Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары

Алмағанбетова Алтынгүл
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №62 орта мектеп
5070
Биология
Тақырыбы:
Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары

 

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға иммунитет және ЖИТС ауруы, оның алдын алу шаралары туралы түсінік беру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

iTest Bilimland Twig-Bilim

Itest.kz, bilimland.kz ресурстар қоры, twig-bilim видеосабақтары.

І. Ұйымдастыру

Амандасу, оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындық.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Itest.кz және биология, 8-сынып, ҮІІ тарау. Ұлпа сұйықтығы. Лимфа, лейкоциттер. Тромбоциттер. Қанның ұюы тақырыбына

А) Конспект. Лейкоцит тақырыбын қайталау. Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше «leukos» – ақ, «kytos» – жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 ммқанында 4-9 мың әртүрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45-75%), эозинофилдер (1-5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18-30%), моноциттер (2-9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2-5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады (бұзылады).

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 1
1-сурет.

Фагоцитоз құбылысы:

а) тікен қадалғандағы қабыну: 1 – бактериялар; 2 – тікен; 3 – тері (сұрғылттау түспен көрсетілгені – ірің); 4 – лейкоцит; 5 – қантамыр; 6 – жүйке; ә) лейкоциттердің микробтарды жоюы.

Қызметі. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғалым Илья Ильич Мечников микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» – фагоциттер (грекше «рhagos» – сіңіру, жеп қою), микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер тез енеді, зақымданған жер қызарып, қызуы көтеріледі. 

Тромбоциттер (грекше «thrombos» – қан ұйығы (сгусток) + «kytos» – жасуша) – қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2-5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250-400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7-10 күн.

Қанның сарысуы – қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық. Құрамы жағынан плазмаға ұқсас, бірақ фибриноген нәруызы болмайды, сондықтан ұйымайды.

Дені сау адамда қанның мөлшері, құрамы, физикалық әрі химиялық қасиеттері тұрақты болады. Қанның мөлшері мен құрамының тұрақты болуы ағзадағы барлық ұлпалардың тіршілігі үшін қажетті жағдай. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қанайналым, тынысалу, асқорыту және зәршығару жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі ортаның тұрақтылығын әрі жүйке, әрі эндокриндік жүйелер реттеп отырады.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 2

Ә) Ұлпа сұйықтығы. Лимфа, лейкоциттер.Тромбоциттер. Қанның ұюы тақырыбына тақырыптық тест орындау.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 3

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

А) Itest.кz -> пәндер -> биология -> өту -> 8 сынып -> ҮІІ тарау. Иммунитет, қан құю, қан топтары. Иммунитет тақырыбын оқу. Конспект:

Иммунитет (латынша «іmmunіtas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес. Иммунитет – табиғи және жасанды деп 2-ге бөлінеді. Табиғи иммунитет (ағзаның өзінде түзілген) – туа біткен иммунитет. Ата-анасынан беріледі, тұқым қуалайды, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Табиғи иммунитеттің екінші түрі – жүре пайда болған иммунитет. Бұл қандай да болмасын бір аурумен ауырғаннан кейін қалыптасады. Мысалы, жас кезінде қызылшамен ауырған адам енді қайтып ауырмайды. Себебі, қанда қызылшаға тән қарсыдене түзіледі. Қарсыденелер ұзақ сақталатындықтан, ағза бір аурумен қайталап ауырмайды.

Жасанды иммунитетті егу арқылы қалыптастыруға болады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактериялардың әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Ағзада қарсыдене пайда болып, жасанды иммунитет қалыптасады. Ауырған адамдарға тезірек көмектесу үшін құрамында дайын қарсыденесі бар ауру малдың қанының сарысуын егеді. Сарысуды малдың (сиыр, жылқы) қанынан дайындайды. Малдарға мөлшерін біртіндеп көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Малдың қанында қарсыденелер жинақтала бастайды. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалар мен фибриноген нәруызынан бөліп, емдік сарысу алады.

Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы.

Адам ағзасының микробтарға, түрлі ауруларға қарсы тұруы иммундық жүйе арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазіргі кезде иммундық жүйенің атқаратын қызметіне ерекше көңіл бөлінуде. Дүние жүзінде соңғы уақыттарда кеңінен таралған ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ауру белгісі де иммундық жүйемен байланысты. Бұл ауру көпшілікке СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита) деген атпен белгілі.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 4

Ә) twig-bilim kz -> биология -> биология ресурстарын зерттеу -> жасушалар және ДНҚ-иммундық қорғаныс 1 бөлім бейнекөріністі көрсету, фильм жайлы ақпарат алу.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 5
Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 6

Б) bilimland ресурсы -> курстар -> білім беретін фильмдер -> танымдық фильмдер -> «ЖИТС дегеніміз не?» тақырыбындағы фильмді көрсету

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 7
Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 8

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

twig-bilim kz -> биология -> биология ресурстарын зерттеу -> жасушалар және ДНҚ-иммундық қорғаныс 1-бөлім-бейнекөрініс және тереңдетілген тест.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 9

А) twig-bilim kz -> биология -> биология ресурстарын зерттеу -> жасушалар және ДНҚ-иммундық қорғаныс 1 бөлім -> бейнекөрініс сынып бөлмесінде көру -> иммундық қорғаныс-> тест жауаптары.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 10

Ү. Қайталау

А) Itest.кz. -> пәндер -> биология -> өту -> 8 сынып -> Иммунитет, қан құю, қан топтары. Конспект сұрақтарына жауап беру.

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 11

Ә) ) Itest.кz -> пәндер -> биология -> өту -> 8 сынып

Иммунитет түрлері. ЖИТС-тің алдын алу шаралары - 12

ҮІ. Үйге тапсырма

Иммунитет, қан құю, қан топтары. ЖИТС ауруы, оның алдын алу шаралары туралы конспект.

Қате туралы хабарландыру