Реактивті қозғалыс

Мадиярова Кәмшат Мұратқызы
Алматы қаласы, №188 мектеп-гимназия
3414
Физика
Тақырыбы:
Реактивті қозғалыс

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сақталу заңдары

Сабақ тақырыбы

Реактивті қозғалыс (К.Э. Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының жетістігі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

 мақсаттары (оқу бағдарламасына

 сілтеме)

– реактивті қозғалыс ұғымымен таныстыру және импульстің сақталу заңының негізінде оның ерекшеліктерін қарастыру;

– зымыранның құрылысы туралы мағлұмат беру;

– ғарышты игеру тарихы, ғарышкерлер туралы білімдерін толықтыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

– реактивті қозғалыстың туындауына тәжірибеде мысалдар келтіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

– реактивті қозғалыстың туындау процесін игереді;

– зымыран қандай бөліктерден тұратынын, қалай қозғалатынын  біледі.

Кейбір оқушылар:

– қажетті формуланы есеп шығаруда қолдана біледі.

Алдыңғы оқу

Импульс, импульстің сақталу заңы.

АКТ-ны қолдану дағдылары

,bkbvktyl   айтест   твинг

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Bilimland ресурстары, оқулық,  компьютер, АКТ интернет желісі, дескриптор, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Сабақтың басталуы

0-5 минут

шеңбері

1) Сәлемдесу.

2) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3) Топқа бөлу.

Сыныпты  түрлі-түсті стикердағы жазулар арқылы «Байқоңыр», «Зымыран», «Ғарышкер» деп аталатын топтарға бөлу.

4) Шаттық шеңберін құру.

Амандасады.

 

Стикердегі жазулар арқылы үш топқа бөлінеді.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Сабақтың ортасы

6-26 минут

топқа бөліну

 

Білімді тексеру. Тест тапсыру.

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=561223425# тестінің сілтемесі

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=546775239

«Миға шабуыл». Реактивті қозғалтқыш бөліктеріне тоқталу. Ол жану камерасынан және реактивті соплодан тұрады. Жану камерасында отынның химиялық энергиясы газдың жылулық энергиясына айналады. Ал реактивті соплода газдың жылулық энергиясы кинетикалық энергияға айналады.

зымыран

 https://twig-bilim.kz/kz/film/momentum сабағының сілтемесі. Ғарышты игеру.  уақыты 02.33  

«Осы бейнетаспада көрсетілген құрылғы қандай қозғалыс жасайды?» деп өтілетін сабақтың тақырыбын ашу.

 Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы реактивті қозғалыс. Қазіргі заманғы Жердің жасанды серіктерінің, планетааралық саяхат жасайтын зымырандардың қозғалысы реактивті қозғалысқа негізделген.

«Импульс, импульстің сақталу заңы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тесті орындау арқылы көрсетеді. Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бейнероликті көреді, ойларын ортаға салып, сабақтың тақырыбын ашады.

 

Жаңа тақырыпты жазады.

 

Bilimland ресурстарын қолдана  отырып реактивті қозғалыс, оны қолданатын құрылғылар туралы көп мағлұматтар алып, түсіндіріп  берейік.

Топтық жұмыс

 «Мағынаны ажырату»

І топ. «Байқоңыр». Реактивті қозғалыс.

ІІ топ. «Зымыран». Көп сатылы зымырандар.

ІІІ топ. «Ғарышкер». Ғарышты игеру жетістіктері. Ғарышкерлер.

 

І топ. «Байқоңыр»

1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/haryshtahy-qozhalys сабағының сілтемесін пайдаланады

Зымыранды ұшыру  3/8 

2. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/haryshtahy-qozhalys сабағының сілтемесі

Серпілу 4 / 8

ІІ топ. «Зымыран»

1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/haryshtahy-qozhalys сабағының сілтемесі

Зымыран сызбасы 4 / 8

2. https://bilimland.kz/kk/#lesson=11114 сабағының сілтемесі

Зымыранның құрылысы 4 / 8

ІІІ топ. «Ғарышкер»

https://bilimland.kz/kk/#lesson=18643

Ғарышты игеру жетістіктері. Ғарышкерлер.

Жаңа сабақты бейне таспалар көрсете отырып толықтыру. 

https://itest.kz/kz/lekciya_impuls  (Импульс) КОНСПЕКТ

Импульстің сақталу заңы техникада реактивті қозғалысты пайдалануда қолданылады.

Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Анықтама.  Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама – қарсы бағыт-талған (М-m)v2 импульс алады, v2 зымыран қабығының жылдамдығы. Сонда mv1= – (M-m)v2 болады.

Ал бұдан,

формула

Сопло арқылы газ неғұрлым жылдам қозғалса,  соғұрлым зымыран қабығының жылдамдығы  соғұрлым көп болады.

Теңіз жәндіктері де реактивті қозғалыс принципі бойынша қозғалады.

теңіз жәндіктері

Зымыранның негізгі массасы – жану камерасына сорғылар арқылы айдалатын тотықтырғышты отын. Отын жанғанда  жоғары температура мен жоғары қысымды газға айналады да, сопло арқылы сыртқа атқылап шығады.

Зымыранның жылдамдығын арттыру үшін көп сатылы етіп жасайды.

Сергіту сәті. Ғарышқа ұшу.

«Гагарин совершает первый полет в космос» бейнетаспадағы ұшуға дайындық кезін және ғарышқа ұшқан сәттеріндегі сөздерді қосу.

Шығармашылық жоба: Танымдық фильмдер. Байқоңыр

1. Неліктен ғарыш айлағы «Байқоңыр» деп аталған?

https://bilimland.kz/kk/#lesson=18657

2. К.Э. Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы.

циолковский

(1887–1935)

Ең алғаш рет Қытайда отшашуды көрсету үшін зымырандар пайдаланылған.
Ең алғаш рет зымыранды көлік құралы ретінде пайдалануды ұсынған орыс өнертапқышы Николай Иванович Кибалчич (1853–1881) болды.
Ресей ғалымы, өнертапқышы және оқытушысы Циолковский Константин Эдуардович XX ғасырдың басында ғарыштық ұшулар үшін зымырандарды қолдану идеясын ұсынылды. Циолковский зымырандардың қозғалыс теориясын әзірледі, олардың жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қорытып шығарды. Ең бірінші рет көп сатылы зымырандарды қолдануды ұсынды.
Ол-қазіргі замандағы космонавтика мен техниканың негізін қалаған ғалым.
 
3. Ғарыш саласының жетістігі.

ғарыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар компьютерді қолдана отырып, берілген сайттағы мәліметтермен танысып, топ арасында талқылап, постер қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы дәптерге жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнетаспаны көре отырып, зымыранның ұшу принципін бақылайды.

Көздерін жұмып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жоба қорғайды.

Сабақтың аяқталуы

27-40 минут

Сыныпты  түрлі түсті стикер түстері арқылы үш топқа бөлу.

Білімдерін тексеру.

Bilimland ресурсындағы тапсырмаларды орындайды

1-топ: https://bilimland.kz/kk/#lesson=11114/media/320483b жаттығуының сілтемесі. 4/8-беттер,1-жаттығу.

2-топ: https://bilimland.kz/kk/#lesson=11114/media/320483b жаттығуының сілтемесі 4/8-беттер, 2-жаттығу.

3-топ:  https://bilimland.kz/kk/#lesson=11114/media/320483b жаттығуының сілтемесі. 5/8-беттер, 1-жаттығу.

Оқулықпен жұмыс.

18-жаттығу. №1

Сабақ бойынша рефлексия

Бағалау.

Үйге тапсырма  §21, 18-жаттығу  №2

Стикер түстері арқылы үш топқа бөлінеді.

 

 

Тапсырманы орындайды

 

 

 

Есеп шығарады.

Рефлексия парағын толтырып зымыран сұлбасына жапсырады

Топ басшылары бағалайды.

Үй тапсырмасын жазып алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырманы күрделендіремін.

Дәлелдеу, талқылау, қорғау жұмыстарын ұйымдастырамын.

 

Формативті, суммативті бағалау түрлерін қолданамын.

Сергіту сәттерін ұйымдастырамын.

Техника қауіпсіздігін сақтауға жауаптымын.Осы қауіпсіздік ережесі бойынша ақпарат бейінді және толық болмауы мүмкін.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?
  • Жеткізбесе, неліктен?
  • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
  • Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
  • Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды. Оқушылар өз ойларын емін-еркін жеткізе алды. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды, бірақ шығармашылық жобаны қорғау сәттерінде қысқартуға тура келді. Оқушыларға сөйлеуге аз уақыт берілді.

Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Әр топ берілген тапсырманы дұрыс орындап отырды.

2: Берілген ресурс материалдарын үйлестіре отырып, шығармашылықпен жұмыс істей алды.Оқушылар ғаламтордағы сабаққа қажетті материалдарды дұрыс қолдана білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ұйымшылдықпен жұмыс істей алды.

2: АКТ-ны пайдалана отырып, бір-бірінің пікірлерімен келісе отырып жұмыс жасады.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Уақытпен жұмыс жасауға машықтандыру. Назардан тыс қалып қалатын оқушылармен жұмыс жасауға көңіл бөлу.

Қате туралы хабарландыру