Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Аманжолова Жадыра Болатқызы
Қарағанды қаласы, №17 ЖББОМ КММ
2603
Дүниетану
Тақырыбы:
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

➢ Оқушылардың шалғын және ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.

➢ Оқушылардың ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

➢ Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жұптық, топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: шалғын суреттері, оқулықтар, интербелсенді тақта, bilimland ресурстары.

білімленд аймектеп

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

2. Амандасу. Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

3. Өзендердің суреті арқылы топқа бөлінеді (бұлт, тал, күн суреттеріне топ басшылары баға қойып, бағалап отырады).

Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

«Кубизм» стратегиясы

куб

«Кубизм» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1. Ауа температурасын өлшейтін құрал. Термометр.

2. Көкжиек дегеніміз не? Көз жететін кеңістік.

3. Көкжиек сызығы дегеніміз не? Кеңістіктің астасқан жері.

4. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. Компас (құбылнама).

5. Қазақстанның жер көлемі? 2,7 км2.

6. Көкжиек тұстары: Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік.

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ жасыру.

1. Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалары тұр қаптап.

(Бақбақ)

2. Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі.

(Жалбыз)

3. Дала кілемі не?

(Шөп, өсімдіктер)

4. Бұтаға iлген үлпершек,

Iшi нәрлi қызыл сөл,

Терiп алып үлгерсек.  

(Бүлдiрген)

5. Шидім, шидім, шидім құс,

Ши басына қонған құс.

Қарқаралы қара құс,

Хан басына қонған құс.

(Шыбын)

6. Құстай ұшады,

Құландай жортады,

Қойдан да қорқады.

(Қоян)

Оқушылар берілген жұмбақтардың шешуін таба отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

Ой қозғау

 

 

Фильм көру

 

➢ Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы бейнебаян көрсетіледі. (2 мин)

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/qazaqstannyng-osimdikter-men-zhanuarlar-alemi/lesson/shalhyn-osimdikteri-men-zhanuarlary

Бейнебаяннан көргендері бойынша сұрақтар:

– Шалғынды жерде өсетін өсімдікті атаңдар.

– Шалғынды жерде ең көп кездесетін құсты атаңдар.

– Шалғынды жерде тіршілік ететін аңды атаңдар.

– Шалғынды жердің өсімдіктерін көбейтуге пайдасын тигізетін жәндікті атаңдар.

➢ Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы мәліметтер алу.

https://imektep.kz/kz/shalgin-osimdikteri-men-zhanuarlari (5мин47с)

1. Шалғын дегеніміз не?
2. Қоңыз немен қоректенеді? (жұлдызқұрт)
3. Бөдене, бозторғай немен қоректенеді?
4. Бөдене қанша жұмыртқа салады? (10,20)
6. Шалғында қандай гүлдер өседі? (сарғалдақ, тышқанбұршақ, жұпаргүл, күреңот, гүлкекіре, беденің гүлі, шырмауық, бақбақ, түймедақ)
7. Көртышқан бір түнде ұзындығы қанша метр ін қазады ? (60м)

Сұрақтарға жауап береді.

 

Джигсо әдісі

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

Ой қозғау

Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ: Шалғын өсімдіктері.

2-топ: Шалғын жануарлары.

3-топ: Шалғын құстары.

Оқулықтағы мәтіннің ішінен тақырыптары бойынша постерге оқығанын түсіреді, қорғайды.

Проблемалық сұрақ:

– Қазіргі кезде шалғын жерлер азайып кетті және шалғынның көптеген өсімдіктері мен жануарлары жойылып барады. Сендер оны қалай қалыпқа келтірер едіңдер?

Бірінші: Малға шөп шабуды және мал жаюды уақытша тоқтату.

Екінші: Экологтарға жердің құнарлылығының неге азайып кеткенін тексерту.

Үшінші: Жәндіктер өсімдіктердің көбеюіне көп үлес қосады, ол жерде жәндіктер (аралар, қоңыздарды) көбейту керек деп ойлаймыз.

Өздеріне берілген бөлік бойынша топ болып, түсінгендерін толықтырып, постерді қорғап шығады.

 

Әр топтың жауабын тыңдау

 

Сергіту сәті

«Көңілді күн» биі.

Билейді, қозғалады.

Топтық жұмыс

Ойын ресурстары

https://imektep.kz/kz/

game#recycle_bin-469

 

кесте

кесте2

Әр топ қағазға шығарылған тапсырмаларды орындайды.

Бекіту

Бейнекөрсетілімнен  қайталау бөлімін тамашалау.

https://imektep.kz/kz/shalgin-osimdikteri-men-zhanuarlari

 

 

Тест арқылы бекіту

 

Тест.

1. Фильм қандай тақырыпқа арналған?

А) шөл дала жануарлары мен өсімдіктері жайлы

Ә) таулы аймақ жануарлары мен өсімдіктері жайлы

Б) шалғын  жануарлары мен өсімдіктері туралы

В) орман-тоғай жануарлары мен өсімдіктері туралы

2. Шалғын дегеніміз не?

А) әртүрлі ағаш, бұталар өскен жер

Ә) шөптесін өсімдіктер жайқалып өсетін жер

Б) ормансыз жазық алқап

В) суға тапшы аймақ

3. Бөдене қанша жұмыртқа салады?

А) 10–20

Ә) 1–2

Б) 5–10

В) 20–50

4. Шалғын құстарын көрсетіңіз.

А) тоқылдақ, жапалақ

Ә) аққу, тырна

Б) бөдене, бозторғай

В) үйрек, қаз

Тест бойынша жұмыс істейді.

Кері байланыс

 

«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып «Білім ағашына» ілу.

білім ағашы

 

Үйге тапсырма

58-бетті мазмұндау.

 

Бағалау

бағалау

Осы бейнелерге оқушылардың суреттерін жабыстыру арқылы жиынтық бағаны шығару.

Рефлексия

«Бес бармақ» әдісі

бес сауақ

1. Бүгінгі тақырып не туралы болды?

2. Бүгінгі тақырып несімен ұнады?

3. Сабақта қандай сезімде болдың?

4. Тақырыпқа не қосар едің?

5. Тақырыптан қандай үлгі алдың? 

 

Оқушылар алдарында жатқан бес бармақ стикерлерді толтырып, тақтаға жабыстырады.

 

 

Қате туралы хабарландыру