Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі

Нусупбекова Айнұр Ермековна
Талдықорған қаласы, №2 орта мектеп
5178
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі

 
Сабақтың мақсаты Ақын өмірінен түсінік бере отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, талдай білуге үйрету;
Шығармашылық жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын арттыру;
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сілтемелер Оқулық, «Әдебиеттік оқу», 2-сынып, мазмұнды суреттер, презентация, «Қазақстан – ортақ үйіміз» фильмі.
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz
Сабақтың әдіс-тәсілдері Интерактивті оқыту әдісі, ассоциация, синквейн, акроним, фишбоун, топтастыру.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ.
Күтілетін нәтиже - Оқушылар Қасым Аманжоловтың өмірбаянымен, өлеңімен танысады;
- Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді;
- Өлеңнің мазмұнын меңгереді;
- Сыни ойлау дағдысы қалыптасады;
- Коммуникативтік құзыреттілігі артады.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

1. Оқушыларды шаттық шеңберіне жинау.

2. Топқа бөлу.

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне тілектерін айтады. Топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

 

«Жеті жұмбақ» ойыны арқылы оқушылар үй жұмысына берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар ойын арқылы үй жұмысына берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Ассоциация

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан несімен ерекшеленеді?

 

«Қазақстан – ортақ үйіміз» https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz бейнефильмінің көрсетілімі.

 

Оқулықпен жұмыс

Қасым Аманжоловтың өмірбаяны туралы  туралы түсінік беру.

(видео)


1. Іштей оқу

2. Тізбектей оқу

3. Мәнерлеп оқу

 

Талдау:

- «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

- Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.

- Ақын неге қуанып, шаттанады?

Дәптермен жұмыс:

- Өлеңде ақын қолданған сөздерді келесі сөздермен сәйкестендір. (...жеріміз, ...қазақпыз, ... жанбыз, ...намысы, азат ....)

 

Топтық жұмыс:

1. Авторға хат жаз;

2. «Қазақстан» сөзіне акроним әдісі арқылы талдау жаса;

3. «Сиквейн» әдісі арқылы «Қазақстан» тақырыбына өлең құра;

4. Өлеңнен сөз тіркестерін тауып, мағынасын түсіндір.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz сілтемесі бойынша бейнекөрсетілімді көреді.

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс жасайды. Мәнерлеп оқиды, талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмысқа қатысады, тапсырмаларды орындайды.

Бекіту

«Фишбоун» әдісі.

 

Оқушылар балық қаңқасында берілген сұрақтарға жауап жазады.

Қорытынды

– Балалар, Қазақстан Республикасы өте бай және үлкен мемлекет. Қазақстанның басты байлығы – өз Отанына адал қызмет ететін, өз халқының салт-дәстүрін сақтаған адамдар. Қазақстанның әрбір азаматының мақсаты – Отанымызды ең мықты, қуатты мемлекетке айналдыру. Балалар сендер – елдің ертеңгі тірегі, еліміздің мәртебесін жоғары ұстайтын азаматтарсыңдар!

Оқушылар өз ойларын айтады

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша топ басшысының бағалауы.

Топ басшылары өз топтарын бағалайды.

Кері байланыс

Сабақты қаншалықты түсінгендігін баспалдақтың деңгейіне қарай белгілейді.

Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана біледі.

Үй тапсырмасы

98-бет жаттау.

Күнделіктеріне түртіп алады.

 

Қате туралы хабарландыру