Пайдалы қазбалар

Алатаева Дина Давлетқызы
Қостанай қаласы, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ
1444
Дүниетану
Тақырыбы:
Пайдалы қазбалар

Бөлім

Табиғат ресурстары

Сабақтың оқыту мақсаты

4.3.4.1 Кейбір пайдалы қазбалардың қолданылу саласын анықтау.

4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларының кен орындарын картадан көрсету.

4.3.4.3 Пайдалы қазбаларды сақтаудың және тиімді қолданудың жолдарын ұсыну.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

– Пайдалы қазбалардың түрлерін біледі, қолданылатын саласын анықтайды.

Көпшілігі:

– Пайдалы қазбалардың түрлерін біледі, негізгі кен орындарын картадан көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

– Пайдалы қазбаларды сақтаудың және тиімді қолданудың жолдарын ұсынады

Өткен сабақтарда алған білім

«Ауа»,  «су»  тақырыптары

Сабақтың барысы:

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1: Сыныпты қима суреттер арқылы 5 топқа бөлу. Әр сурет 5 бөлікке бөлінген.

Ой қозғау:

– Суретте не бейнеленген?

– Сабақтың тақырыбын болжаңыздар.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Қима суреттері

қима сурететр                    

Сабақтың ортасы

30минут

– Пайдалы қазбалар туралы көбірек білгілеріңіз келсе, осы фильмді көріп, сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыздар.

«Пайдалы қазбалар» бейнефильмін көру (04.38 мин).

Топтық жұмыс:

Тест сұрақтарына жауап беру (10 сұрақ).

Әр топ жауаптарын ортақ парақта ақылдасып жазады. Содан кейін әр топ өзінің жауабын айтады, түсіндіреді. Мұғалім көпшілік ұсынған жауабына басады, егер жауабы дұрыс болса оқушылар «+», қате болса «–» қояды.

Тест аяқталғанда, қатесіз орындаған топқа шапалақ соғып, марапат көрсетіледі.

Топтық жұмыс

 1-топтың тапсырмасы: Постер толтыру (сөздерді жазу, мысал келтіру, суреттерді жабыстыру).

пайдалы өаз  

2-топтың тапсырмасы: «Пайдалы қазбалар қайда пайдаланады?» Постер толтыру (сөздерді жазу, мысал келтіру).

падалы қазба  

3-топтың тапсырмасы: «Бұл қалаларда қандай пайдалы қазбалар өндіреді?» постер толтыру (сөздерді жазу).

пайдалы қазбаларр 

4-топтың тапсырмасы: «Қазақстанда  қандай пайдалы қазбалар өндіреді?» Картамен жұмыс жасайды, шартты белгілерді жабыстырады.

пайдалы қазба картасы  

5-топтың тапсырмасы: «Егер тұз болмаса... және пайдалы қазбаларды қалай сақтау керек?» ойды жалғасыру.

 соль

Жұмысқа 7 минут беріледі, содан кейін топтар постерді назарларына ұсынады, қорғайды. Оқушылар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс:

Ойын «Артығын алып тастау» /4-тапссырма.

Әр жұп  жауаптарын ортақ парақта ақылдасып жазады. Мұғалім көпшілік ұсынған жауабына басады, оқушылар өз жұмысты тексереді.

 

«Дұрыс – бұрыс» ойыны /5-тапсырма. Оқушылар жұмысты тексереді, бір-бірін иығына шапалақтайды

Жеке жұмыс: 

«Бос орынды толықтыру» ойыны / 5-тапсырма. Қатесіз орындаған оқушылар жұлдызшамен  марапатталады.

«BilimLand» сайты,  «iMektep» курсы, «Дүниетану» пәні, «Пайдалы қазбалар»  тақырыбына бейнефильм

 

 «Пайдалы қазбалар»  тақырыбының тесті /экранда/,

5 топқа парақтар, маркерлер беру

 

 

 

 

Постер, маркерлер, желім, пайда қазбалардың 5-7 сурет

 

 

 

Постер, маркерлер

 

 

 

Мәтін, постер, маркерлер

 

 

 

Картамен жұмыс, шарты белгілер, желім

 

 

 

 

 

Постер, маркер

лайк

 

«BilimLand» сайты,  «iMektep» курсы, «Дүниетану» пәні, «Пайдалы қазбалар»  тақырыбы,

«Артығын алып тастау» ойыны

 

 

«iMektep» «Дұрыс – бұрыс» ойыны

 

 

«iMektep» «Бос орынды толықтыру»

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия:

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Стикерге тағы осы тақырып бойынша не білгілеріңіз келеді, жазыңыздар және стикерді тиісті баспалдаққа орнатамыз.

стикерлер

пайыз

Қате туралы хабарландыру