Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері

Қалдарбекова Ақмарал Қасымқызы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №51 орта мектеп
4967
Биология
Тақырыбы:
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері

 

Мақсаты

Қанайналым шеңберлерін және қан қысымы мен тамырдың соғуын өлшеуді білу, қанның қантамырлар бойымен қозғалуын түсіну, үлкен және кіші қанайналымды өзара салыстырып талдау.

Оқыту нәтижесі

Қанайналым шеңберлерін және қан қысымы мен тамырдың соғуын өлшеуді біледі, қанның қантамырлар бойымен қозғалуын түсінеді, үлкен және кіші қанайналымды өзара салыстырып талдайды.

Ресурстар

Оқулық, электронды оқулық, плакат, жүрек макеті, тонометр, тест, секундомері бар сағат. bilimland.kz ресурстар қоры, видеосабақтары, itest.kz.

Bilimland iTest

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, Оқыту үшін және оқуды бағалау. Жас ерекшелік теріне сәйкес оқыту, АКТ.

Сабақтың жоспары

Ұйымдастыру: сәлемдесу.

«Жүректен жүрекке» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Іздегенде табылатын қасымнан.

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досымнан?

Бағалау парақшаларын таратып беру.

Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша.

Кері байланыс «Білім қоржыны».

Үйге тапсырма

§36. Оқу және «жүрек ауруларының алдын алу» туралы қосымша мәліметтер дайындау.

 

Сабақтың барысы

 

Ойлауды Блум

 бойынша жіктеу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

 

 

 

Ой шақыру. Жұмбақтар жасыру

1. Жанды мотор сынбайды,   

Күні-түні тынбайды. 

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдайды.  

 

2. Тарам-тарам бір ғалам,

Айқыш-ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бірге адам.

http://itest.kz/exam_test?test_id=522879891

 

Тест тапсырмалар беру.

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 1

Жұмбақтарды шешеді, үйге берілген тапсырманы естеріне түсіреді.

Itest.кz ресурсындағы тест тапсырмаларын орындайды.

Түсіну

 

 

 

 

1. Сұрақтар қою.

Жүрек пен қантамырлар – қанайналым мүшелері.

 

Организмде қанның үздіксіз қантамырлар бойымен ағуы қанайналым деп аталады.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/qan-ajnalymy

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 2

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 3

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 4

Видео тыңдату.

 

2. Жүрек макетімен жұмыс.

Жүректің оң және сол жақ бөлігінде қандай айырмашылық бар?

Неге сол жақ бөлігі қалың?

АҚ – бұл қаннның артериялар қабырғасына түсірген күші.

Омыртқалы жануарлардың үлкен және кіші қанайналымын, жүректің құрылысын естеріне түсіре отырып, сұрақтарға жауап береді, жаңа тақырып туралы мәлімет тыңдайды, түсінеді.

Қолдану

 

 

Оқулықпен жұмыс. (3 мин)

І топ – Үлкен қанайналым

ІІ топ – Кіші қанайналым

ІІІ топ – Қан қысымы

 

Топтық жұмыс. Постер жасау, қорғау

І топ. Үлкен қанайналым шеңбері деп неліктен атайды, оның маңызы қандай?

ІІ топ. Үлкен қанайналым шеңбері деп неліктен атайды, оның маңызы қандай?

ІІІ топ. Қан қысымын қалай өлшейді? 

Өз беттерінше берілген тапсырманы оқиды, топта бір-бірімен өзара пікір алмасады, постер жасайды, қорғайды.

Талдау

 

 

 

№12 зертханалық жұмыс.

Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу.

Мақсаты: тамырдың соғуын есептеуді үйрену, жүректің әртүрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

Өз беттерінше зертханалық жұмыс жасап, сұраққа жауап береді.

Жинақтау

 

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/qan-ajnalymy

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 5

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері - 6

Өз беттерінше тақырыптық тест, жаттығулар орындайды.

Бағалау

Неліктен адамның қан қысымы өзгереді?

Өз ойларын білдіріп, ойланып шешім қабылдайды.

 

Қате туралы хабарландыру