Жер және ғарыш

Есенғұлова Назира
Алматы қаласы, №87 жалпы білім беретін мектеп
1645
Дүниетану
Тақырыбы:
Жер және ғарыш

 

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады.

Ресурстар:

  • жұлдызды аспанның картасы;
  • ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері.
  • Интернет-ресурстар:

білімленд , аймектеп.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

  • ғарыш ұғымымен танысады.
  • астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
  • шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1. Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.

1.4.2.2. Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар:

сабаққа қатысты ескертпелер.

Сабақ барысы

Астрономия – ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейтін ең ежелгі ғылым.

Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған, олар күн мен түннің және жыл мезгілдерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелде диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күнтізбелер жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалдырып келеді.

Ғалам – уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол – адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.

Шоқжұлдыздар – шоғырланып түрлі мүсіндерді түзетін жұлдыздардың тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шегарасы бекітілді.

 

Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат.

– Балалар, ғарышты қалай елестетесіңдер?

https://imektep.kz/kz/garysh-video

Анықтаңыз:

– Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

– Ғарышта не бар? (Ғарыш – бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1371

https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-709

«Артығын алып таста» ойыны.

Ертеде адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Ежелгі астрономия.

– «Болжам жасап көр».

Оқушыларды шағын топтарға бөлу. 

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/astronomiya

– Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені байқаулары мүмкін еді?

 ( барлық жауап нұсқаларын тақтаға жазып қою).

Егер қиындық туындаса оларға:

– Ерте заманда адамдардың немен айналысқан? (диқаншылық, аңшылық, балық аулау)

– Қандай құралдарды қолданғанын еске түсірейікші.

Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден байқауға болады.

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қою:

– Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

– Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/zhuldyzdy-aspan

1. Солтүстік жарты шардың жұлдызды картасы.

2. Оңтүстік жарты шардың жұлдызды картасы.

шоқ жұлдыз

– Жұлдыздар  қалай орналасқан?

 (Бір-біріне жақын орналасқан)

Бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталады.

– Сендер қай шоқ жұлдызын білесіңдер?

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану.

Ерте замандағы адамдардың өмір салты.

Көшпенділер.

 

Шоқжұлдызды құрастыр.

жұлдыз

Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.

Бағалау

 

https://imektep.kz/kz/game#quiz-710

Тест тапсырмасы

https://imektep.kz/kz/game#select_words-708

«Бос орынды толтыру»

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1. Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2. Рефлексия.

 

Қате туралы хабарландыру