Жалаң және жайылма сөйлем

Абдрахманова Бактыгул Амангельдиевна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
10951
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Жалаң және жайылма сөйлем

 
Мақсаты Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға, ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеті – интерактивті жаттығулар мен ойындар арқылы меңгерту;
– оқулықтағы жаттығулар арқылы машықтандыру;
– жалаң және жайылма сөйлемді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Жалаң және жайылма сөйлем туралы біледі; жалаң және жайылма сөйлемді бір-бірінен ажырата алады; оқылым, жазылым дағдылары мен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы түсініктері жетіледі.
Керекті жабдықтар Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова қазақ тілі 3-сынып, 2014, «Алматыкітап», интерактивті тақта, компьютер, планшет, дидактикалық материалдар, қима қағаздар, маркер.
Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар Bilimland iTesthttps://bilimland.kz http://itest.kz.
7 модульдің қолданылуы "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Талантты және дарынды балаларды оқыту", "Сыни ойлауға үйрету", "Оқушылардың жас ерекшеліктері", "ОүБ және ОБ", "АКТ ", "Оқытудағы басқару және көшбасшылық".
Сабақтың формасы Топтық, ұжымдық, жеке.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Болжау әдісі, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, «Сұрыптау», «Дұрыс, бұрыс» ойыны, интерактивті жаттығулар, жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Тапсырмалар Кеңейтілген: А, Б, С деңгейлік тапсырмалары.
Бағалау Жұптық, өзін-өзі бағалау, бағдаршам, сумативті бағалау. Кері байланыс, «Мадақтау сэндвичі».

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық

«Сөздік материалды сипаттау» жаттығуы

Топқа бөліну

Қазір мен сіздерге сөздер оқимын. Әр сөзді естіген соң, сол заттың сыртқы бейнесін, оның иісін, дәмін, шығаратын дыбысын көз алдымызға елестетіп, сипаттап айтып береміз.

Сөздер: қағаз, доп, мысық,  машина дөңгелегі, шар, көгершін және т.б.

Оқушыларды 4 топқа бөлу: Тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, бастауыш, баяндауыш.

Мысалы: «Доп: домалақ, белгілі бір түсі болады, пішіні жұмыр, көлемі әртүрлі, серпіледі.

 

 

 

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Тұсаукесер

 

 

 

Білу

 

 

 

Бағалау

 

«Жұптық бағалау»

 

 

«Бағдаршам»

 

 

 

Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау

Өткенді қайталау. Оқушыға өткен материалдар бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топқа тапсырма түрі түрлендіріліп беріледі (Жеке орындайды).

1-топ. Семантикалық карта

2-топ. Сөйлем мүшелерінің байланысын табу

3-топ. Сөз таптарына талдайды.

4-топ. Ережелерін айтады.

 

Тексеру/Бағалау.

 

1, 2, 3-топ мүшелері

2-слайдтағы дұрыс жауап бойынша  оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

 

4-топ. Мүшелерін барлық топ мүшелері бағдаршам арқылы бағалайды.

 

«Болжау» әдісі

– Сөйлемнің құрамындағы сөздер саны бірдей бола ма?

– Неліктен?

– 2 сөзден тұратын сөйлемдерге мысал келтіре аласың ба?

– Көп сөзден тұратын сөйлем айта аласыңдар ма?

– Бұл сөйлемдер туралы не айтуға болады?

– Ендеше бүгінгі сабағымызда сөйлемдердің құрамындағы сөздердің әртүрлі болу себебін білетін боламыз.

Сөйлем мүшелері

Бастауыш

Баяндауыш

Тұрлаусыз мүше

Алмабек

 

 

 

жазба

 

 

 

жұмыстарын

 

 

 

мұқият

 

 

 

орындайды

 

 

 

1-топ. Семантикалық карта

 

2-топ. Сөйлем мүшелерінің байланысын табу.

Алмабек жазба жұмыстарын мұхият орындайды.

 

3-топ. Сөз таптарына талдайды.

Алмабек жазба жұмыстарын мұхият орындайды.

 

4-топ. Ережелерін айтады:

– сөйлем дегеніміз не?

– сөйлем мүшелері...

– тұрлаулы мүше...

– тұрлаусыз мүше...

– бастауыш...

– баяндауыш...

 

Түсіну

http://imektep.kz/ ресурсы «Жалаң және жайылма сөйлем» фильмі.

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

http://imektep.kz/ ойыны.

 

 

Жинақтау

 http://imektep.kz/ интерактивті  жаттығулар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 http://imektep.kz «Тестпен жұмыс».

1. Мағынаны тану.

«Жалаң және жайылма сөйлем» фильмін көрсету.

– Бұл бейне материал арқылы нені ұғындыңдар?

– Сөйлемдер туралы не айтуға болады?

– Бір-бірінен ерекшелігі неде?

– Қандай қорытынды жасауға болады?

 

2. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру. Сөйлем мүшелеріне талдау.

2-жаттығу.

Сөйлем мүшелеріне талдау.

Толықтырып жазу. Жайылмаға айналдыру.

3-жаттығу.

Жалаң мен жайылма сөйлемді ажыратып жазу.

 

3. Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс

www.iMektep.kz  http://imektep.kz/zhalan-zhane-zhayilma-soylem «Сұрыптау», «Дұрыс, бұрыс» ойыны

4-жаттығу.

Жалаңды жайылмаға айналдырып жазу.

4. Өзіндік жұмыс

 http://imektep.kz/zhalan-zhane-zhayilma-soylem интерактивті жаттығулар  «Бос орынды толтыр» 

5. Кеңейтілген А, Б, С деңгейлік  тапсырмалар:

www.iMektep.kz   http://imektep.kz/zhalan-zhane-zhayilma-soylem

«Тестпен жұмыс»

БҮҮ әдісі:

Білетінмін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Сөйлем, сөйлем мүшелері, оның түрлері және анықтамалары.

Жалаң және жайылма сөйлемдерді білдім және оларды ажыратуға үйрендім.

Тұрлаусыз мүшелердің түрлерін білгім келеді.

 

Оқушылардың жұмыстарын, белсенділігін есепке ала отырып, сумативті бағалау

Оқушылар көріп өз тұжырымдарын жасайды.

Сөйлем құрамына қарай 2-ге бөлінеді.

Сөйлем

Жалаң   Жайылма

– Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді. Жазира биледі.

– Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Жазира әдемі биледі.

Жаттығулармен жұмыс.

(1-4 жаттығу)

Топтық жұмыс.

Әр топ компьютерде жұмыстанады. Топтық «Сұрыптау», «Дұрыс, бұрыс»  ойыны.

Оқушылар ойын арқылы жалаң, жайылма сөйлемдерді ажыратып талдайды, саралайды, салыстырады.

 

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс.

Әр оқушы жеке орындайды.

Интерактивті жаттығулар арқылы алған білімдерін жинақтап, жаңа өнім жасап шығарады.

А: Мына сөздерден жалаң, жайылма құрастыр. Ағаш, жапырақ, түсті, сарғайды, күз, жел, салқын.

Б:

С: Ребус шешу

Сәйкестендір

Жалаң сөйлем

 

 
Жайылма сөйлем

Ұшақ биікке көтерілді.

Айман мені кітапханада күтеді.

Күн жылынады.

Керек-жарақтың бәрі бар.

Қыс түсті.

Әжем шұлық тоқыды.

Бау байланды.

 

Тест арқылы  деңгейлерін анықтайды.

Қорытынды

 

Рефлексия

Кері байланыс.

 «Мадақтау сэндвичі».

 

Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 91-бет, ережені жаттау.

1-бөлік –  не ұнады?

2-бөлік –  не нәрсені жақсарту керек?

3-бөлік – маған ұнады, бірақ келесі жолы ...

Қате туралы хабарландыру