Вирустар және фагтар

Зұлқашева Айзада
Атырау қаласы, Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия
7171
Биология
Тақырыбы:
Вирустар және фагтар

 
Мақсаты Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршіліктері және вирустық аурулардың алдын алу туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже • Өз-өздерін көрсете алады;
• Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады;
• Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;
• Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;
• Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;
• Экологиялық білім беріледі.

 

Сабақтың барысы

 
Кезеңдері Ресурстар Сабақтағы іс-әрекет Дифференция Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
Интерактивті тақта, слайд, жүрек суреті. Сабақ амандасумен және сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Бір-біріне қуаныш сыйлайтын тілектер айту.    
Қызығушылықты ояту кезеңі

5 минут
Bilimland
Bilimland.kz.
Оқытушы фильмдер «Вирустар дегеніміз не?
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/biologiya/lesson/virustar-degenimiz-ne
«Жаңа білімге көпір салу»
Видеофильммен танысады.
Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға блиц сұрақтар қойылады:
1. Вирустар дегеніміз не, қандай сипаттама берер едіңіздер?
2. Вирустық аурулармен кімдер ауырады?
3. Табиғатта вирустардың қандай түрлері кездеседі?
4. Құтыру вирусын микроскоппен анықтаған қай ғалым?
5. Вирустардың өлшемдері бірдей болады ма, мысал келтір.
6. Вирус жасушаның ішіне қалай кіреді?
7. Вирустанушылардың қызметтері қандай?
8. Вирустан қорғану жолдарын ата?
Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады. Үш шапалақ.
Бағдарлау-мотивациялық кезең

20 минут
Биология оқулығы, «Bilimland.kz» https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/virustar Жаңа тақырып бойынша «Bilimland.kz» материалдарымен танысу. Дәптерлеріне жазып алу.

Вирустар тек басқалардың арқасында өмір сүреді.
Вирустардың құрылысы мен жіктелуі.
Вирус пішіндері.
Тұмау вирусының құрылыcы.
Вирустар қалай таралады?
Вирустар қандай ауруларды тудырады?

«Алты қалпақ» әдісін пайдалана отырып оқушылар:
Ақ (ақ бұлттар) – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру (Вирустар мен фагтарға сипаттама).
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
(Адам вирустар тудыратын ауруды жұқтырған жағдайда қандай күй кешеді?).
Қара (тұман) – негативті ойлау (Вирустар табиғатқа қай жағдайда да зиян. Күресу шаралары).
Сары (күн) – оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар (Вирустардың табиғатқа тигізер пайдасы бар, өйткені.....).
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (Вирустарға байланысты бес жол өлең немесе оларға қатысты аурулар туралы мақалдар айту).
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды (Вирустардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы).
Оқушылар білімдерін толықтырады. Фактілерді баяндайды.

Мадақтау.
Үш шапалақ.
Операциялық-орындаушылық кезең

15 минут
«Bilimland.kz» №3917 Вирустар http://itest.kz/lekciya_ii_tarau_virustar_tirshilikting_zhasushsyz_turi
iTest
№1, 2, 3 жаттығулар және тестті орындау. Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау.  
Рефлексиялық бағалау кезеңі

2 минут
Бағдаршам суреті және қызыл, сары, жасыл жапсырма қағаздар. «Бағдаршам»
Вирустар және фагтар - 1

Вирустар және фагтар - 2 – түсінген жоқпын;
Вирустар және фагтар - 3 – әлі де практика қажет;
Вирустар және фагтар - 4 – барлығы түсінікті.
Оқушылар «Бағдаршам» түстері арқылы сабаққа баға береді.
Оқушының сабақты қандай деңгейде ұғынғандығын анықтау. Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма беру
1 минут
«Көзбен көретін айғақтар» тапсырмасына тақырыпқа қатысты фотосуреттер әкелу.
Үй тапсырмасын келесі сабақта осы арқылы бекіту.
 
№1, 2, 3 жаттығу және тестті орындау.
№1. Суретке қарап, таңдау тізімінен әрбір элементке сәйкес дұрыс санды табыңыз.
Вирустар және фагтар - 6

№2. Сол жақта берілген элементтерді оң жақтағы олардың дұрыс анықтамасымен байланыстырыңыз.

Нуклеин қышқылы

Капсид

Гликопротеин тікенектері
ие жасушаларын тануға, вирус немесе оның нуклеин қышқылының жасушаға енуіне мүмкіндік береді.

ақуыздар мен липидтерден құрылған

ретпен орналасқан бірдей ақуыз бөлшектерінен тұрады.

№3. Өлі материя және тірі материя үшін сол жақтағы тізімнен қандай ерекшеліктер тән екенін белгілеңіз.

  Өлі материялар ерекшеліктері Тірі ағзалар ерекшеліктері
Ие жасушасының ішінде таралу қабілеті    
Жасушалық құрылымы жоқ    
Тыныс алмайды    
Қоректенбейді    
Нуклеинді қышқыл мен ақуыздан құрылған.    

 

iTest тапсырмалары
1. Жасуша ішінде өмір сүретін паразит:
A) Спора
B) Микроағза
C) Вирус
D) Хлорококк
E) Бактерия

2. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға енгізген ғалым.
A) Луи Пастер
B) Ж.Б.Ламарк
C) М.В.Бейерник
D) А.В.Левенгук 
E) Д.И. Ивановский

3. Вирус көбейе алады:
A) Топырақта
B) Өсімдік, жануар, адам ағзасында
C) Шаң-тозаңда
D) Микробта
E) Жасушада

4. Бактерия жасушасына енетін вирус:
A) Шешек
B) Бактериоз
C) Гоммоз
D) Бактериофаг
E) Микроиза

5. Алғаш рет темекі теңбілі вирусын 1892 ж. ашқан орыс биологын ата.
A) М.В.Бейерник 
B) Д.И. Ивановский
C) Луи Пастер
D) Ж.Б.Ламарк
E) А.В.Левенгук 

6. Тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі:
A) Бактерия
B) РНҚ
C) Бактериофаг
D) Вирус
E) ДНҚ

7. Бактериофагтар туралы алғаш рет сипаттап жазған вирусолог және бактериолог:
A) И. Ивановский
B) Ф. Гамалея
C) Ф. д'Эрелль
D) У. Стенли
E) Ф. Туорт

8. Бактерия жасушасының қабықшасын ерітетін фермент:
A) Фаг
B) Полиомиелит
C) Жеушілер
D) Вирус
E) Лизоцим

9. Фагтың көбею сатысының ұзақтығы:
A) 20 – 70 минут
B) 30 – 90 минут
C) 40 – 50 минут
D) 10 – 30 минут
E) 50 – 80 минут

10. 1917 жылы іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагты анықтаған:
A) И. Ивановский
B) У. Стенли
C) Ф. Гамалея
D) Ф. Туорт
E) Ф. д'Эрелль
Қате туралы хабарландыру