Түйе мен тышқан (Моңғол ертегісі)

Нусупбекова Айнұр Ермековна
Талдықорған қаласы, №2 орта мектеп
5752
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:
Түйе мен тышқан (Моңғол ертегісі)

 
Сабақтың мақсаты Ертегінің негізгі идеясын, мазмұнын ашу, оқушыларды талдау, талқылау арқылы қорытынды жасауға үйрете отырып, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын арттыру.
Сілтемелер Оқулық «Әдебиеттік оқу» 2-сынып, мазмұнды суреттер, білім беретін фильмдер «Ертегілер еліне саяхат» бейнекөрсетілімі.
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/ertegiler-eline-sayakhat
Сабақтың әдіс-тәсілдері Интерактивті оқыту әдісі, тест «Руно», әңгіме, интервью, акроним, топтастыру.
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Күтілетін нәтиже - Оқушылар ертегінің мазмұнын түсінеді;
- Сабаққа қызығушылықтары артады;
- Тапсырмаларды белсенді орындайды;
- Топтық жұмысқа дағдыланады.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне тілектерін айтады, топқа бөлінеді.

Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

 

Тест «Руно»

 

1. ҚР мемлекеттік тілі    (е) (а)  

2. Қазақстанның бас қаласы?   (р) (т)

3. Қасым Аманжоловтың өлеңінің негізгі идеясы неде?      (с) (т)

4. Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңінде қазақ халқын қалай сипаттайды? (е) (у)

5. Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңінде қай көл туралы айтады?                 (г) (л)

6. Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады. (і) (ы)

... , ....  ⎯  жеріміз

... , ....  ⎯ қазақпыз

...  ⎯  намысы

...  ⎯ жанбыз

Оқушылар тестті орындай отырып, өткен сабақты қайталайды, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Ой қозғау:

«Ертегілер еліне саяхат» бейнекөрсетілімін көрсету

 

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/ertegiler-eline-sayakhat

 

- Ертегі деген не?

- Ертегілердің қандай түрлері бар?

- Ертегілерді кім шығарады?

 

Жұмбақ жасыру

 

1. Кезікті бір жануар,

  Үстінде екі тауы бар.

2. Мысықтан бұл қорқады,

  Бұдан піл қорқады.

 

Ой қозғау:

 

- Бүгін біз сіздермен бірге қандай ертегімен танысамыз?

- Ол қандай ертегі түріне жатады?

 

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу, жұппен, топпен талдау.

 

Топтық жұмыс:

1. Ертегінің негізгі идеясы қандай нақыл сөзге сәйкес келіп тұр? Ойыңды дәлелде.

2. Ертегіні қалай аяқтар едіңіз?

3. Ертегіні сахналап көрсетіңіз.

4. Ертегі жайлы пікіріңіз бойынша авторға хат жазыңыз.

5. «Интервью» әдісі арқылы топтардан сұхбат алыңыз.

6. «Біздің сүйікті кейіпкер» тақырыбы бойынша сурет салыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген жұмбақтың шешуін таба отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Оқулықпен жұмыс жүргізеді.

 

 

 

Топтық жұмысқа қатысады, тапсырмаларды орындайды.

Бекіту

«Балық» ойыны.

Оқушылар балық қаңқасына қазақша жыл атауын ретімен жазып шығады.

Қорытынды

Біз бүгін не білдік?

«Ертегі» сөзін бүгінгі сабақпен байланыстырып, акроним әдісі арқылы талдау.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау.

Оқушылар өздеріне баға қояды.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта алған білімінің түсініктілігіне байланысты бағдаршам түсіне сәйкес пікірін жазады.

Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана отырып, бағдаршамның қай түсіне сай екенін жазады.

Үй тапсырмасы

99-101 беттегі тапсырмаларды оқу, мазмұндау

Күнделіктеріне түртіп алады.

Қате туралы хабарландыру