Топырақ. Топырақты қорғау

Түсіпқалиева Алма
Орал қаласы, №25 жалпы орта білім беретін мектеп
4816
Дүниетану
Тақырыбы:
Топырақ. Топырақты қорғау

Сабақтың мақсаты

1. Білімділігі: оқушылардың топырақ туралы түсініктерін кеңейту, топырақтың негізгі қасиеттері, құрамы туралы білімін шыңдау.

2. Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілетін, байқампаздық пен білімге құштарлығын дамыту, салыстыру және қорытындылау біліктілігін дамыту.

3. Тәрбиелігі: топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгеру. Қоршаған ортаны сүюге баулу.

Сілтемелер

Оқулық «Дүниетану», 3-сынып, «Алматыкітап» баспасы 2014, «Топырақ» фильмі.

 iMektep   Bilimland                 

http://imektep.kz/topirak, https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/topyraq.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

АКТ, СТО, диалогтік оқу, топтастыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық жұмыс, жаңа әдістер.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтижелер: топырақ туралы және оны қорғаудағы адамның әрекетін білу.

Тұлғалық нәтижелер: қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға ұмтылысы.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

1. Оқушыларды шаттық шеңберіне жинау.

2. Топқа бөлу.

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне тілектерін айтады. Топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қолдарындағы пайдалы қазбалардың шартты белгілері бойынша сұрақтарға жауап алады.

Оқушылар шартты белгілер бойынша мәлімет береді. Қазақстан картасына, яғни өндірілетін аймаққа жапсырады.

Жаңа тақырыпты меңгерту.

INSERT әдісі бойынша кесте толтырады.

- Топырақ дегеніміз не?

- Ол туралы не білеміз?

- Топырақ туралы тағы не білгілерің келеді?

 

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқып шыққаннан кейін, «Қалам ортада» әдісімен бір-біріне түсінгендерін айтып шығады.

 

Бейнефильм. «Топырақ» https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/topyraq бейнефильмінің көрсетілімі.

(Талдау жұмысы жүргізіледі).

 

Дәптермен жұмыс:

1-топ: сор топырақ.

2-топ: қоңыр топырақ.

3-топ: қара топырақ.

 

Тәжірибе. Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара.

Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

 

1-тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа

 

2-тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

 

3-тәжірибе.

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол – қарашірік.

 

4-тәжірибе.

Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқаймыз.

 

Топтық жұмыс:

1-топ: Сөйлемді толықтыру.

2-топ: Тест.

3-топ: Сөйлемді толықтырыңыз.

 

Ситуациялық сұрақ.

- Топырақ неден бұзылады?

- Топырақты қорғау үшін не істеуіміз керек? 

Оқушылар сұрақтарын стикерге жазып, тақтаға іледі.

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс жасайды. Мәнерлеп оқиды, талдайды.

Топтық жұмысқа қатысады, тапсырмаларды орындайды.

 

http://imektep.kz/topirak

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/topyraq

сілтемесі бойынша бейнекөрсетілімді көреді.

1-топ: сор топырақ туралы жазады.

2-топ: қоңыр топырақ туралы жазады.

3-топ: қара топырақ туралы жазады.

 

Оқушылар тәжірибе жасап, топырақтың құрамын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-топ. bilimland.kz/kk#lesson=14767

2-топ. bilimland.kz/kk#lesson=14767

3-топ. bilimland.kz/kk#lesson=14766

Бекіту

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Топырақ жердің беткі қабаты.

Топырақ қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?

Жауабы: 1-2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жылдай, ал 20 см топырақ 2-3 мың жылда түзеледі.

Топырақтың тау жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді. Топырақтың құрамында ауа, су, қарашірік, құм, саз бар екенін біледі.

Кері байланыс

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Сабақты қаншалықты түсінгендігін баспалдақтың деңгейіне қарай белгілейді.

Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана біледі.

Үй тапсырмасы

75-76 бет оқу. Топырақта тіршілік ететін жәндіктер туралы мәлімет жинау.

Күнделіктеріне түртіп алады.

Бағалау

Топ басшыларының бағалауын негізге алу.

Топ басшылары топ мүшелерінің бағалау парақтары арқылы бағалайды.

 

Қате туралы хабарландыру