Құстар. Үй құстары

Укубаева Аида Оразбековна
Қапшағай қаласы, №3 орта мектеп
3957
Дүниетану
Тақырыбы:
Құстар. Үй құстары

 

Сабақтың мақсаты

1. Оқушыларға үй құстары мен жабайы құстар, олардың пайдасы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды құстарды қорғауға, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

1. Үй құстары мен жабайы құстар, олардың пайдасы туралы толық түсінік алады.

2. Топтық жұмысқа берілген сұрақтарды талдауда белсенділігі қалыптасады. Есте сақтау, ойлау, елестету қабілеттері дамиды.

3. Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасауды үйренеді.

4. Өз ойын жеткізе білуге, құстарды қорғауға, оларға қамқорлық жасай білуге үйренеді.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер

Топта және жұпта жұмыс жасау. Диалог әдісі, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ қолдану. Формативті бағалау.

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық,
 Bilimland   iMektep
     https://bilimland.kz,       http://imektep.kz/tabigat, интербелсенді тақта, флипчарт, тест.

 

Сабақ барысы

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

 

Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық жаттығу.

Балалар, қазір бізде қай сабақ екенін өлеңмен айтып берейікші:

- Сонымен, бізде қай сабақ?

2. Құстардың суреттері бойынша топқа бөлінейік.

(тауық, үйрек, тоқылдақ, қарлығаш)

Табиғатым – тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Дүниені танытып,
Жаман бала болмаймын,
Табиғатты қорғаймын.

Дүниетану.

Әр топ құстар бейнеленген кеспе суреттерін алады.

2 мин

1. Білу (еске түсіру, қайталау)

- Ал, балалар, жануарларға нелер жатады екен?

bilimland.kz Инклюзивті курс. Қара да айт! Үй жануарлары.

Құстар. Үй құстары - 1

- Үй жануарлары деп неге айтамыз?

bilimland.kz Инклюзивті курс. Қара да айт! Ормандағы жануарлар.

Құстар. Үй құстары - 2
Құстар. Үй құстары - 3

- Жабайы жануарлар деп неге атаймыз? Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

bilimland.kz .Танымдық фильм: «Тауық пен балапан».

Құстар. Үй құстары - 5

Таң сәріден ненің әні естіледі? Жақсы ән салумен қатар жақсы еңбек ете алады екен және де өз ұрпақтарына тынбастан қамқор бола алады. Сонымен қатар, кейбір құстар суықтан қорғанып, жылы жақтарға ұшып кетеді де, көктемде отанына оралады. Олар қай құстар деп ойлайсыңдар?

Сұраққа жауап береді. 1-топ:

Сиыр, өгізше, жылқы, ешкі – үй жануарлары. Аю, елік, бұғы, түлкі, арыстан, жолбарыс, қабылан, сілеусін, маймыл. Осы жабайы аңдарды ажыратып, салыстырады.

 

Құстар екенін айтады. Құстарды – қанатты жануарлар деп атайды.

Құстар. Үй құстары - 4

Оқушылар сұраққа жауап береді.

3 мин

2. Түсіну

- Сендер қандай құстарды білесіңдер? Құстардың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

bilimland.kz. Тәй-тәй. Жаттығу. Көктем-03. Есту арқылы қабылдау және есту-моторлы координациясы: №1, 2, 3, 6.

Құстар. Үй құстары - 6

bilimland.kz.

Жаз-03. Есту арқылы қабылдау және есту-моторлы координациясы: №2,5,7,9.

bilimland.kz. Жаз-04. Есту арқылы қабылдау және есту – моторлы координациясы: №2, 3, 4.

Құстар. Үй құстары - 7

bilimland.kz. http://imektep.kz/tabigat

Тілді дамыту-02. Сөз ойындары жаттығуы. Ойындар. Суреттерді сипаттау – зат есім. № 2.

Құстар. Үй құстары - 9

- Құстарды біз өмір сүру жағдайына қарай нешеге бөлдік? Кәне атап көрейікші?

1. Оқулықпен жұмыс: «Түртіп алу» әдісі бойынша оқыту. 1, 2 топтарға жабайы құстар. 3, 4 топтарға үй құстары беріледі.

Сергіту сәті.

Өздері білетін құстарды атайды.

АКТ-ны пайдаланып, оқушылар дауыстар бойынша қай құс екенін табады.

Үйде асырайтын құстарды да табады. Меңзермен қосады. Оларды үйде өсіреді. Адамдар асырайды. Дауыстарын ести отырып, әр құстың орнын табады.

Түсініп оқиды, түсінбеген сөздерін түртіп алады, жұпта талдайды, топта талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Құстар. Үй құстары - 8

10 мин

 

3. Қолдану

bilimland.kz, http://imektep.kz/tabigat

1-жаттығу. Есте – көру моторлы координациясы. №2, 3.

Құстар. Үй құстары - 10

Жануарлар мен құстардың аталуын дұрыс айтып, қайталап шығады.

Құстар. Үй құстары - 11

10 мин

4. Талдау

Тақырыпты талдауға тапсырма беріледі. bilimland.kz. Тәй-тәй. 4-жаттығу. Есте – көру-моторлы координациясы: №2, 3, 8.

Құстар. Үй құстары - 12

Топтар берілген тапсырмаларды орындайды. Осылайша сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар тақырыпты талдайды.

5 мин

5. Жинақтау

Ойын «Құстарға ұя жасау».

- Құстарды неге қанатты жануарлар деп атаймыз?

- Жабайы құстар табиғатта қалай тіршілік етеді?

- Дуадақ қандай құс, оның неге саны азайып кетті?

- Қолда, үйде қандай құстар бағылады?

- Тоқылдақты неге орман дәрігері деп атаймыз?

- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

Оқушылар дұрыс жауап берсе құстарға ұя жасап, іледі. Қандай қамқорлық жасайтынын әңгімелейді.

АКТ пайдаланады.

7 мин

 

 

3 мин

6. Бағалау

«Бағдаршам», «Түзету», «Бас бармақ» бағалаулар.

Оқушылар бағалау жүргізеді.

2 мин

Үйге тапсырма

Құстар. Үй құстары. Түсініп оқу. Құстар туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.

 

 

 

Қате туралы хабарландыру