Дос болуды үйренеміз

Бурамбаева Гульмира Турашовна
Қызылорда облысы, Қызылөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі
373
Өзін-өзі тану
Тақырыбы:
Дос болуды үйренеміз

Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: достық, сабырлылық, сыйластық.
Сабақ мақсаты: оқушыларға танысын және достарды құрметтеу туралы түсініктерін кеңейте отырып, достасу жолдарымен таныстыру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- достық, жолдастық туралы түсініктерін кеңейту;
- сабырлылық, сыйластық қасиеттерін дамыту;
- қайырымдылыққа, сабырлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныс алуға зейін қою.

 Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық  пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)  немесе  1..................2  (баяу әуен)

Ресурстар: Bilimland.kz

іmektep.кz

Видеотоптама.

2.      Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 71- беттегі «Құм мен тас» атты өсиет әңгімесін оқып, мазмұндап келу.

Сұрақтар:

   Жігіт неліктен ренішін құмға жазды?

   Жақсылықты тасқа жазуының себебі неде?

   Бұл оқиғадан қандай сабақ алар едің?

   Өзің достарыңмен қарым –қатынаста өкпе - ренішті қалай жеңесің?

   Адамдарға қалай өкпелеп, ренжімеуге болады?Әңгімелеп беріңдер.

Өзін-өзі тану 2-  сыныпқа арналған оқулық  71- бет

3.      Дәйек сөз.

     " Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.»

мақал

     Дәйексөзді хормен оқу, қайталау дәптерге көшіріп жазу.

     Дәйексөздің мағынасын  түсініп  оқып, жаттап алыңдар.

 

 

4.      Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Bilimland.kz. тіркелу  арқылы   іmektep.кz кіру.    Пәндер: «Өзін-өзі  тану»  пәнін ашып, «Қарым- қатынас» ондағы  «Достық» туралы көбірек білгің келсе,осы фильмді соңына дейін көріп шығыңдар.

Таныс –

Дос – сен білетін, жақсы көретін,тілектес жақын адам.

Достық . Достасу жолдары : 1.Амандасу, танысу.2. Үйрету немесе үйрену. 3.Көмектесу.4.Бірігіп ойнау арқылы.

Тестпен жұмыс жасау.

Сөйлемді толықтырып жазу.

Дұрыс.Дұрыс емес. Белгілеу

Видеотоптама. Сынып сағаты тақырыптары:Мен және менің достарым. Достық дегеніміз не? Көріп тамашалау

 

Сценарий авторы: Амандық Нәкен,

Еркінгүл Салтанбаева.

Редактор:

 

 

 

Тест – жұптық жұмыс

5.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

3-тапсырма. Жеке жұмыс. Досыма хат.

        Досыңның жақсы жақтарын, оған тілейтін жақсы қасиеттер мен құндылықтарды естеріңе түсіре отырып, дәптерге досыңа тілек жаз.

 

4-тапсырма.   Топтық жұмыс. «Достық ережесі»   Постер қорғау.

       Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар.

§  Жолдастарыңа көмектес.Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.

§  Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.

§  Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатыпғ дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.

§  Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол, мақтанып кетпе.

§  Жолдасыңның жетістігіне қуан.

 

Жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

6.      Топпен ән айту.         Ағайынбыз бәріміз

                                                          Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

                                                     Әнін  жазған: Малғаждар Әубәкіров

Жақсылықта, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос- бауыр.

Болмасын еш тосқауыл.

   Қайырмасы:Ақпыз, қара, сарымыз.

                         Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша- бау.

Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын бізге ту да ортақ.

Қайырмасы:Ақпыз, қара, сарымыз.

                         Ағайынбыз бәріміз.

 

7.      Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 74 – 76  беттеріндегі «Шынайы сүйіспеншілік» атты Л.Козбаеваның  әңгімесін оқып, мазмқндап келу.

Өзін – өзі тану 2-  сыныпқа арналған оқулық  74-76  бет

8.      Соңғы тыныштық сәтi.

           Көзімізді жұмып еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған ойларымызды көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзіңізді ашуға болады. 
          Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Баяу әуен қойылады.

 

Қате туралы хабарландыру