Жалқы және жалпы есім

Есингожина Зибагүл
Қостанай қаласы, №15 орта мектеп
14040
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Жалқы және жалпы есім

 

Жалпы мақсаты

Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жалқы есім мен жалпы есімді таба білуге үйрету.

Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық жұмыс істей отырып сөздік қорларын молайту.

Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа дағдыландыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мақсаты

- интерактивті жаттығулар мен ойындар арқылы меңгерту;

- оқулық жаттығулары арқылы машықтандыру;

- жалқы және жалпы есімдерді ажырата білуге үйрету.

Қолданылған ресурстар

Оқулық, интербелсенді тақта, тест сұрақтары, маркер, ноутбук.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, болжау әдісі. СТО, блум таксономиясы, топтық, жеке жұмыс.

Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар

 Bilimland       iMektep

   https://bilimland.kz/kk             http://imektep.kz

 

Сабақ барысы

 

Кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық жаттығу

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

Оқушыларды сабаққа әзірлігін қадағалау.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көрсем сағынам.

Біз бүгін топтарға бөлініп жұмыс жасаймыз.

Сөз таптары арқылы төрт топқа бөліну.

І топ: Зат есім

ІІ топ: Етістік

ІІІ топ: Сын есім

ІҮ топ: Сан есім

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көрсем сағынам.

 

ІІ. «Қызығушылықты ояту»

 

Білу

1-топ. Сәйкестендіру.

 

 

 

 

 

2-топ. Сөйлемнің байланысын табу.

 

 

3-топ. Берілген сөздерді дұрыс орналастыру.

 

4-топ. Ережелер айту.

 

 

Жалқы және жалпы есім

2-топ.

Қалада сәнді үйлер көбейді.

 

3-топ.

Жалқы және жалпы есім - 1

- Сөз таптары деген не?

- Зат есім деген не?

- Зат есім сұрақтары?

- Мысал келтір.

Бағалау

 

1, 2, 3-топ постер қорғайды. 4-топ сұрақтарға жауап береді басқа топ бармақпен бағалау әдісімен бағалайды.

 

ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау

 

«Болжау» әдісі

- Кім? Не? сұрағына жауап беретін бас әріптен басталып жазылатын сөздер бола ма?

- Осы сұрақтарға жауап беретін, бірақ кіші әріптен жазылатын сөздер ше? Мысал келтіре аласыңдар ма?

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Түсіну

https://imektep.kz/kz/zhalpi-esim-zhane-zhalki-esi бойынша «Жалқы және жалпы есім» фильмі.

bilimland.kz/kk#lesson=11859

Ендеше бүгінгі сабағымыз Кім? Не? сұрағына жауап берсе де сөйлем ішінде бас әріптен де, кіші әріптен жазылатын сөздер туралы болмақ.

- Бұл фильм арқылы не ұқтыңдар?

- Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жануарларға қойылған атаулар жалқы есім. Олар бас әріппен жазылады.

Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім. Олар кіші әріппен жазылады.

Оқушылардың түсіндіруі.

Ү. Жаттығу жұмыстары

 

Қолдану

333-жаттығу. (ауызша) Суреттегі атаулардың неге бас әріптен және кіші әріптен жазылғандарын түсіндір.

335-жаттығу. Топтық жұмыс, берілген жалқы есімдер бойынша сөйлемдер құрастырып дәптерге жазу.

 

Ойын

Талдау

Интерактивті жаттығу

«Артығын алып тастау», «Дұрыс. Бұрыс» ойыны.

https://imektep.kz/kz/iw_460

https://imektep.kz/kz/iw_1422

Әр топ алдарында тұрған ноутбукпен жұмыс жүргізеді. «Дұрыс. Бұрыс» және «Артығын алып тастау» ойындары арқылы жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту

 

Өзіндік жұмыс

 

Жинақтау

 

Деңгейлік тапсырмалар.

 

Флепчартта көрсетілген деңгейлік тапсырмаларды орындау.

 

Әр оқушы жеке орындайды. Интерактивті жаттығулар арқылы алған білімдерін өзіндік жұмыспен көрсетеді.

1-деңгей. Сөздерден жақы есімдерді бір сызықпен, жалпы есімдерді екі сызықпен сыз.

2-деңгей. Орны ауыстырылған сөздермен сөйлем құрастырып жаз.

Алмас, салып, сурет, отыр.

Әдемі, мұғалім, үйретті, жазуға, үйретті.

Мұражайға, Берік, ағасымен, барды,  бүгін.

3 деңгей. Ребусты шеш.

Жалқы және жалпы есім - 2

Оқушылар бүгінгі алған білімдерін тест арқылы көрсетеді.

Тест жұмысы

https://imektep.kz/kz/iw_461

ҮІІІ. Қорытынды

ІХ. Бағалау

Тест жұмысы. http://imektep.kz/iw_461

 

Рефлексия

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін еске ала отырып суммативті бағалау.

 

 

 

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек».

 

Қате туралы хабарландыру