Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Бәкірбекова Гүлбану
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
6774
Өзін-өзі тану
Тақырыбы:
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

 

Мақсаты

Сыйластық, құрмет құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге деген қамқорлықты көрсетуге тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

Құндылықтар: жақсы және жаман, әдепті және әдепсіз әдеттерді айыра білу арқылы  адамгершілік қасиеттерді сіңіреді, өмірмен байланыстыра мысалдар келтіріп дәлелдейді, дұрыс таңдау жасауға дағдыланады.

Сілтеме

Өзін-өзі тану оқулығы,адамгершілік-рухани тәрбие бойынша хрестоматия, i.Mektep ресурсынан  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әдеп»бейнефильмі  Bilimlandhttp://imektep.kz/adep, бастауыш мектеп әдебиеттік оқу айдарындағы шығармашылық жұмыстарда берілген өз ойыңды білдір тапсырмасы бойынша шағын әңгіме http://imektep.kz/shygarmashilik-zhumis.

Оқыту түрі

Диалогты оқыту, формативті бағалау, критериалды бағалау, АКТ-ны қолдану, топтағы бірлескен жұмыс.

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, бағалау парақтары, дидактикалық таратпа  материалдар, сюжеттік суреттер, компьютер, проектор.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут.

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру:  шаттық шеңбері.

2. Сабақ барысы.

3. Рефлексия.

4. Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма

«Жақсылық жасай білейік » атты күнделік бастау.

 

 

Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі

Нәтиже

Бағалау

критерийлер

дескриптор

ұпай

жиынтық баға

Білу

Шаттық шеңбері арқылы ынтымақтастыққа жұмылдыру, жағымды ахуал орнату.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барлығына бас иіп,
Сәлем бердік біз.

 

Сабақ барысындағы оқушылардың ережені  қайталап өтуі.

*Бір-бірін сыйлау; *Бір-бірін тыңдау; *Өз ойын нақты жеткізу; *Белсенді қатысу, т.б

Оқушылар өлеңді жатқа қайталай отырып, бір-бірімен амандасады, жылы ишарат білдіреді.

 

Оқушылар ережені еске түсіру арқылы сабақ барысында  осы ережелерді нақты орындау арқылы нәтижелі жұмыс жасауға дағдыланады.

 

   

 

Түсіну

Оқулықтағы сурет бойынша ауызша жұмыс жасау.

Оқушылар «Адамгершілік-асыл қасиет» нақыл сөздерін жинақтай отырып 3 топқа бөлінеді.

- Құрмет көрсету денеді қалай түсінесіңдер?

- Балалар кімге құрмет көрсету керекпіз?

 

Оқулық бойынша топтық жұмыс /суретте берілген әрекетті сипаттау, қандай құрмет, ізет туралы  суреттелгенін айту/.

Өздерінің тәжірибесіне, көргеніне сүйене отырып сұрақтарға жауап береді.

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет - 1

Кейіпкерлердің жақсы әдеттерге жататын әрекеттерін анықтау, оның мағынасын ашу, қажеттілігін дәлелдеу.

Өз ойын толық жеткізе білу, жақсы құндылықтардың маңыздылығын жеткізу.

Сұрақтарға толық жауап берді, сурет бойынша жақсы әдеттерді тауып айтты.

3

 

Сұрақтарға толық жауап берді, сурет бойынша жақсы әдеттерді толық жеткізбеді.

2

Сұрақтарға толық жауап берген жоқ,сурет бойынша жақсы әдеттердің қажеттілігін толық жеткізбеді.

1

Қолдану

Оқулықтағы «Үш дос» әңгімесі негізінде өзара сыйластыққа ықпал ету.

Әңгімені тізбектей оқу. Сұрақтарға жауап беру. Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, жақсы қасиеттерді анықтау.

Сұрақтарға ауызша жауап бере отырып, бір-бірімен сыйластықта болудың  жолын ұсынады. Оқушылар тақтаға кейіпкерлерге берген мінездемелерін  оқып, жабыстырады.

Қазанқап:

Қарымсақ:

Самат:

Оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруі және  кейіпкердің әрекетін бағалай алуы (Бас бармақ арқылы оқушылардың жауаптарын бағалап, қолдап өту).

Өте жақсы жауап берді.

 

 

Жақсы жауап берді.

 

 Орташа жауап берді.

 

Талдау

Адами қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын  түсінуге ықпал ету.

Мақалды құрастыру арқылы 2 топқа бөліну

«Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.»

http://imektep.kz/adep ресурсынан  «Әдеп»бейнефильмінен үзінді  көру (3.30 дейін),  кластер құру

Оқушылар топқа бөлініп, кластер құрастырады.

1-топ. Дананың бойынан қандай әдепті қылықтарды байқадың?

2-топ. Дана  әдептілікті үйренудің қандай жолдарын нұсқады?

Өз ойын ортаға салу, қорытынды шығару, дәлелдеу

2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалау.

 

 

 

 

Егер топтың жұмысы толық, бірлесе орындалса

3

 

Егер топтың жұмысы толықтыруды қажет етсе

2

Егер топтың жұмысы  бірнеше толықтыруды қажет етсе және топта бірлесе жұмыс істеу байқалмаса

1

Жинақтау

Өзіндік қорытынды жасауға, кеңес айтуға дағдыландыру.

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларда өз ой қорытындысын хат ретінде жазу:

1. Өзінен кішіге арнап кеңес жазу.

2. Өзіңе үлкендердің айтар ақылын жазу.

Оқушылар сабақ бойы естіген, көрген, білген әдепті қылықтарын, оған үйрену жолдарын кіші бауыр, сіңлілеріне ақыл ретінде жаза отырып,  өздері де үйренеді және ойларын жинақтайды. Сондай-ақ күнделікті ата-ана, әже-аталарының айтқан ақыл кеңестерін естеріне түсіреді.

Оқушылардың оқыған ақыл-кеңестеріне өзіндік  баға беру.

- Қандай кеңестер ұнады, өзіңе қайсын алар едің?

Сабақта айтылған  құндылықтарды қолданып, жақсы кеңесақылдар жаза білді. Өзіне айтылған ақылдарды ұмытпапты.

3

 

Сабақта айтылған құндылықтардың көбін  қолданды. Өзіне айтылған ақылды толықтыру қажет.

2

Сабақта айтылған құндылықтар аз айтылды.Үлкендердің де ақылын есте сақтамаған.

1

 

Ертегіні тыңдау арқылы ата-анасына, үлкендерге деген шынайы сыйластығын қалыптастыруға ықпал ету.

i.Mektep ресурсынан  бастауыш мектеп әдебиеттік оқу айдарындағы шығармашылық жұмыстарда берілген өз ойыңды білдір тапсырмасы бойынша шағын ертегіні тыңдау http://imektep.kz/shygarmashilik-zhumis

Топта оқушылар қыздардың анасын сағынғанын талқылап, ең дұрысын анықтап, түсіндіреді. Келесі сұрақтарға жауап іздейді:

*Қай қыздың жауабы ұнады?

*Неге кіші қызы анасына ештеме айтпады?

*Анаға деген құрметті қалай білдіруге болады?

Топтар бір бірін қол шапалақтап бағалайды.

 

 

 

Бағалау

«Жүректен-жүрекке» рефлексиялық шеңбері арқылы қорытындылау

Оқушылар жапырақтарға жазылған  ізетті, құрметті білдіретін сөздерді  оқып, үлкендерге,кішілерге айтылатынын анықтайды

 

Үлкендерге айтатын  сөздерін -үлкен ағашқа, кішілерге айтылатын сөздерді  кіші ағашқа іледі . Сөйтіп ағашты өздерінің жақсы сөздерімен жайқалтады.

 

Үлкен ағашқа ақылдаса отырып «Құрмет»,ал кіші ағашқа «Ізет» деген ат қойып, сөздер жаттауға беріледі

 

Ал мұғалім:

Кішілерді аяла,
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін,
Анадай жан саяңда.
Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты боп өссең сен
Нағыз адам боласың
,- өлеңін оқушыларға  тілек ретінде оқып, сабақты аяқтайды.

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру