Ауа райын болжау

Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназия
7486
Дүниетану
Тақырыбы:
Ауа райын болжау

 
Мақсаты Білімділік: ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық станцияларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу. 
Дамытушылығы: ауаның температурасы, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, достыққа, бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Облыстық семинар сабақ.
Сабақтың көрнекілігі Үлестірмелі қағаздар, слайд, карта, глобус.
Сабақтың әдісі Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.
Сілтеме iMektep
http://imektep.kz/aua-rayi
http://imektep.kz/iw_1094
http://imektep.kz/iw_1095
http://imektep.kz/iw_1449
 
Сабақтың барысы Мұғалім қызметі Оқушы қызметі Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық

 

Амандасу, түгендеу, сынып ережесін еске түсіру.
Ауа райын болжау - 1

Шеңберге тұрғызу:

Ойға толы санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату-тәтті боламыз.

Оқушылар ұйымшылықпен орындайды, сабаққа әзірленеді.

 

ІІ. Топқа бөліну

Оқушыларға фазылдар таратылады. Сол арқылы топқа бөліну.

І топ.
ІІ топ.
ІІІ топ.

Топқа бөлініп орналасады, пазлдарды біріктіреді.

Білу

Үш деңгейдегі үй тапсырмасы сұралады:
Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?
Оттегі неге бітіп қалмайды?
Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?
Ауа қабаты бізге қажет пе?
Ауасыз қабатты қалай зерттейді?
Ауа қандай болады?

А – Тіршілік үшін ауаның маңызы.
Б – Ауа қабығы.
С – Ауаның құрамы.

Әр топтағы оқушылар бірігеді, әңгімелейді. Білмегендерін басқа топ толықтырады.
Ауа райын болжау - 2

Өз ойларын айтып, басқа топты тыңдайды. Жауаптарын салыстырады.

Миға шабуыл

 

- Балалар, біз өткен сабағымызда қайда саяхат жасадық?
- Бұл мекеме немен шұғылданады екен?
- Олар ауа райын қалай болжайды?
- Ендеше есімізге түсіріп жіберейік.


Ауа райын болжау - 3
Дәптерімізді ашып, тақырыпты жазып қоялық.

Атырау метеорологиялық станциясына саяхат жасадық.

Ауа райының жағдайына бақылау жүргізіп отырады.

Бейнематериал қарау.
Ауа райын болжау.

 

Түсіну






Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Бейнематериалды балалар назарына ұсыну.
Алғашқы пысықтау жұмысы.
Әр топқа тапсырмалар таратылады.


Ауа райын болжау - 4
Оқушылар бейнероликке қарап отырып қимыл қозғалыстарын жасайды.

imektep ресурсының «Ауа райы» туралы фильмін көру:

http://imektep.kz/aua-rayi

І топ. «Бос орынды толықтыру».
http://imektep.kz/iw_1095

Ауа райын болжаумен айналысатын мамандарды синоптиктер дейміз.
Аспанды, оның өзгерісін зерттейтін ғылым – метеорология. Ауа райының жағдайына бақылау жүргізіп отыратын мекеме метеорологиялық станция.
Метеорологиялық станцияда ауа райы картасы жасалады.
Бір тәулікте ауа райының төрт картасы жасалады.

ІІ топ. «Артығын алып тастау».
http://imektep.kz/iw_1094
1. Ауа қысымы, ауа ылғалдығы, қар, ауа температурасы.
2. Метеорология. Синоптик, ауа райы, көкжиек.
3. Жауын, жел, тау ауа.

ІІІ топ. «Дұрыс. Бұрыс».
http://imektep.kz/iw_1449

1. Ауа райын болжаумен айналысатын мамандарды синоптиктер дейміз.
2. Ауа райының жағдайына бақылау жүргізіп отыратын мекеме метеорологиялық станция.
3. Синоптиктер жұмысы ең алдымен кеңседе жұмыс істейтіндерге көмегін тигізеді.
4. Кейбір жануарлар мен жәндіктер ауа райының құбылысын болжай алатын сезімтал келеді.

Жаңа сөздерді жазып қою.

Жаңа ұғымды меңгеру.
Ауа райы және оны болжау туралы мол мағлұмат беру.







Метеорология.
Метеорологиялық станция.
Синоптик.

Қолдану

Бастама-жауап-кейінгі әрекет.
Оқулықпен жұмыс жүргізу. 66-беттегі мәтінмен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма.
Ауа райын болжау - 5

1. Абзацен оқып, мәтінді талдау
2. Әңгімелеу.
3. 1-топ. Метеорологиялық станция.
2-топ. Ауа райы.
3-топ. Климат өзгеруіне әсер ететін жағдайлар.

Оқушылар баяндайды, тірек-сызба сызады, бірін-бірі толықтырады.

Талдау

 

Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:
Ауа райын болжау - 6
Хайуанаттардың іс-әректетеріне қарай ауа райы құбылыстарын болжау (үлестірмелер арқылы сұрау). Оқушыларға суреттер таратылады.

 

Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.

Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады.

Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.

Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.

Шық және қырау түспейді.

Күн немесе Ай тұтылады.

Ауа қысымы төмендейді.

Қарға тұмсығын қанатының астына жасырса, күн суытады. Мысық қабырғаны тырналаса, ауа райы бұзылады, бұйығып жатса, аяз болады.

Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ашық ауа райы болады.

Оқушы жауабы тыңдалады.
Өмір тәжірибесінен айту.


Хайуанаттардың қылықтарына қарай ауа райы құбылыстарын болжау туралы әңгімелеу.

Жинақтау

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Ауа райын қандай мекеме бақылайды?
Ауа райын бақылайтын адамды кім дейміз?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
Қазақстанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

Метеорология.

Метеорологиялық станция.

Синоптик.

Күн сәулесі, ауа қабаты мен жердің өзара әсеріне қарай өзгереді.

Себебі, біздің мемлекетіміз мұхиттан алыс орналасқан.

Топ оқушылары сұраққа жауап береді.

Бағалау

Бағалау.
Рефлексия.

- Бүгін маған сабақ ұнады ма?
Ынталандыру сыйлығын тарату.

Әр оқушы өз пікірін оқиды.

Оқушының аты жөні 1 2 3 4 Ұпай Баға
             

9 ұпай – 5.
7-8 ұпай – 4.
6-5 ұпай – 3.
4-3 ұпай – 2.

Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білім ағашына жапсырады.

Қате туралы хабарландыру