7 санының құрамы

Мұқашева Жазира
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, №45 мектеп-гимназия
19938
Математика
Тақырыбы:
7 санының құрамы

 

Сабақтың мақсаты

7 санының құрамын қарапайым тәсілдер арқылы талдай отырып, түсінуге жағдай туғызу.

Міндеттері

1. 7 санының құрамын суреттер арқылы анықтау.
2. Сәйкес суреттерді пайдалана отырып өрнек құрғызу.
3. 7 санын өзінен кіші сандармен салыстыру.

Күтілетін нәтиже

1. 1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санай алады.
2. 7 санының құрамын суреттер арқылы анықтайды.
3. Берілген суреттерді пайдалана отырып теңдіктер құрайды.
4. 7 санын басқа сандармен салыстырады.
5. Тапсырманы өз беттерінше орындауды үйренеді.
6. Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді.

Сабақта қолданылатын материалдар

Үлестірмелі материалдар, А3 қағаздары, стикер, интербелсенді тақта, флипчарт қағаздары, түрлі-түсті маркерлер.

Дереккөздер

Математика 1-сынып, «Атамұра» баспасы, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/1-synyp/3-6-dan-9-ha-dejingi-sandar-aralyhynda-qosu-zhane-azajtu/lesson/3-04-3-7-sany-qosymsha-tapsyrmalar ресурсы.

Оқытудың әдіс-тәсілдері

Жаңа әдістер, АКТ, СТО, диалогтік оқу, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.

 

Сабақ барысы

 
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау
Психологиялық ахуал туғызу «Көңіл күйді анықтау».
Мұғалім оқушылардан көңіл-күйлерін сұрайды.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан күнге!
Бармақ арқылы.
Қызығушылықты ояту

1) Мұғалім оқушылардан бүгінгі күнге дейін қандай сандармен таныс екендіктерін сұрап,
3.04.3. 7 саны – Қосымша тапсырмалар ресурсындығы №4,5 тапсырмаларды орындатады. (қағазға басылған нұсқасы таратылады).

0     3      


2) Топқа бөлу
2 доп
7 санының құрамы - 1


3 гүл
7 санының құрамы - 2


4 алма
7 санының құрамы - 3


5 ұшақ
7 санының құрамы - 4


6 автокөлік

7 санының құрамы - 5
суреттері бойынша топқа бөлу (өздеріне берілген санның құрамын анықтауды тапсырады).

1) Әр топ 0-ден 7-ге дейінгі сандар қатарын өз беттерінше жазып, топтарында бір-біріне оқып, дұрыс үлгіні тақтаға іледі. Әр топтан бір баяндамашыдан шығады.

0 1 2 3


Осы сандар қатарын тура және кері санайды.

2) 2 доп, 3 гүл, 4 алма, 5 ұшақ, 6 қарындаш суреттері бойынша топқа бөлінеді. Өздеріне берілген санның құрамын топта анықтайды, талдайды, бір баяндамашы тақтада талдап айтады.

«Бас бармақ» арқылы топ жұмысына өзара баға береді.

Сергіту сәті


Мағынаны тану кезеңі





Оқулықпен жұмыс


 

Жұмыс дәптерімен жұмыс

Қимылмен көрсету.

Мұғалім әр топқа суреттер топтамаларын беріп, 7 санының құрамын суреттер арқылы көрсетіп беріңдер және сәйкес өрнек жазыңдар деп ұсынады.

1-топқа қызыл түсті шаршылар.
1-топқа көк түсті үшбұрыштар.
3-топқа жасыл түсті дөңгелектер.
4-топқа сары бес бұрыштарды таратып береді.

60 бет 2-3 тапсырманы ауызша орындату.

Жұмыс дәптеріндегі 1, 2, 3 тапсырмаларын оқушылармен бірге талдап, орындауға бағыт беріп отырады.

Сергіту сәті (әндете, қимылмен көрсетеді).

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз!

Сол суреттерді 7 санының құрамына байланысты желімдеп жапсырып, топтарында талдайды. Сәйкес өрнек жазып болған соң барлық топ өз жұмыстарын ортаға алып шығып, түсіндіруге тырысады.
7 санының құрамы - 6
Әр топ өздеріне берілген суреттер бойынша 7 санының құрамын жазады, сурет бойынша теңдік құрады, сандарды салыстырады.

Жұмыс дәптеріндегі 1, 2, 3 тапсырмаларды мұғалімнің басшылығымен орындайды.

«Бас бармақ» арқылы топ жұмысына өзара баға береді.

Ой толғаныс кезеңі Оқушыларға 3.04.3. 7 саны – Қосымша тапсырмалар ресурсындағы № 1, 2, 3 тапсырмаларды тақырыпты бекіту ретінде орындатады.

«Менің миымның суреті» әдісі арқылы бүгінгі тақырыптан естерінде қалғандарын мидың суретіне жазып шығуды тапсырады.
Оқушылар 3.04.3. 7 саны – Қосымша тапсырмалар ресурсындағы №1, 2, 3 тапсырмаларды жеке орындайды (әр оқушыға жеке параққа басылып шығарылған нұсқасы беріледі). Өзара (топта), мұғалімнің басшылығымен жауаптары тексеріледі.

Парақтағы салынған мидың суретінің ішіне бүгінгі сабақта оқып-біліп, естерінде қалған білімдерін өрнек, теңсіздік, салыстыру, схема түрінде жазып, іледі.
7 санының құрамы - 7
Бағалау

Оқушылардың өз іс-әрекеттеріне баға бергізу.
«Құмырадағы гүл» Құмыраның суретін тақтаға іледі.
7 санының құрамы - 9

Оқушылар сабаққа қалай қатысқандарын гүл бетіне смайликтердің суретін салу арқылы бейнелеп құмыраға салады. 7 санының құрамы - 8
Қате туралы хабарландыру