Жасушалық биология

Әскербеков Қуандық
Қызылорда қаласы, ХББ НЗМ
5714
Биология
Тақырыбы:
Жасушалық биология

 
Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты Өсімдік пен жануар жасушасын ажырату.

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

Оқушылар жануарлар мен өсімдік жасушаларының қызметін сипаттай алады және негізгі бөліктерін диаграммада анықтай алады және белгілей алады. Олар жануарлар мен өсімдік жасушалары компоненттерінің қызметтерін сипаттай алады және өсімдік пен жануарлар жасушаларының арасындағы айырмашылықтарды түсіне алады.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар жануарлар мен өсімдік жасушаларының көлденең қимасының сұлбасын белгілей алады. Олар жануарлар мен өсімдік жасушалары компоненттерінің қызметтерін (жұмыстарын) сипаттай алады және жасушаның осы екі типі арасындағы айырмашылықты сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
Құрылысына қарап, жасушаның жануарларға немесе өсімдікке тиесілі екендігі туралы ауызша қорытынды жасау.


Арнайы пәндік лексика мен терминология

Қазақша Орысша Ағылшынша
жасуша қабықшасы клеточная мембрана cell membrane
цитоплазма цитоплазма cytoplasm
жасуша клетка cell
ядро ядро nucleus
вакуоль вакуоль vacuole
митохондрия митохондрия mitochondrion
хлоропласт хлоропласт chloroplast
рибосома рибосома ribosomes
жасуша қабырғасы клеточная стенка cell wall
өсімдік жасушасы клетка растении cell plant
жануар жасушасы клетка животных cell of animals

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Бұл өсімдік жасушасы ма, әлде жануар жасушасы ма?
Сіз қалай ойлайсыз, бұл қандай жасуша?
Сіз неге бұл өсімдік / жануар жасушасы деп ойлайсыз?
Неге бұл өсімдік / жануар жасушасы емес?
Сіз бұл өсімдік / жануар жасушасы екендігіне сенімдісіз бе?
Сіз бұл өсімдік / жануар жасушасы екендігін қалай білдіңіз? Сіз сенімдісіз бе?
Мен өсімдік / жануар жасушасы еместігіне сенімдімін.
Бұл өсімдік / жануар жасушасы шығар,рарапотому что өйткені оның… - / бар.
Бұның өсімдік / жануар жасушасы болуы мүмкін емес, өйткені оның … - емес / жоқ…
Алдыңғы білім Оқушылар:
Өсімдік пен жануар жасушасы жайлы біледі (6 сынып).
 

Сабақтың барысы

 
Сабақтың кезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер Оқыту ресурстары

Басталуы


0-2 минут

3-8 минут






10-20 минут


(20 мин., жалпы алғанда)


21-40 минут

Ұйымдастыру.
Миға шабуыл әдісі арқылы оқушыларға қайталау сұрақтары беріледі.
- Жасуша дегеніміз не?
- Жасуша неге тірі?
- Жасуша құрылысы неден тұрады деп ойлайсындар?
- Органоидтар дегеніміз не?
- Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
 

D) Жасуша бөліктерінің қызметтері.
Сыныпқа шағын қағаз парақ көрсетіп: Сіздерде жаңа ағзаларды қалай құрау керектігі көрсетілген сұлбалар жинағы бар деп айту. Қағазды орап, оны пластик контейнерге салу, сосын ішіне үрленбеген, мойыны кең шар салу. Воронка көмегімен шарды жартылай жабысқақ сұйықтықпен толтырып, аузын буу. Сыныпқа сұйықтықтың құрамында өмірге қажетті заттардың бар екендігін айту. Оқушылардан әрқайсысының не істейтіндігін жазуларын сұрау: жоспар, контейнер, қоймалжың шырыш, шар.
(D) Слайдтардың қалай жасалатынын көрсету.
(I) Әрбір оқушыда жарты тампон мақта болуы керек. Ол нұсқаулық алу керек: ауыз қуысын мақтамен сүрту, сосын заттық шыныға тигізу, сосын тампонды бірден зарарсыздандырғыш сұйықтық құйылған стаканға салу. Заттық шыныларды практикалық жұмыс аяқталғаннан кейін зарарсыздандырғыш сұйықтық құйылған стаканға салу керек. Оқушылар өз бақылауларын, микроскоп астындағы үлкейтілген көрініспен қоса, белгілеулер салынған сұлбалар түрінде жазулары керек.
 

Қосымша тапсырма. Компьютерге қол жетімділікті қамтамасыз ету және оқушылардан жасушалық мембрана, цитоплазма құрылымы, ядро іші туралы көбірек білулерін және олардың атқаратын қызметімен байланыстыруларын сұрау керек.
(D) Сарымсақ эпидермисі жасушасының заттық шынысын дайындаудың әрбір кезеңін көрсету.
(f) Білімдерді бекіту үшін оқушылардан әрбір кезеңді қайталауды сұрау.
(G) Сарымсақтың шамамен 1 шаршы сантиметр бөлігін кесіп алу. Пинцетті пайдаланып, эпидермис бөлігін микроскоптың заттық шынысының ортасындағы кішкене су тамшысына қою. Бір тамшы иод қосып, жамылғы шынымен жабу. Заттық шыныны микроскоп үстеліне орнатып, фокустандыру үшін бекіту.
(I) Оқушылар А4 форматты кәдімгі қағаздың жартысына көріп тұрғандарының суретін салу керек. Практикалық жұмыс соңында сауалнама жолымен оқушылардың жасушаға тән сипаттамалық белгілердің барлығын көргендігіне және оларды сәйкестендіре алатынына көз жеткізу.
(W) Олардың жануарлар мен өсімдік жасушаларының суреттерін салыстырып, айырмашылықтарын табу.
О ларды жануарлар мен өсімдік жасушаларының көлденең кесіндісінің сұлбасымен салыстыру.
(I) Оқушылар кестеде жануарлар мен өсімдік жасушалары арасындағы ұқсастықтарды бірінші бағанға, айырмашылықтарды екінші бағанға жазады.
(f) Жануарлар жасушаларының бөліктері көрсеткіш тілмен белгіленген сұлба салынған карталарды пайдаланып, олардың қызметтерін сипаттау, атауларын көрсету.
(f) Оқушылар тақтайшаларды жасуша бөліктеріне бекітеді. Көздерін байлап, заттарға соғылмас үшін көмекші көмегімен оқушылар карталардың шешуші сөздері жазылған карточкалардың және тақтадағы үлкен суреттің көмегімен «Жасушаға тақтайшаны бекіту» ойынын ойнайды.

Кішкентай қағаз,
пластик контейнер,
воронка (құйғыш),
мойыны кең шар,
жабысқақ сұйықтық (мысалы, тұсқағаз желімі немесе крахмал паста).


Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushanyng-ximiyalyq-quramy/lesson/zhasushanyng-ashylu-tarixy


Мақта тампондар (ортасынан кесу), заттық шыны, жамылғы шыны, эпидермисті бөліп алуға арналған аспап (немесе қарындаш), зарарсыздандырылғыш зат салынған шағын кеселер (натрий хлораты (I)), микроскоптар, араластырылған метилен көгі, сандық микроскоп және Flexicam (егер бар болса).

Жасуша құрылымын зерттеу үшін интернет кітапхананы пайдаланыңыз.

Скальпель, ақ кафель, қысқыштар, заттық шыны, жамылғы шыны, эпидермисті бөліп алуға арналған аспап немесе бекітуге арналған ине, йод ерітіндісі, тамызғыш, қағаз сулық, жуа, су құйылған стақан.

Twig-Bilim
https://www.twig-bilim.kz/film/what-is-a-cell-5358/
Қосымша №1

Ортасы


41-51 минут







51 -64 минут

(G) Әрбір топқа жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларын ұсыну. Олар ондағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтаулары тиіс.
Жасушалық биология - 1  Жасушалық биология - 2
Әр топ өз қорытындыларын сыныпқа көрсетіп, таныстырылым жасайды. Топ бір-бірін бағалайды.
(G) (f) Оқушылар бір-біріне түсіндіріп, өсімдік пен жануар жасушасы жайлы кесте толтыруын тапсыру.

Сипаты Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы
     
     
     
     


Әр топ немесе оқушы өсімдіктің және жануардың жасушасына тән органоидты тауып, мына диаграмманы толтыруы керек.

Жануар жасушасы  ортақ органоидтар  өсімдік жасушасы
Жасушалық биология - 3

Қосымша №2





Қосымша №3





Қосымша №4

Аяқталуы


65-75
(5 мин., жалпы алғанда)

• (F) (I) Оқушылар жеке жұмыс істейді, «жануарлар мен өсімдік жасушаларының қызметін сипаттай алуы және негізгі бөліктерін диаграммада анықтай алуы» үшін оқушылардың мақсатқа жетуі анықталады.
• Алған білімдері бойынша кері байланыс орнатады.


Үй жұмысы: Жасушалық мембрана, цитоплазма құрылымы, ядро іші туралы көбірек білулерін және олардың атқаратын қызметімен байланыстырулары жайлы тапсырма беру.

ҚБТ №1

«Сэндвич әдісі»
Қосымша ақпарат
Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? Бағалау – Сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Оқуаралық байланыстар.
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау.
Байланыс АКТ.
Мәндер байланысы.
Барлық оқушылар: Жануарлар мен өсімдік жасушаларының көлденең қимасының сұлбасын белгілей алады.
• Оқушылардың көбі:
Жануарлар мен өсімдік жасушалары компоненттерінің қызметтерін түсіндіре алады.
• Кейбір оқушылар:
Жасушаның осы екі типі арасындағы айырмашылықты сипаттай алады.
(1) Лездік сұрақтар беру арқылжасуша мен оның органоидтары жайлы сұрау.
(2) Өсімдік пен жануар жасушасы жайлы кесте толтыру арқылы анықтайды,
түсіндіріп, қорытындылар мен білімдерді қолдануға қатысты топтық талқылаулар жасайды.
(3) Өсімдік пен жануар жасушасы жайлы сипаттап, нәтижелерді бағалау туралы оқушылар алған білімдерін жазады.
Өсімдік пен жануар жасушасы жайлы мысал келтіруде физика және химия пәндерімен байланыстырады.
Алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Жасуша бөліктерінің қызметтері жайлы презентация жасауда нұсқауларды мұқият сақтау жауапкершілікті көрсетеді, және белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді, оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді.
Сабақ бойынша сұрақтар:
Оқу міндеттері шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Төмендегі орынды сабақ бойынша сұрақтарға жауап үшін қалдырыңыз.
Сол жақ бағанда келтірілген сабақ бойынша ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қысқаша бағалау
Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?
1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?
Қате туралы хабарландыру