Бір таңбалы санды ауызша көбейту және бөлу

Кадирбекова Райгүл
ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
7360
Математика
Тақырыбы:
Бір таңбалы санды ауызша көбейту және бөлу

 
Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларды көбейту мен бөлу амалдарының қатынасымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі Суреттер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдіс-тәсілдері Түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын сұрақтар, СТО.
Сабақтың типі Жаңа сабақты игерту.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, әдебиеттік оқу.
 

Сабақтың барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
«Ғалымдар патшасы» - деп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.

- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, сендерге сәттілік тілеймін.
- Біздің апталығымыз қалай аталады?
- «Математика адам үшін, адам математика үшін жаратылған» деп аталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
№9 тапсырма. Электронды оқулықтан периметрін табуды пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгін біз топтармен жұмыс жасаймыз.
Алғырлар. Білгірлер. Тапқырлар.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін, пайда болуы кезеңін тамашалаймыз. Сандарға тоқталу: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/3-synyp/3-kobejtu/lesson/3-01-1-kobejtuge-dajyndyq-kirispe.
Бір таңбалы санды ауызша көбейту және бөлу - 1

Сыйлыққа тоқталу.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық.
Есептерді шығарып
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық! – деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалаймын.

Күлімдеген күн – «5».
Мұңайған күн – «4».
Жылаған күн – «3».

1-тапсырма.
Тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыр: 9+9+9+9+9+9+9+9+9=9*9.

81 дәптерді 9 балаға нешеден бөліп алады? 81:9=9.
- Барлығында 9 шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9-ға көбейту кестесін түсіндіру.
9*9=9*8+9 9*9=81 81:9=9.


Электронды оқулық.
- Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
- Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін қолданамыз.

Көркем жазу.
9-цифрын көркемдеп жазайық.

2-тапсырма.

«Тоғыз құмалақ» ойыны.
Бұл тапсырманы дұрыс орындасақ, тоғызқұмалақ ойынының ережесін білетін боламыз.

А)18 банан мен 36 апельсин 9 балаға тең бөлініп берілді. Әр бала неше жеміс алды?
18:9=2
36:9=4
4+2=6
ә) 15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді. Осылайша бөліп жесе, 24 сәбізді неше қоян жейді?
15:5= 3
24:3=8

3-тапсырма.

«Кім тез ойлайды?» ойыны.
https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/3-synyp/3-kobejtu/lesson/3-01-1-kobejtuge-dajyndyq-kirispe
Бір таңбалы санды ауызша көбейту және бөлу - 2

ә) Тақтамен жұмыс. «Үш байлық» бейнебаяны көрсетіледі.
63:9*7 =49  48:8*9 =54  54:6*9=1
90-9*9 =9   32:4*9 =72  72:8*9=1
36:9*8 =32  86+27:9=89  62-72:9 =54

4-тапсырма.

«Математикалық диктант».
82:9=9(қ.1) 71:9=7(қ.8)
80:9=9(қ.8)  75:9=8(қ:2)
74:9=8(қ.2)  48:9=5(қ.3)
70:9=7(қ.7)  42:9=4(қ.6)

Сергіту сәті

 

Сандарға байланысты мақал-мәтел білеміз бе?
6-тапсырма.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма.


(40+40):10  100:( 18+32)  (75-70)*50
(90-90)*100  100:(45-40)  (80+120):50

Сабақты қорыту

 

5-тапсырма. Үйге.

80-ге дейінгі сандардың ішінен 8-ге бөлінетіндерін теріп жаз. Сол сандардың ең кішісін және ең үлкенін ата.

7-тапсырма. «Әлемнің жеті кереметі».

Осы тапсырманы дұрыс орындасақ, әлемдегі жеті кереметке не жататынын білетін боламыз.
Есептердің шешуін және жауабын жаз.

А) Кітапта 63 бет бар. Әлібек күніне 9 беттен оқиды. Ол кітапты неше күнде оқиды?
Ә) Түйеқұс жұмыртқасының массасы 2 кг. Түйеқұстың 9 жұмыртқасының массасы неше кг болады?
Б) Бір собықта 6 дән бар. 9 собықта неше дән бар?
В) Құстардың 5 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар. Барлығы неше торғай?
Г) Сары шымшық 9 жыл тіршілік етеді. Ал қырғауыл одан 3 есе артық тіршілік етеді. Қырғауыл неше жыл тіршілік етеді?

Үйге тапсырма

— №5 көбейту кестесі.
— “Кубизм” әдісі арқылы өткен көбейту кестесін қайталау.

Қате туралы хабарландыру