Ғарыш қалай игерілді?

Асилбекова Акмарал Кидиркалиевна
Түркістан қаласы, №24 ЖББОМ
1228
Жаратылыстану
Тақырыбы:
Ғарыш қалай игерілді?

Оқу мақсаттары:

3.4.2.1. Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу.

3.4.2.2. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ғарышты игеру кезеңдерінің кейбір айтулы оқиғаларымен біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Адамдар ғарышты игеру барысында қандай қиындықтарға кездескендігі жөнінде әңгімелей алады.

Бағалау критерийлері

•          Ғарышты игеру тарихын әңгімелейді

•          Ғарыштың адамзат өміріндегі маңыздылығын сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Серік, зымыран, орбиталық стансы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың?

Күн адамға не береді?

Күн жүйесінің ғаламшарларын ата.

Айдың қозғалысы ғаламшарлардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді?

Құндылықтарды  дарыту

Білімнің салтанат құруына ықпал жасау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Акт қолдану дағдылары

https://imektep.kz/kz/garysh-video

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi

https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-709

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1371

https://imektep.kz/kz/game#select_words-708

https://imektep.kz/kz/game#quiz-710

Аспан көрінісі

https://www.google.kz/search

Бастапқы білім

Ғарыш туралы түсініктері бар және алғаш  кім және не ұшқанын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың  жоспарланған  кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткенді пысықтау

 
4 мин

    

 

 

 

 

 


Кіріспе тапсырмасы

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты түсіндіру

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4 мин

 

 

 

 


 
Томпақтың тапсырмасы
6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2 мин

 

 

 

 

 

 

 


5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру. 
Армысың досым,
Кел, маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық. (қолдарынан ұстайды)
Жер шарын айналып,
Әлемге жарық ұқсайық. (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады)
Ортамызда күн нұры
Құшаққа оны алайық (құшақтасады)
Осындай жақсы көңілмен,
Сабағымызды бастайық.

Аспанмен тілдесу
Ашық аспан арайлы
Саған жиі қараймын
Оқып зерттеп сабақты
Көп мәлімет алайын!
Топқа біріктіру.     1 топ   Ғарышкер
                              2 топ   Ғаламшар                                                                  
                              3 топ   Зымырандар
 «Миға шабуыл»
Сұрақ-жауап арқылы сұраймын.
1.Топырақ жердің қандай қабаты? (Үстінгі қабаты)
2.Қандай топырақ құнарлы? (Қаратопырақ)
3.Жердің неше географиялық  қабықтары бар? Оларды ата.
(4 Атмосфера,литосфера,биосфера,гидросфера.)
4.Жердің ауа қабығы қалай аталады? (Атмосфера)
5.Тірі ағзаларға тіршілік ету және өсу үшін не қажет?
(Оттек,су,қорек заттар)
6.Гидросфера дегеніміз не? (жердің су қабығы)
7.Жер қабығы қалай аталады? (Биосфера)
8.Литосфера  қандай қабық? (Жердің қатты қабығы)
9.Жердің қабықтары қалай аталады? (Сфералар)
10.Ғалымдардың болжамы бойынша ғаламшарымыздағы алқашқы тірі ағзалар қайда пайда болған?( Суда)
Жедел жауап тапсырмасы
Интерактивті тақтадан шоқжұлдызды аспанның слайдын көрсетемін.Слайдта Күн, ғаламшарлар, Жетіқарақшы, Кішіаю шоқжұлдыздары бар.
Қане балалар, топ бойынша 2,3 минут экраннан көріп тұрған нысандарды талқылап, олар туралы не білетіндеріңді бір-біріңе айтып беріңдер.Содан соң мен сендерге сұрақтар қоямын.
-    Өздеріңе таныс шоқжұлдыздарды атаңдар?(Жетіқарақшы, Кішіаю)
-    Күн адамға не береді?(Жарық,жылу, энергия)
-    Күн жүйесіне кіретін қандай ғаламшарларды білесіңдер? (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
-    Айдың қозғалысы басқа ғаламшарлардың қозғалысынан несімен ерекшеленеді?(Ай- Жер серігі. Ол ғаламшарды айналады, ал ғаламшарлар жұлдызды- Күнді айналады.)
-    Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан? Ең алысы қайсысы? (Бәрінен жақыны- Меркурий, ең алысы- нептун)
-    Қай ғаламшарлар Жерге жақын орналасқан? (Шолпан мен Қызылжұлдыз)
-    Неліктен басқа ғаламшарларда тіршілік жоқ?(Оларда оттек жоқ.)

Орны ауысқан әріптерді қойып, сөздің мағынасын ашу:
А Ғ Ы  Ш Р – 
Й А Қ А Л –
І Г Р І Л Е И Д –
 Ғарыш қалай игерілді?
«Ертегілер әлемінде» әдісі
https://imektep.kz/kz/garysh-video көрсету арқылы

Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу кезеңімен таныстыруды Білімленд сайтынан көрсетемін.
Осы бейнебаян негізінде әр топқа фотосуреттер жапсырылған парақшалар жиынтығын таратып беремін. Әр фотосурет сұрақтардың біреуіне сәйкес. Оқушылар өздерінің зерттеу сұрақтарына жауап дайындайды.Ол үшін оқулықтағы немесе ғарыш туралы бейнебаяннан алған ақпаратты пайдаланады.

Топтық жұмыс
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
•  зерттеу сұрағын оқиды.
•  сәйкес фотосуреті бар парақшаны табады.
•  оқулықтағы және бейнебаяндағы ақпаратты пайдалана отырып, сұраққа жауап дайындайды.
•  зерттеу сұрағына берген жауабымен таныстырады. 
-     Ал, балалар сендердің  ойларыңша, ғарышты игеру аяқталды ма әлде жалғасады ма? 
-    Адамзат алдағы уақытта қандай қадамдар жасайды? (Басқа ғаламшарларды игеруге талпыныс жасайды.)
Балалар Томпақ бізге Ай мектептен тапсырмалар әкеліпті. Енді жұппен сол тапсырмадарды орындайық.
Жұптық жұмыс 
https://imektep.kz/kz/garysh  тапсырмаларды орындайды 
1 тапсырма  артығын алып таста


2 тапсырма Дұрыс дұрыс емесін тап

3 тапсырма сөйлемді толықтыр

4 тапсырма  Тест
Сен білесің бе? 
Ғарышқа ұшу кезінде зымыран көтеретін жүктің салмағы өте маңызды болып табылады. Ол отын шығынының мөлшері мен зымыранның алатын жылдамдығына байланысты болады. Егер ол ғарыштық жылдамдыққа (8 км/с) жетпесе, онда ғарыш 
кемесі орбитаға шыға алмайды. Нақ сол үшін ғарышкерлерге қойылған негізгі талаптардың бірі ғарышкердің салмағы мен биіктігі болған. Сондай талаптар ғарышкер-иттерге де қойылған.
«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорытамыз.
Ғарыш бізге не берді? 
Топтық жұмыс
Суреттерге қараңдар. Қандай заттарды көріп тұрсыңдар және олар неге арналған. Топ бойынша бірлесе отырып талқылаңдар.
Ғарыш зерттеулерінің қандай пайдасы бар?

Ғарышты игеруде тағы қандай жаңалықтар ашылды? Айтып бер.

 
Оқушылардың сурет бойынша талқылауынан соң өзім толықтырамын. Сендер теледидар көруді ұнатасыңдар ма? 
Теледидардағы бейнесюжеттер ғарыш арқылы беріледі. Бұл қызметті Жер айналасындағы орбитада орналасқан теледидарлық серіктер атқарады.Теледидарлық станса серікке сигнал жібереді,ал ол қажетті жерге сигналды қайта 
жібереді. Сонымен қатар, серіктердің метеорологи-ялық және бақылау серіктері деген түрлері болады. 
Осының барлығына ғарышты игеру барысында қол 
жеткізілді.

 

 

 


Сұрақтар жазылған слайд

Қол шапалақ әдісі арқылы бағалау.
 

 

 

 

 


2 жұлдыз
1 тілек әдісі арқылы бағалау

Кеспе қағаздар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


https://imektep.kz/kz/garysh-video

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi
 

 

 

 

 

 

 

 


https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-709

 

 

 

 

 

 


https://imektep.kz/kz/game#true_false-1371


Бағдаршам әдісі арқылы бағалау
 
https://imektep.kz/kz/game#select_words-708

https://imektep.kz/kz/game#quiz-710

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалаушалар арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Сабақтың соңы
5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Үйге тапсырма

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара.    Берілген даталарға қатысты ғарыш саласында қандай оқиғалар болды? Әңгімеле.

1957 жыл

1961 жыл

1969 жылы

Қазіргі күнде ғарыш саласында қандай айтулы оқиғалар болып жатыр? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор    Білім алушы:
                        -    берілген даталарға қатысты     
                        ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар      
                        туралы әңгімелейді;
                       -    ғарыш саласындағы қазіргі айтулы    
                        оқиғаларды сипаттайды.

РЕФЛЕКСИЯ

Бүгінгі сабақта не түсінгендерін, не білгісі келетіндерін зымырандарға жазып ғаламшарларға жабыстырады.       
                                          
Адамдар ғарышты игеру барысында қандай қиындықтарға кездескенін оқып, іздену.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Зымыран суреттері бар кеспе қағаздар, ғаламшарлар суреті бар плакат.

Қосымша мағлұматтар

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 

Саралауда берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. 
Саралау сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланасыз.

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? 

 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ
бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Қате туралы хабарландыру