Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

Абдрахманова Меруерт
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Майқоңыр ауылы, Майқоңыр жалпы орта білім беретін мектеп
4736
Физика
Тақырыбы:
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

 

Білімділік мақсаты (когнитивті): оқушыларға өмірде кездесетін дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсініп қолдана білу. Алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білу, ойлау қабілеттерін түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. 

Жеке даралық даму мақсаты (аффективті): жаңа тақырып бойынша АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді;

2. Дене импульсінің, күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі;

3. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, оны есеп шығаруда қолдана біледі;

4. Күнделікті өмірде жаңа үғымдарын мағынасын түсініп қолдана біледі, қорытынды жасайды;

5. Оқушылар жаңа сабақты меңгеруде Bilimland https://bilimland.kz сайтын қолдана біледі.

Cабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Cабақтың түрі: интербелсенді сабақ.   

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «Еркін жазу», Блум таксономиясының танымдық деңгейлері, АКТ, формативті бағалау: «Қолпаштау», «Бас бармақ» әдісі, суммативті бағалау: критерий арқылы бағалау, компьютерлi технология.

Оқыту формасы: жұп және жеке жұмыс.   

Интеграция: математика, информатика.   

Құрал-жабдықтар: компьютер, интернет, сағат, бағалау парағы, оқулық.

Сабақ  жоспары  /сабақ ұзақтығы: 45 мин/     

Сабақ кезеңдері

Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

Ресурстар

І. «Проблема айқындау» кезеңі

/8 мин/.

9 сынып және 10 сынып оқушылармен бірге мұғалім ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастырады: «Шаттық шеңбері» /2 минут/.

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы - 1

1. Білу /3 минут/: мұғалім оқушылардың теориялық алған білімдерін қайталап тексереді /семантикалық карта/.

 

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығады, мақсатын анықтайды /3 мин/.

 

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti

 

ІІ. «Проблема шешу» кезеңі

/17 мин/.

2. Түсіну /7 минут/: оқушылар компьютерді қолдана отырып, берілген сайттағы теорияны оқиды, видеоролик қарайды.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti

 

3. Қолдану /3 минут/: оқушылар өзін-өзі тексеру үшін сұрақтарға жауап береді, дәптерге жазады.  

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti

 

4. Талдау /5 минут/:  оқушылар тақырып бойынша шағын топ ішінде талқылап, мазмұндайды.

9 сынып және 10 сынып оқушылармен бірге сергіту сәті /2 мин/.

/сергіту сәті/

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

/20 мин/.

5. Жинақтау /14 минут/:  есептерді шығарады, дәптерге жазады.

6. Бағалау /5 минут/: оқушылар тақырыптың түсінгенін  қорытындылайды /рефлексия/.

Бағалау парағы: https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы - 2

Үй тапсырмасын беру (1 минут): §19, §20, 84 бет.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

1)

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы - 3

2) Рефлексия: 9 сынып және 10 сынып.

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы - 4

3) Фасет 10 сынып:

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы - 5

4) Физика пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау /10 сынып/

 

Бағалау критерилері

А /6 ұпай/

В /6 ұпай /

С /6 ұпай/

D /6 ұпай /

Ұпай

/24/

Білім

/3/

Түсіну

/3/

Қолдану

/6/

Талдау

/3/

Жинақтау

/3/

Бағалау, коммуникация /6/

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұпайды мектеп бағасына айналдыру шкаласы

  •  
  •  
  1.  
  1.  
  1.  
  1.  
  1.  
  1.  
  1.  
  1.  

 

Ең жоғары ұпай саны - 24

5 ұпайлық шкаладағы бағаның сипаты

5 ұпай – үздік

4 ұпай – жақсы

3 ұпай – қанағаттандырылған

2 ұпай – қанағатсыздандырылған

 

Критерий

 

Критерийдің сипаттамасы

Критерий бойынша ұпайлар

А

Білім және түсіну

Терминологияны, нақты деректерді, формулаларды, алдын-ала оқылған ақпаратқа сәйкес есте сақтау, олармен жұмыс тәсілдерін және құралдарын біледі.

Ақпараттық материалдарды жете түсінушілік және түсіну. 

6 ұпай

В

Қолдану

Жаңа нақты жағдайларда мәселені шешуде тапсырманы орындаудың қолайлы тәсілі ретінде алдын ала оқылған ақпаратты қолдану.

Қоршаған ортаға және технологияға қатысты өмірлік әлеуметтік, этикалық, нарықтық жағдайларда пән бойынша білімді қолдану. Оларды қолдану оқушылардың бойына білім алуға деген, өздерінің күшіне  сенімділіктің артуына көмектеседі.

6 ұпай

С

Анализ және синтез (ғылыми зерттеу)

Анализ: әртүрлі қорытынды алу үшін ынта жолдарын анықтап немесе себептерін, ой тұжырымдамасын осы ақпаратқа  жалпы ережені негіздеу үшін ақпараттық материалдарды құрайтын бөліктерге бөлу, үйрену (және ұйымдық құрылымды түсіну әрекеті).

Синтез: ғылыми зерттеу үрдісінде жаңа немесе өзіндік өнім жасауда креативті және жан-жақты алған білімін және біліктілігін  қолдана алу.

6 ұпай

Д

Коммуникация

Коммуникация:

Өз ұстанымын диолог және монологтік тәсілдерді қолдану арқылы басқаларға жеткізе алады.  Басқалардың да ұстанымын (көзқарасын, қызықтыратын нәрселерін) түсіну. Бірлесіп жұмыс істеу үшін басқалармен келісім жүргізе алу, олардың көзқарасы мен қызықтыратын мәселелерін өзінікімен ұштастыра алу.

6 ұпай

Жалпы ұпай

24

 

 

Қате туралы хабарландыру