ
256
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
О, туған ел! М. Мақатаев

Мақсаты

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуға, өлеңнің мағынасы мен идеясын ашып, туған жерге деген  сезімін көркем сөзбен жеткізуге дағдыландыру; ой-өрісін, тіл байлығын арттыру; Отаның, жерін сүйе алатын, намысшыл, батыл азамат болуға баулу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тыңдау, талдау.

Оқушылар тақырыпты  оқып, мағынасы мен негізгі идеясын ашады, топтық жұмыстарға дағдыландыру

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен – жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Тізбектегі қалпақ»

Оқушыларды тізбектей тұрғызып, бастарына сұрақтар жазылған қалпақтарды кигіземін. Қалпақтағы сұрақты қарсы қарап тұрған оқушы оқып береді.

Жайық неліктен ағара берді?

Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?

Баланың ауына балық неге ілікпеді?

Өзен неге Ақжайық деп аталады?

Су туралы мақал айт

Автордың негізгі ойы

Қызығушылықты ояту

«Сазды әуен» 

 Туған ел туралы «Youtube» тыңдату

Көзге елестету арқылы

Білу:

(Музарттың әні)

Рахмет саған туған ел

 

Байтерегім сен едін, бір бүршігің мен едім,

Қолым кыска демедім, колтыгымнан демедің.

Рахмет туған ел.

Қазақ деп соккан журегі, казығыңның бірі едім.

Тайғанында тағдырдың табанды саған тіредім.

Рахмет туған ел, рахмет саған туған ел.

 

Қасиеттім киелім жаралған сенен суйегім.

Арқардай ауып жургенде арқамды саған суйедім.2р.

Рахмет саған туған ел.2р.

 

2. Еркеледім есірдім, ессіз көзсіз көсілдім.

Еңіреп кетті-ау есіл кол, бәрін де соның кешірдің.

Рахмет туған ел.

Балалығым қалса да, қателік деген қаншама.

Жүрмін ғой әлі еркелеп, шашымды акшаң шалса да.

Рахмет туған ел. Рахмет саған туған ел.

           

Тыңдаған ән не туралы? (Туған ел, туған жер)

«Бір минуттағы ой»

Жұппен жұмыс «Туған ел, туған жер» туралы топтастыру

Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жұппен жазады.Оқиды

Тыңдаған ән не туралы? (Туған ел, туған жер)

Туған жер деген не? (кластер)

Балалар стикерге жазып іледі

Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Жаңа жұмыс тобын құру

Ту арқылы

Сөздер жазылған

1 топ - Атамекен

2 топ - Туған жер

З топ - Отан

4 топ - Қазақстан

 

Топ ұстанымын айтып өтуін сұрау (алтын ереже)
- топтық жұмысқа белсене қатысу
- өзгенің пікірін тыңдау
- өз ойын ашық білдіру
- шынайы бағалау
- адал, әділ, ұйымшыл болу

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: М. Мақатаевтың «О, туған ел!» өлеңі

Бүгінгі сабақтың соңында біз не білуіміз керек?

«О, туған ел!» өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, автор жайлы білу

Бұл өлеңді кім жазды? (М.Мақатаев)

Автор өмірбаяны

Талдау: 8 мин

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Өмірбаяны

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреатыОразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты – Мұхаммедқали.[2]Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

iMektep.kz + әдебиеттік оқу  (видеототама ) көрсетілім М.Мақатаев

iMektep.kz + әдебиеттік оқу. Ойындар:

«Дұрыс – дұрыс емес»

«Сөйлемді толықтыр»

«Артығын алып тастау»

 

«Дұрыс, дұрыс емес» әдісі   

Ақынның шығармашылығына байланысты сұрақтар сайттан

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Түсіну:

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Әр оқушыға тізбектей оқыту

Оқудың түрлері: 1)дауыстап оқу 2)іштей оқу 3)теріп оқу 4) хормен оқу


Өлең мазмұныны не жайында ? Біздің туған еліміз несімен танымал? Біздің мемлекетіміз ше? Сөздіктерді түсіндіру

Ғұмыр – бар өмірін еліне арнайды

Табыну – бас ию – яғни туған елге бас ию

- Әр топ 1 шумақтан оқып шығады .Топта талқылайды.Ортаға шығып қорғайды.

1 топ – 1 шумақ

2 топ – 2 шумақ

З топ – 3 шумақ

4 топ – 4,5 шумақ

(Әр топтан бір оқушы немесе топ басшысы тұрып мазмұнын айтып шығады)

СЕРГІТУ СӘТІ:

Bilimland.kz + видеотоптама (Сынып сағаттары+ «Қазақстан – ортақ үйіміз» )

Қолдану: 15 мин

1 топ – 5 жолды өлең

2 топ – «Сәйкестендір»

З топ – «Ақындық қасиетім» Өлең шығару

4 топ – «Бэкроним әдісі» Қазақстан сөзі

Шығармашылық жұмыс

Сөйлемдерді аяқта. «Жасырын сұрақ»

1-топ: Мен туған жерімді сүйемін, өйткені....

2-топ: Менің туған жерім мен үшін қымбат, өйткені....

3-топ: Менің  отанымдай жер жоқ, себебі...

4- топ: Менің туған жерге қосар өз үлесім......

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ой толғаныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

iMektep.kz + әдебиеттік оқу. Ойындар:

«Тест»

Дәптермен жұмыс

Кестемен жұмыс

Өлеңдегі ақынның  сезімдері

Өлеңдегі негізгі ой

 

 

 

 

Жинақтау:

Бүгінгі сабақтан алған білгендеріңді, естігендеріңді, көргендеріңді

жинақтайық. Келісемін-Келіспеймін кестесі

Келісемін-келіспеймін кестесі

Туған жерді мақтан тұту керек

Туған жерді ластау керек

Отанымызды қорғау керек

Атамекенді сүю керек

Туған елді қорлау керек

Туған жерді қадірлеу керек

 

Мұқағали Мақатаевтың тағы қандай шығармаларын білеміз?

Bilimland.kz +Курстар+Қазақ әдебиеті 5 сынып  

М.Мақатаев «Мен таулықпын» тыңдату( аудионұсқасын )

 

«Ұялы телефон»

Ұялы телефонға хабарлама жазады.

Мен не үйрендім?

Қандай жаңалықтармен таныстым?

Сағат тілімен топта бір біріне беріп, ең қызықты хабарламаны дауыстап оқиды.

 

Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру 22-23-бет өлеңду жаттау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Қате туралы хабарландыру