Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері

Байбатырова Назым Серікболатқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы, Топқайың орта мектебі
3355
Дүниетану
Тақырыбы:
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері

 
Сабақтың тақырыбы Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері.
Жалпы мақсаты Оқушыларды топырақтың ерекшелігімен және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақтың түсі және сапасы қарашірікке байланысты екендігін әңгімелеу. Тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін, дағдыларын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Топырақ туралы біледі. Топырақ түрлерін ажырата алады. Топырақтың құрамын анықтау тәсілдерін үйренеді.
Сабақ типі Жаңа білім беру сабағы.
Әдістер Түсіндіру, баяндау, тәжірибе, топпен жұмыс.
Көрнекілігі Плакаттар, маркерлер, колба, шыны, су, топырақ, интерактивті тақта.
Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар iMektephttp://imektep.kz/
Сабақтың формасы Топтық, ұжымдық, жеке.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Болжау әдісі, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, «Сөйлемдегі бос орынға сөздердің тиістісін қой», «Артығын алып тастау» ойыны, интерактивті жаттығулар, жеке, жұптық, топтық жұмыс.
 
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру
2 минут
Сәттілік тілейміз. Әр оқушыға әріптер беремін. Бір-біріне сол әріптерден басталатын жылы сөздер айтады. Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады. Интерактивті тақта.
Топқа бөлу
2 минут
Оқушыларды күннің шуақтарында жазылған сөздер бойынша топқа бөлу. Күн шуағында жазылған сөздер «Бұлт баспасын күнімді». Топтарға бағалау парағын таратып беру. Оқушылар сөздер арқылы топтарға бөлінеді.
1-топ. «Бұлт» сөзін алған оқушылар.
2-топ. «баспасын» алған оқушылар.
3-топ. «күнімді» сөзін алған оқушылар.
Күн шуақтары. «Бұлт», «баспасын», «күнімді» сөздері жазылған парақшалар.
«Ой шақыру»
2 минут
Сабақтың тақырыбын «Айна» ойыны арқылы шешеді. Сабақ тақырыбы: Ірелрүт ңыно енәж ігілешкере ңытқарыпот. Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері» деп аталады. Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген сөйлемді оқиды. Интерактивті тақта.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
"Болжау" стратегиясы
4 минут
Оқушылар топырақ туралы білетіндерін жұптасып бір біріне айтады. Топырақ туралы не білеміз? Топта талқылап, постер құрауға тапсырма беремін. http://imektep.kz/makal-matelder «Сәйкес жалғасын тап» ойыны арқылы оқушылар жұптасып бір-біріне топырақ туралы білетіндерін айтады. Жұптасып талқылағандарын, топта ортаға салады. Постер құрайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Плакат, маркер, жапсырма қағаздар.
«Конференция» әдісі
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Топтық жұмыс
«Сынып ішін аралау» тәсілі
10 минут
http://imektep.kz/topirak видеосын көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу. ДЖИГСО әдісі.
1-топ: Топырақтың құрамы
2-топ: Топырақ қабаты
3-топ: Топырақ түрлері
Әр топ өздеріне берілген бөлімді оқып болғаннан кейін жетондар таратамын. Алған жетондарына сәйкес топқа бөлінеді. Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Осылайша бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.
Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру.
Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа сыныптастарына түсіндіріп шығады.
Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
http://imektep.kz/topirak
Сатылай түсіндіру.
Сергіту сәті
1мин
«Айна ойыны» Оқушылар сергіту сәтінде әртүрлі қимылдар көрсетеді. Сергіту сәті.
Сарамандық жұмыс
5 мин
"Топырақтың құрамында не болады?"
Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара.
- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.
1 - тәжірибе.
Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Нені байқаймыз?
Көпіршіп шыққан не? 
Ауа
2 - тәжірибе.
Темір қалбырға салынған бір уыс топырақты отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетінде су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар?
Су
3 - тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады. Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар?
Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол – қарашірік
4 - тәжірибе
Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында құм, оның үстіне саз шөгеді.
Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқаймыз.
Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік неғұрлым көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.
Топырақ және оның құрамы туралы тұжырым жасап, дәптерлеріне топтастырады.
Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
 
«Ой сергек»
5 минут
http://imektep.kz/topirak «Сөйлемдегі бос орынға сөздердің тиістісін қой», «Артығын алып тастау» ойындарын ойнату. Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Компьютер,http://imektep.kz/topirak ойындары.
Сабақты бекіту
6 минут
1-топ. "Бес жол өлең" стратегиясы.
2-топ. Т кестесінде топырақ пен тау жыныстарын салыстырады.
3-топ. «Мен сендерден сұрақ күтемін» стратегиясы.
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Жапсырма қағаздар, плакат, маркер.
«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі
3минут
БББ кестесін толтырту.
Білемін Білдім Білгім келеді
Топырақ жердің беткі қабаты. Топырақтың тау жыныстарынан ерекше лігін білдім. Құнарлы топырақта өсімдік өседі. Таза тау жыныс тарында өсімдік өспейді. Топырақ қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?
 
Жауабы: 1-2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жыл қажет. Ал 20 см топырақ 2-3 мың жылда түзеледі.
Рефлексия
2 минут
Оқушыларға күннің, бұлттың шаблондары таратылып беріледі. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, күнді көрсетеді. Сабақты дұрыс түсінбесе, күн мен бұлтты бірге көрсетеді. Сабақ ұнамаса, ештеңе түсінбесе, бұлтты көрсетеді. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар алманы орналастырады. Алманың, кірпінің, ағаштың суреті.
Үйге тапсырма
1 минут
Мәтінді оқып түсіну.    
Бағалау
2 минут
Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау парақшасы бойынша топ басшысын тыңдау. Бағалау парағы.
Қате туралы хабарландыру