Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы

Махмутова Гульмира
Астана қаласы, №70 мектеп-лицей
3006
Биология
Тақырыбы:
Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы

 
Сабақтың мақсаты Оқушылар тақырыптың негізі мақсатын түсіне отырып, тапсырмалар орындайды. Қисынды ойлау қабілетін дамыта отырып, тапсырмаларды орындауға пайдаланады.
Күтілетін нәтиже Оқушылар тақырып ұғымын біледі, түсінеді және тапсырмалармен жұмыс жасауда пайдаланады.
Модульдері АКТ, сын тұрғысынан ойлау, оқушылардың жас ерекшеліктері, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, оқытуды басқару және көшбасшылық, диалогтық оқыту.
Бағалау Өзін-өзі, жұптық, топтық, жиынтық баға.
Деректер Интербелсенді тақта, жапсырма қағаздар, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары.
Әдіс тәсілдер СТО, «Кім жылдам?», «Миға шабуыл» әдісі.
 
Сабақ кезеңдері Уақыт Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті  
Білім

Қызығушылықтарын ояту
2 мин Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Интерактивті тақтада сұрақтар қойылады.
Онда шаянтәрізділер тақырыбы бойынша сұрақтар қойылып, басты айырмашылықтарын атап кету.
Оқушылармен амандасамын. Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушыларды жапсырма қағаздардың түсіне қарай топтарға бөлемін. Оқушылар 1, 2, 3, 4, 5 деген топтарға бөлінеді. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау.
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау.
Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу, жапсырма қағаздың түстері арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. АКТ
Түсіну 7 мин «СТО» әдісі
Шаян тәрізділер тақырыбын өздері талқылап, қайталау мақсатында қосымша тапсырмалар таратылады. Жаңа тақырыпты бастау үшін
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhanuarlar-alemi/buynayaqtylar-tipi/lesson/buynayaqtylar-ormekshitarizdiler-men-zhandikter сайтын пайдаланып, оқушылармен жұмыс жасау. Өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысы мен тіршілігі, крест өрмекшінің басқа өрмекшілерден негізгі айырмашылықтарын атап кету.
Крест өрмекшісінің сыртқы құрылысының ерекшелік белгілерін табу.
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып, топпен талқылайды. Содан соң топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр топтан белсенді бір оқушыдан (сарапшылар тобы) жаңа топ құрылады. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды бірігіп, талқылап орындайды. Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз топтарында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп үйрету керек.
Оқушыларға берілген тапсырмалар сол мезетте тексеріліп отырады. Сабақтың мақсатында берілгендей, оқушылардың қисынды ойлай білулерін қадағалау. Ол үшін әр тапсырманың берілуі, оның орындалуын қадағалау керектігі ескеріледі.
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білу. Топпен жұмыс жасау, бұл жерде топ басшысы өздерінің топтарына жеке-жеке тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. Жұмыстың соңында бағалау парағына өз тобындағы оқушылардың аты-жөні жазылып, әр тапсырманы орындауына қарай бағалап отырады. ЖТ
ЖЕ
Қолдану 10 мин Жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану, оқушыларға сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, бірнеше тапсырмалар беріледі. Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін сурет арқылы қорғайды (конвертке салынған сұрақтар таратылады). Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Тапсырманы тақтаға шығып қорғау. СТО
Талдау 15 мин «Кім шапшаң?»

Сұрақ-жауап кезеңі
Тақырыпты оқып шығуға уақыт беру. Әр топ сұрақтар дайындайды. Ол сұрақтар сәл күрделірек болуы керек. Бір-біріне сұрақтар қоя отырып, тақырыптың негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.  
Жинақтау 5 мин Өткен тақырыптарға байланысты «Биологиялық диктант» жасайды.
«Өрмекшітәрізділер»
туралы не үйрендім? Ойларын жазғызу.
Топ бойынша эссе жазу, талдау, бағалау.
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады, онда өрмекшілердің алдынғы тақырыптағы буын аяқтылар тип өкілдерінен басты айырмашылықтарын табу берілген. Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа байланысты өз ойларын жеткізу.  
Бағалау 2 мин Өзін-өзі бағалау.
Бағдарша, бағалау парақшалары.
Бағалау парақтарын тарату.
Бір-бірін бағалауды қадағалау.
Топты бағалау.
Өзін-өзі бағалау.
 
Рефлексия 2 мин Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын жапсырма қағазға жазып, тақтаға ілуі керек. ББҮ кестесін толтыру.
Үйге тапсырма: қосымша ақпарат жинап, тақырып бойынша логикалық сұрақтар құрастырып келу.
Оқушыларға жапсырма қағазға өз ойларын жазуды ұсыну. Ондағы мақсат оқушылардың жаңа сабақ туралы өз ойларын жаза білуге дағдыландыру. Ұсынылған жапсырма қағазға жаңа сабақ туралы өз ойларын түсіреді, содан кейін оны тақтаға іледі.  
 

 

«Шығу» парағы
Сабақ қызықты өтті және мен үшін пайдалы болды, әсіресе....... Қанағаттанарлық сабақ болды, бірақ мен сабақта белсенділік танытпадым, себебі........ Мен үшін сабақтың пайдасы аз болды, өйткені.............
 
 
   
     
 

 

Бағалау парағы
Топ жетекшісі:
р/с Аты-жөні Білемін Білгім келеді Мәтін бойынша түсіндіру.
Постер қорғау
Қосымша тапсырмаларға қатысуы Бекіту сұрақтары.
Үйрендім
Барлық ұпайы Бағасы
1                
2                
3                
4                
5                
6                

20-22 ұпай – 5 «өте жақсы»
16-19 ұпай – 4 «жақсы»
12-15 ұпай – 3 «қанағаттанарлық»
11 төмен ұпай – 2 «қанағаттанарлықсыз»

Қате туралы хабарландыру